«Мәңгілік ел», Президент мәдениет орталығы

27 Мамыр 2013, 05:45

«Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы Салтанат қақпасының биіктігі – 20 метр. Бұл  - Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығының айғағы. Арқаның ішкі тұсында өрілген баспалдақпен Шолу алаңына шығуға болады. Арқаның өн бойы қазақтың ою-өрнегімен бедерленген. Төрт босағасына төрт мүсін орналастырылған. Олардың барлығы Қазақ елінің сан ғасырлық тарихында өлшеусіз үлес қосып, ерен еңбек сіңірген адамдардың жинақталған сипаты. Бірі – даналық пен парасаттылық нышаны – ақ сақалды ата болса, екіншісі – мейірімділік пен бауырмалдықтың белгісі – ақ жаулықты ана бейнесінде. Үшінші және төртінші мүсіндер ұлан-ғайыр жерімізді ата жауларымыздан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған айбынды батырымызды дәріптейді. Қақпаның маңдайшасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылған. Ал бір бүйіріне бедерленетін тайқазан егемен еліміздің ешқашан сарқылмас ырысын бейнелейді. Тайқазанның үстіне ілінген қалқан – қарсы келген қасқайып қарсы алатын қаһармандықтың белгісі. Ішкі қабырғасындағы ойықта әр дәуірдегі қазақ елінің даму белестері бедерленіп жазылған. Тәуелсіздіктің заңдық тұғыры -   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік декларациясы, Ақорда мен Бәйтеректің бейнелері басылған. Президент мәдениет орталығы (Қазіргі таңда бұл қасиетті шаңырақ Назарбаев орталығы леп аталады) Астананың архитектуралық ескерткішіне айналып отырған Президенттік мәдениет орталығы елордада шығыс үлгісімен салынған алғашқы ғимарат. Оның сәулет жобасын сызып берген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Мәдениет орталығы көп қырлы кешен, онда 570 мың шығармалар қоры бар кітапхана, 400 орындық концерт залы мен Ұлттық мұражай орналасқан. Ғимараттың жалпы аумағы – 19500 шаршы метр. Ғимарат үш бірдей талапты орындап тұр. Біріншіден, шығыс сәулет өнерін Астана архитектурасына сәтті енгізді. Екіншіден, қаланың рухани-мәдени қажетін жан-жақты өтей алатын шаңырақ ретінде қалыптасты. Үшіншіден, елордаға кіретін және одан шығатын жол тарамдарын үйлестіруші жүйе ретінде маңызды. Бүгінде орталық – Республикадағы Ұлттық мұражайлардың бірегейі. Онда көне заманға археологиялық және қолөнер бұйымдарының бай қоры сақтаулы. Мұнда 300 мыңға жуық экспонаттар қойылған, олардың әрқайсысы өзінше бағалы. Мұражай астаналықтардың ғана емес, шетелден келген меймандардың міндетті түрде аялдайтын орны. Елордада іс-сапармен болған мемлекет басшыларының барлығы дерлік осы шаңыраққа соғып, қазқа халқының байырғы бай мәдениетімен танысады. Мұражайдағы әсем киіз үй шаңырақ астындағы шаңырақ іспетті. Ол да, сәулетті күмбез де бүгін мен көнені ерекше үйлесімде жалғастырып тұрғандай.     Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)


«Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы

Салтанат қақпасының биіктігі – 20 метр. Бұл  - Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығының айғағы. Арқаның ішкі тұсында өрілген баспалдақпен Шолу алаңына шығуға болады. Арқаның өн бойы қазақтың ою-өрнегімен бедерленген. Төрт босағасына төрт мүсін орналастырылған. Олардың барлығы Қазақ елінің сан ғасырлық тарихында өлшеусіз үлес қосып, ерен еңбек сіңірген адамдардың жинақталған сипаты. Бірі – даналық пен парасаттылық нышаны – ақ сақалды ата болса, екіншісі – мейірімділік пен бауырмалдықтың белгісі – ақ жаулықты ана бейнесінде. Үшінші және төртінші мүсіндер ұлан-ғайыр жерімізді ата жауларымыздан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған айбынды батырымызды дәріптейді. Қақпаның маңдайшасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орнатылған. Ал бір бүйіріне бедерленетін тайқазан егемен еліміздің ешқашан сарқылмас ырысын бейнелейді. Тайқазанның үстіне ілінген қалқан – қарсы келген қасқайып қарсы алатын қаһармандықтың белгісі. Ішкі қабырғасындағы ойықта әр дәуірдегі қазақ елінің даму белестері бедерленіп жазылған. Тәуелсіздіктің заңдық тұғыры -   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік декларациясы, Ақорда мен Бәйтеректің бейнелері басылған.

Президент мәдениет орталығы

(Қазіргі таңда бұл қасиетті шаңырақ Назарбаев орталығы леп аталады)

Астананың архитектуралық ескерткішіне айналып отырған Президенттік мәдениет орталығы елордада шығыс үлгісімен салынған алғашқы ғимарат. Оның сәулет жобасын сызып берген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын.

Мәдениет орталығы көп қырлы кешен, онда 570 мың шығармалар қоры бар кітапхана, 400 орындық концерт залы мен Ұлттық мұражай орналасқан. Ғимараттың жалпы аумағы – 19500 шаршы метр.

Ғимарат үш бірдей талапты орындап тұр. Біріншіден, шығыс сәулет өнерін Астана архитектурасына сәтті енгізді. Екіншіден, қаланың рухани-мәдени қажетін жан-жақты өтей алатын шаңырақ ретінде қалыптасты. Үшіншіден, елордаға кіретін және одан шығатын жол тарамдарын үйлестіруші жүйе ретінде маңызды.

Бүгінде орталық – Республикадағы Ұлттық мұражайлардың бірегейі. Онда көне заманға археологиялық және қолөнер бұйымдарының бай қоры сақтаулы. Мұнда 300 мыңға жуық экспонаттар қойылған, олардың әрқайсысы өзінше бағалы. Мұражай астаналықтардың ғана емес, шетелден келген меймандардың міндетті түрде аялдайтын орны. Елордада іс-сапармен болған мемлекет басшыларының барлығы дерлік осы шаңыраққа соғып, қазқа халқының байырғы бай мәдениетімен танысады. Мұражайдағы әсем киіз үй шаңырақ астындағы шаңырақ іспетті. Ол да, сәулетті күмбез де бүгін мен көнені ерекше үйлесімде жалғастырып тұрғандай.    

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: