Бүгін Каир қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Мысыр мүфтиі шейх Шауқи Ибрахимнің қабылдауында болды. Кездесуге Қазақстанның Египет Араб Респубиликасындағы елшісі Берік Арын және наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарланды.
Бас мүфтилер басқосуында екі елдің діни басқармалары арасындағы әріптестік байланысты жаңа деңгейге көтеру, тәжірибе алмасу дәстүрін жандандыру, діни ілімі терең, жаңаша ойлайтын, ұйымдастыру қабілеті жоғары іскер имамдарды дайындау мәселесі талқыланды.
Шейх Шауқи Ибрахим әйгілі Әл-Азһар университеті тек мысырлық ілім ізденушілерді ғана оқытпайтынын жеткізді. «Қазақстаннан келетін жастарға университетіміздің есігі әрдайым ашық. Біз оқу-ағарту, басқа да салалар бойынша қазақстандық жастарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Мысыр мүфтиі.
Ержан қажы Маямеров діни басқарма ХХІ ғасыр талабына сай дін кадрларын дайындап, діни саладағы қызметті дөңгелетіп әкететін жан-жақты ілімі толысқан әмбебап имамдар тобын қалыптастыруға аса мән беріп, осы бағытта нақты қадамдар жасап жатқанын баяндады. «Біз бүгінде имам-молдаларға үлкен жауапкершілік жүктелген заманда өмір сүріп отырмыз. Кез келген елдің діни ахуалы дін кадрларының байыпты қадамы мен байсалды іскерлігінсіз тұрақтанбайтыны тағы ақиқат. Құрметті мүфти хазрет! Сізді ел игілігі мен діни ахуалды оңалту жолында бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырамын», - деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.
Кездесуде Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айына қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті. Ержан қажы Маямеров осы орайда ораза кезінде мешіттерде Құран хатым түсіруге қосымша имамдар бөлуді ұсынды. Мысыр мүфтиі шейх Шауқи Ибрахим бұл ұсынысты қабыл алып, 15 имамды Қазақстанға жіберуге уәде етті.
Бас мүфти мысырлық әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Ол шақыртуды қабыл алды.
Бүгінде еліміздің 4 имамы Каирде 3 айлық білім жетілдіру курсында тәжиребе алмасып, ілім алуда.
ҚазАқпарат.