Мешітте терминал орнатылды

28 Мамыр 2013, 03:43

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Исламдағы зекет парызын насихаттау, парыздың орындалуына атсалысу, осы арқылы «ҚМДБ - Зекет қорының» жұмысын жандандыру, қарқындандыру бағытында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында өкіл имам Н.Исеновтің ұйымдастыруымен Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің негізгі кіреберісіне терминал орнатылып, «Зекет қорының» есепшоты ашылды. «Аталмыш терминал зекет берушіден пайыздық қосымша талап етпейді, әрбір адам ниет етіп зекет қорына деп берген қаражаты сол күйінде зекет есепшотына қабылданады. Осындай терминалдарды алда Екібастұз, Ақсу қалаларының мешіті және облыс орталығындағы қалалық басқа да мешіттерге орналастыру көзделіп отыр. Сонымен қатар әрбір жұма намазында зекет қоры туралы уағыз-насихаттар тұрақты айтылуда. Соның нәтижесінде зекет қорына терминал арқылы жамағаттар өз үлестерін қоса бастады»,-деп жазады muftiyat.kz. Baq.kz

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Исламдағы зекет парызын насихаттау, парыздың орындалуына атсалысу, осы арқылы «ҚМДБ - Зекет қорының» жұмысын жандандыру, қарқындандыру бағытында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында өкіл имам Н.Исеновтің ұйымдастыруымен Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің негізгі кіреберісіне терминал орнатылып, «Зекет қорының» есепшоты ашылды.

«Аталмыш терминал зекет берушіден пайыздық қосымша талап етпейді, әрбір адам ниет етіп зекет қорына деп берген қаражаты сол күйінде зекет есепшотына қабылданады. Осындай терминалдарды алда Екібастұз, Ақсу қалаларының мешіті және облыс орталығындағы қалалық басқа да мешіттерге орналастыру көзделіп отыр. Сонымен қатар әрбір жұма намазында зекет қоры туралы уағыз-насихаттар тұрақты айтылуда. Соның нәтижесінде зекет қорына терминал арқылы жамағаттар өз үлестерін қоса бастады»,-деп жазады muftiyat.kz.

Baq.kz

Бөлісу: