27 Мамыр 2013, 05:43
...2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары – «жаңа халықаралық университет», «Арнаулы қор» және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан «Интеллектуальдық мектептер» секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев
Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде интеллектуалды мектептер ашылды. Ең алғаш болып Астанада ашылған Назарбаева зияткерлік мектебінің мақсаты – әр түрлі салалар үшін бәсекеге қабілетті менеджерлерді дайындау. Әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде мектеп дамуының басты бағыттары айқындалған. Олар – әлемдік сапа және білімнің өтімділігі, дара оқыту және қабілетті дамыту, тілдердің үштұғырлығы, ақпараттық-коммуникацичлық инфрақұрылым. Ал оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптасытруға бағытталған біртұтас білім жүйесі құрайтын оқыту және тәрбиелеу процессінің бірыңғайлығы үнемі басышылыққа алынады.
Назарбаев зияткерлік мектебінің ерекшелігі – электрондық оқудың e-learning жүйесімен жарақталған. Бұл ата-ана өз баласының білім алу үдерісін қадағалап отыратын білім порталы. Яғни әрбір оқушыға портфолио ашылып, оған оқушының барлық бағалары мен мінездемелері тіркелген. Осылайша, баланың дамуына тұрақты мониторниг жасап, оның білім алуының нәтижелігін қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта мектеп заманауи оқу жабдықтарымен, smart-сыныптарымен, тіпті телестудиямен жабдықталған.
Сондай-ақ, мектепте педагогикалық және ақпараттық технологтялардың ықпалдастық орталығы, медиатека, рототехникалық зертхана, ақпараттық анықтама жүйесі жұмыс жасайды. Мектептердің оқу бөлмелерінің барлығы жылдамдығы жоғары Интернетке қосылған.
Жалпы алғанда Назарбаев зияткерлік мектебінде бірнеше ғылыми сыннан іріктеліп, сүрінбей өткен таңдаулы оқушылар ғана білімін жалғастырады. Физика-математика пәндері тереңдетіліп оқытылатын білім ордасында бүгінде 800-ден астам шәкірт оқып жатыр. Оларға дәріс өтетін мұғалімдердің жиырма жетісі шет елдің таңдаулы оқу орындарынан келген. Шетелдік педагогтар негізінен жаратылыстану бағыты бойынша сабақ береді.
Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде бакалавриат бағыты бойынша да білім беретін оқу ордасының бары белгілі. Мұндағы ұстаздар қауымы келесі жылдан бастап халықаралық бакалавриат мәртебесін алуға дайындалып жатыр. 2013 жылдың көктемінде келетін шетелдік мамандардың мектеп дайындығына көңілдері толып жатса келесі оқу жылында шәкірттер жаңа үлгі бойынша білім алатын болады.
Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)