«EXPO2017-Astana» журналының бірінші саны жарық көрді

27 Мамыр 2013, 09:05

Астанада жаңа «EXPO2017-Astana» қоғамдық-саяси журналының бірінші саны жарық көрді, басылым халықаралық көрмеге дайындық жайында егжей-тегжейлі жазады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «2017 жылы елімізде EXPO, көрмесі өткізуге дайындық жұмыстары басталып кетті. Осы бағытта барлық салалар жұмысын жүргізуде. Көрме жайы, оның бізге берері, қанша қаржы жұмсалады, дайындық жұмыстары қалай өтуде, бұл туралы тұрғындар білуі үшін кеңінен жариялануы керек. Осы тұрғысынан қарағанда басылым осы мақсат пен міндетке жауап береді», - дейді редакторлар клубының президенті, жоба бастамашысы Жолдыбай Кенжеболат. Оның айтуына қарағанда, бұл өңірлік деңгейдегілердің көрмеге дайындалуына ықпал етеді, сондай-ақ EXPO көрмесіне жаңа әрі инновациялық жоба ұсына алатын адамдарды табу жолын көрсетеді. «Журналда жаңа технология ашылуы және қолданысқа енгізілуі жайы туралы да жазылады. Басылым 3 мың данамен екі айда бір реттен шығады. Егер бәрі жақсы болса айына бір реттен шығып республика көлемінде тегін таратылады», - дейді Ж. Кенжеболат. Ол жаңа басылым бастамашылардың өз қаржысына шығарылғанын, алдағы уақытта оған мемлекеттік компанияларды демеушілік көмекке тарту жоспарланып отырғанын айта кетті. «Бұл мемлекеттік мақсат пен міндет, сондықтан оны қолдаушы компанияар да болуы тиіс. Журналдың шығыны бар екені сөзсіз, алайда біз «Самұрық Қазына» қоры демеушілік көрсетеді деп үмітенеміз», - деді редактор. Жаңа журнал Мәдените және ақпарат министрлігі, «Халық сөзі» республикалық газеті және Редакторлар клубтарының қолдауымен 3 тілде, қазақ және ағылшын мен орыс тілдерінде жарық көрген. 

Астанада жаңа «EXPO2017-Astana» қоғамдық-саяси журналының бірінші саны жарық көрді, басылым халықаралық көрмеге дайындық жайында егжей-тегжейлі жазады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«2017 жылы елімізде EXPO, көрмесі өткізуге дайындық жұмыстары басталып кетті. Осы бағытта барлық салалар жұмысын жүргізуде. Көрме жайы, оның бізге берері, қанша қаржы жұмсалады, дайындық жұмыстары қалай өтуде, бұл туралы тұрғындар білуі үшін кеңінен жариялануы керек. Осы тұрғысынан қарағанда басылым осы мақсат пен міндетке жауап береді», - дейді редакторлар клубының президенті, жоба бастамашысы Жолдыбай Кенжеболат.

Оның айтуына қарағанда, бұл өңірлік деңгейдегілердің көрмеге дайындалуына ықпал етеді, сондай-ақ EXPO көрмесіне жаңа әрі инновациялық жоба ұсына алатын адамдарды табу жолын көрсетеді.

«Журналда жаңа технология ашылуы және қолданысқа енгізілуі жайы туралы да жазылады. Басылым 3 мың данамен екі айда бір реттен шығады. Егер бәрі жақсы болса айына бір реттен шығып республика көлемінде тегін таратылады», - дейді Ж. Кенжеболат.

Ол жаңа басылым бастамашылардың өз қаржысына шығарылғанын, алдағы уақытта оған мемлекеттік компанияларды демеушілік көмекке тарту жоспарланып отырғанын айта кетті.
«Бұл мемлекеттік мақсат пен міндет, сондықтан оны қолдаушы компанияар да болуы тиіс. Журналдың шығыны бар екені сөзсіз, алайда біз «Самұрық Қазына» қоры демеушілік көрсетеді деп үмітенеміз», - деді редактор.
Жаңа журнал Мәдените және ақпарат министрлігі, «Халық сөзі» республикалық газеті және Редакторлар клубтарының қолдауымен 3 тілде, қазақ және ағылшын мен орыс тілдерінде жарық көрген. 

Бөлісу: