Ұлыбританияда ер адамға "тірі өлік синдромы" диагнозы қойылды

28 Мамыр 2013, 05:27

Британдық Грэхам есімді жігіт тоғыз жылдан бері өзін зомбимін деп есептейді. Анығырақ айтқанда, өзін тірі өлікке санайды. Оған Котар синдромы деген диагноз қойған, ел арасында оны "тірі өлік синдромы"деп те атай береді, дейді The Telegraph. Айта кету керек, әлгі адамда бұл проблема қатты жүйке құлазуына ұшырағаннан және суицид жасауға талпыныс жасағаннан кейін пайда болған. Мұнан сегіз ай өткен соң ол дәрігерлерге миының өліп қалғанын айтқан. Сонан соң, «өліп қалғандықтан» темекі тартуды, сөйлеуді, тамақ ішуді доғарған. Сканирлеу науқастың вегетативтік, анестезиялық немесе ұйқыдағы жағдайдағы сияқты миының белсенділігінің төмендегенін көрсеткен. Бұл синдром – әлемде өте сирек кездеседі (бүгінге дейін бар болғаны бірнеше жүз пациент болған). Ол жүйке құлазуымен байланысты және әртүрлі сипатта көрініс табады. Baq.kz

Британдық Грэхам есімді жігіт тоғыз жылдан бері өзін зомбимін деп есептейді. Анығырақ айтқанда, өзін тірі өлікке санайды. Оған Котар синдромы деген диагноз қойған, ел арасында оны "тірі өлік синдромы"деп те атай береді, дейді The Telegraph.

Айта кету керек, әлгі адамда бұл проблема қатты жүйке құлазуына ұшырағаннан және суицид жасауға талпыныс жасағаннан кейін пайда болған. Мұнан сегіз ай өткен соң ол дәрігерлерге миының өліп қалғанын айтқан. Сонан соң, «өліп қалғандықтан» темекі тартуды, сөйлеуді, тамақ ішуді доғарған. Сканирлеу науқастың вегетативтік, анестезиялық немесе ұйқыдағы жағдайдағы сияқты миының белсенділігінің төмендегенін көрсеткен.

Бұл синдром – әлемде өте сирек кездеседі (бүгінге дейін бар болғаны бірнеше жүз пациент болған). Ол жүйке құлазуымен байланысты және әртүрлі сипатта көрініс табады.

Baq.kz

Бөлісу: