Биыл еліміз Ресейге 500 тонна ет экспорттамақ

27 Мамыр 2013, 11:13

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі брифингіне қатысқан «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі»АҚ басқарушы директоры Анас Баққожаев осылай деп мәлімдеді. Ол биылғы жылдың басты мақсаты – ет экспорты бойынша алғашқы қадам жасау екендігін атап өтті. Оның айтуынша, жыл соңына дейін еліміз Ресей нарығына орта есеппен 500 тонна жоғары сапалы ет экспорттайтын көрінеді. – Өйткені, бізде ет өндіру бойынша арнайы кластер құру көзделген. Ал осы кластерге 160 тан астам кәсіпкерлер қатысады, - деп атап өткен ол, аталмыш жобаның көкейкесті мәселелерінің бірі – мал азығын қамтамасыз ету екендігін де айналып өтпеді.  - Биылғы қыстың қатаң болғанына қарамастан, Жоба аясында мал сатып алған шаруашылықтар жем-шөпті уақытында даярлап, мал азығын қажетті деңгейде қамтамасыз ете білді. Мал қажеттілігінің нормасын ескерсек, орта есеппен алғанда жем-шөп базасы 120 пайызға орындалды. Осының арқасында шет елдерден әкелінген мал еліміздің табиғи шарттарына қолайлы бейімделіп, қажетті өнімділікті беруде, - деді Анас Ахатұлы. Baq.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі брифингіне қатысқан «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі»АҚ басқарушы директоры Анас Баққожаев осылай деп мәлімдеді. Ол биылғы жылдың басты мақсаты – ет экспорты бойынша алғашқы қадам жасау екендігін атап өтті.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін еліміз Ресей нарығына орта есеппен 500 тонна жоғары сапалы ет экспорттайтын көрінеді. – Өйткені, бізде ет өндіру бойынша арнайы кластер құру көзделген. Ал осы кластерге 160 тан астам кәсіпкерлер қатысады, - деп атап өткен ол, аталмыш жобаның көкейкесті мәселелерінің бірі – мал азығын қамтамасыз ету екендігін де айналып өтпеді. 
- Биылғы қыстың қатаң болғанына қарамастан, Жоба аясында мал сатып алған шаруашылықтар жем-шөпті уақытында даярлап, мал азығын қажетті деңгейде қамтамасыз ете білді. Мал қажеттілігінің нормасын ескерсек, орта есеппен алғанда жем-шөп базасы 120 пайызға орындалды. Осының арқасында шет елдерден әкелінген мал еліміздің табиғи шарттарына қолайлы бейімделіп, қажетті өнімділікті беруде, - деді Анас Ахатұлы.

Baq.kz

Бөлісу: