27 Мамыр 2013, 05:41
Қазақ ұлттық өнер университеті 1998 жылы 31 ҚР Үкіметінің қаулысымен Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясының негізінде құрылды. Республикамыздың солтүстік аймағында жоғары музыкалық оқу орнын ашу идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын. Өнер саласындағы жаңа жоғары оқу орнының алдына маңызды міндеттер қойылды, ол – Астана қаласы мен солтүстік аймақтардың музыкалық инфроқұрылымын жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету. Жас Астана қалыптасқалы оның мәдени өмірін қамтамасыз ететін, болашақта оның рухани негізін құрайтын әртістер мен музыка мамандары, орындаушы ұжымдардың қажеттілігі арта түсті. Музыка академиясының ашылуы осы мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болды.
Қазақ ұлттық музыка академиясын ҚР халық әртісі, профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаева басқарады. Айман Қожабекқызы – әлемдік музыка кеңістігінде танымал қазақстандық скрипкашы. Ректордың табысты жұмыстарының арқасында 2009 жылы 12 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазақ ұлттық музыка академиясы» жаңа мәртебеге ие болып, «Қазақ ұлттық өнер университеті» атауын иеленді. Енді университет дамудың жаңа сатысына шықты.
Университет үзіліссіз білім алу жүйесінің өз саласындағы беледі үлгісі болып табылады. Мектеп-колледж-бакалавриат-магистратура-докторантура, осы база әр алуан өнер саласындағы мамандар дайындалады.
2010 жылы жаңа өнер мамандықтары ашылды: мәдениеттану, өнертану, хореография, кескiндеме, мүсiн, режиссура (ойын және деректі кино), операторлық өнер, сценография (киiм дизайны, грим-визаж), кiтапхана iсі. Қазіргі кезде Университетте 6 факультет жұмыс істейді: музыка, театр, кино және ТВ, дәстүрлi музыкалық өнер, хореография, бейнелеу өнерi, әлеуметтiк-гуманитарлық ғылым.
Білім мен өндіріс тығыз байланыста жүретін Университеттің өндірістік базасы – Астанадағы жұмыс істейтін барлық мәдени ұжымдар. Студенттер музыка өнері саласында 500 халықаралық байқаулардың және 400 республикалық байқаулардың лауреаттары атанды. Оқу ордасын тәмамдаған түлектер өз мамандықтары бойынша жүз пайыз жұмысқа орналасады. Мұнда өнер мен мәдениет саласындағы танымал мамандар, ғылым кандидаттары мен докторлары, халық әртістері мен еңбек сіңірген әртістер, мәдениет қайраткерлері жұмыс істейді.
Университет құрылымының бірі – өнертану ғылыми-зерттеу институты. Келешекте ЮНЕСКО кафедрасы мен фольклор кабинетін ашу жоспарлануда. ҚазҰӨУ-ің үздіксіз дамуы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың университет ұжымының алдына қойған міндеттердің табысты жүзеге асырылуының кепілі.
Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)