«Астана» велокомандасы UCI рейтингісінде 5 сатыға көтерілді

27 Мамыр 2013, 09:15

«Астана» қазақстандық  велокомандасы Халықаралық велошабандоздар одағының (UCI) жаңартылған рейтингісінде 11-ші сатыдан 6-шы орынға көтерілді. Бұл туралы Vesti.kz жазады. Еншісіндегі 865 ұпаймен Британдық Sky Procycling құрамасы бірінші орынды сақтап қалды. Ресейлік «Катюша» (681 ұпай) екінші, испандық  Movistar (602) үшінші сатыға жайғасты. Қазақстандық құрама 473 ұпай жинаған. Жеке рейтингте «Джиро д'Италияда» жеңімпаз танылған «Астананың» капитаны итальяндық Винченцо Нибали 20-шы сатыдан 2-шіге көтерілді. Спортшы тізімнің көшбасшысы швейцар Фабиан Канчелларға (RadioShack-Leopard) 29 ұпай бойынша есе жіберіп отыр. Үшінші саты словакиялық Петер Саганға (Cannondale Pro Cycling Team) бұйырды. Ұлттық рейтингте 766 ұпаймен колумбиялықтар бірінші орынды иеленіп отыр. Итальяндықтар 720 ұпаймен 5-ден 2-ші орынға көтерілді. Ал бірден екі позицияны жоғалтқан испандықтар 707 ұпаймен - үшінші орында. Қазақстандық велошабандоздар төрт ұпаймен тізімнің 29-ыншы сатысына жайғасты. ҚазАқпарат.

«Астана» қазақстандық  велокомандасы Халықаралық велошабандоздар одағының (UCI) жаңартылған рейтингісінде 11-ші сатыдан 6-шы орынға көтерілді.

Бұл туралы Vesti.kz жазады.

Еншісіндегі 865 ұпаймен Британдық Sky Procycling құрамасы бірінші орынды сақтап қалды. Ресейлік «Катюша» (681 ұпай) екінші, испандық  Movistar (602) үшінші сатыға жайғасты. Қазақстандық құрама 473 ұпай жинаған.

Жеке рейтингте «Джиро д'Италияда» жеңімпаз танылған «Астананың» капитаны итальяндық Винченцо Нибали 20-шы сатыдан 2-шіге көтерілді. Спортшы тізімнің көшбасшысы швейцар Фабиан Канчелларға (RadioShack-Leopard) 29 ұпай бойынша есе жіберіп отыр. Үшінші саты словакиялық Петер Саганға (Cannondale Pro Cycling Team) бұйырды.

Ұлттық рейтингте 766 ұпаймен колумбиялықтар бірінші орынды иеленіп отыр. Итальяндықтар 720 ұпаймен 5-ден 2-ші орынға көтерілді. Ал бірден екі позицияны жоғалтқан испандықтар 707 ұпаймен - үшінші орында. Қазақстандық велошабандоздар төрт ұпаймен тізімнің 29-ыншы сатысына жайғасты.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: