27 Мамыр 2013, 05:40
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығы бойынша Еуразия одағының идеясын жүзеге асыруға және әлемдік интеграциялық процестерге белсенді қатысуын, еліміздің халықаралық байланыстарының кеңеюін еске ала отырып 1996 жылы 23 мамырда негізі қаланды.
2001-2003 жылдары Ақбұлақ арнасының сол жағалауында осы заманғы білім беру орталығы – Еуразиялық ұлттық университеті бой көтерді.
Университет ауқымы жағынан алғанда бір жүйеге бағындырылған тұтас қалашық болып табылады. Оқу-лабораториялық, ғылыми-зерттеу, әкімшілік басқару, жатақхана корпустары, кітапханалар – бәрі бір шаңырақтың астына біріктірілген. Олардың әрқайсысы, жекелей алғанда, дара архитектуралық шешімдер.
Еуразия университеті Астанамыз бен елімізде жалпы білім беру, зерттеу және мәдени ағарту орталығы болып үш бірдей тапсырманы орындауда. Бірінші, университеттің мәдени-мемориалды орталығы, ежелгі түркі жазбалары музейі, онда түркі мәдениеті мен тарихының құнды экспонаттарын жинақтау, екінші, қазақ халқының қажырлылығын, тәуелсіздігін, жаңаруын кейіптген ХIIIғасырдағы түркі қолбасшысы Күлтегіннің құрметіне ескерткіш тас қабірнама, Л.Н. Гумилевтің тарихи әдеби музей кабинеті, ғылыми, мәдени және рухани мұрасын үйренетін, оқу әдістемелік «Өзін-өзі тану» кабинеті, Абай, А. Байтұрсынұлы, Ә. Марғұлан, Қ. Ақышев дәрісханалар. «Пушкин қонақүйі» орналасқан.
Университеттің 58 кафедрасында 1 мыңға жуық оқытушы, 200 ғылым докторы және 400 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Оқытушылардың орта жасы – 35 жас.
Университет ірі шетелдік мамандармен Ph.D докторларын дайындау бағдарламасын бірігіп орындауда. 2007 жылы математика бойынша Ph.D докторанттарының бірінші бітіруі жүзеге асты. «Қазақстан-Ресей» достық ғылым-білім беру аумағындағы ұзақ мерзімді бағдарламаны жүезеге асыру үшін ЕҰУ-і мен Петербор физика технологиялық ғылыми-білім беру орталығы РҒА, Нобель сыйлығының лауреаты Ж.И.Алферовтың басқаруымен ұзақ мерзімді, білім беру және мәдени қызметтестік келісім-меморандумына қол қойылды. Университетте жапон, неміс, үнді, иран мәдени орталығы және осы халықтардың дәстүрі, әдет-ғұрпы ертедегі мәдениетімен танысуға, тілді терең үйренуге болады. ЕҰУ-і Швейцария үкіметінің қолдауымен халықаралық қордың «Мінсіз іскерлік атағы үшін» және «Іс тәжірибесіндегі жоғары сапа» алтын медалімен (2004 ж), Қазіргі қоғамдағы ақыл ойдың дамуына қосқан үлесі үшін (Оксфорд, 2006), Сократ атындағы халықаралық марапаттау, Достық алтын жұлдызы, «ТМД үздік серіктестігі» (2007 ж.) номинациясымен марапатталды.
Астананың халықаралық өкілетті қызметін ЕҰУ-і орындайды. Онда саяси және қоғам қайраткерлері, атақты ғалымдар, РФ Президенті В.Путин, Ватикан басшысы Папа Иоанн Павел II, Түркия Президенті А. Сезер, Польша Президенті А. Квасьневский, Румыния Президенті Э. Константинеску, МалайзияЖоғары Үкіметі Саид Агонг ХII, АҚШ Мемлекеттік хатшысы К.Райс, Беларусь Республикасының Президенті В.В. Фрайберге, Нобель сыйлығының лауреаты, РҒА вице-президенті Ж.И. Алферов, жазушылар Ш.Айтматов және О. Сүлейменов, тағы басқа ресми тұлғалар келіп, мемлекет басшыларының дәрістерін оқиды.
Еуразия Ұлттық Университеті студенттерінің келешегі кемел, болашағы зор.
Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)