ҚР Тұңғыш Президентінің музейі

27 Мамыр 2013, 05:22

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі Астана қаласының аса көрікті ғимараттарының бірі болып саналатын Елбасының бұрынғы резиденциясында 2005 жылы 4 шілде күні ҚР тұңғыш Президентінің Музейі өз жұмысын бастады. Бірегей жиһаздары мен бүгін бір кешенді құрастыратын ішкі көрінісі сол қалпында сақталған. Музей экспозициясының алғашқы залы ұлан-байтақ қазақ жерінің картасы мен Қазақ елінің тұңғыш Президентінің Ант қабылдау салтанатынан басталған. Музейдің ғылыми-анықтамалық, есептік жүйелеу және сақталу жүйесі әлемнің алдыңғы қатарлы үлкен музейлерімен парапар. Бүгінде музей коллекциясы 62 мың бірлікті құрайды. Олар мұрағаттық –жазба, басылым материалдары, кино және суретті құжаттар, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, қару-жарақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары және құжаттары, мемлекет басшысы мараптталған сыйлардың бірегей коллекциясы. Музей қорында мемлекет басшысына арнайы алыс-жақын шет мемлекеттерден келген сыйлықтар мен заттық бұйымдар, шетелдер мен ТМД елдері басшыларынан алған Елбасының жоғары наградалар тобы және тағы басқа да заттар бар. Сондай-ақ, музей төрінен Елбасының дүниежүзіндегі көптеген елдерде шыққан еңбектері мен атақты ғалымдардың да туындылары лайықты орын алған. Одан соң Елбасының қарапйым металлургтан қаһарман Мемлекеттік Басшыға дейінгі аралықты суреттеп, өзіндік жолы, қыруар істер басындағы кемеңгерлік шешімдерді жүзеге асырудағы қажырлы еңбегін айқындайтын сәттерді көрсете алатын мұрағаттық материалдармен қатар, Днепродзержинск, Теміртау қарағанды сияқты өндірісті қалалардағы үлкен еңбек жолына араласқан тарихи кезеңдерін баяндайтын құнды құжаттар жинақталған. Музей орналасқан ғимаратта Президенттің 1-ші және 2-ші қабылдау бөлмелері мен жұмыс кабинеті де өзгеріссіз сақталып, экспозиция құрамына енгізіліп, еңкейген кәрі мен еңбектеген сәбилерге шейін құрметпен қарауға үйрететін өнегелі сәттері бейнеленген. Еліміздің бұғанасы қата қоймаған шақта Президентіміз көрегендікпен ел ордасын Астанаға көшіруі тағлымы тереңнен толғанған тарихи оқиға екені баршамызға белгілі. Аспан астында арайланған Астанадағы Ақ Орданың көркеюі, әлем елдерінен келген қонақтарының таң-тамаша қалуы, ешбір қалаға ұқсамайтын алып құрылыстардың сәнді де сәулетті қаланың болашыған қосып отырған Елбасының ерекше қамқорлығы да шынайы суреттелген.   Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі

Астана қаласының аса көрікті ғимараттарының бірі болып саналатын Елбасының бұрынғы резиденциясында 2005 жылы 4 шілде күні ҚР тұңғыш Президентінің Музейі өз жұмысын бастады. Бірегей жиһаздары мен бүгін бір кешенді құрастыратын ішкі көрінісі сол қалпында сақталған. Музей экспозициясының алғашқы залы ұлан-байтақ қазақ жерінің картасы мен Қазақ елінің тұңғыш Президентінің Ант қабылдау салтанатынан басталған.

Музейдің ғылыми-анықтамалық, есептік жүйелеу және сақталу жүйесі әлемнің алдыңғы қатарлы үлкен музейлерімен парапар. Бүгінде музей коллекциясы 62 мың бірлікті құрайды. Олар мұрағаттық –жазба, басылым материалдары, кино және суретті құжаттар, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, қару-жарақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары және құжаттары, мемлекет басшысы мараптталған сыйлардың бірегей коллекциясы.

Музей қорында мемлекет басшысына арнайы алыс-жақын шет мемлекеттерден келген сыйлықтар мен заттық бұйымдар, шетелдер мен ТМД елдері басшыларынан алған Елбасының жоғары наградалар тобы және тағы басқа да заттар бар.

Сондай-ақ, музей төрінен Елбасының дүниежүзіндегі көптеген елдерде шыққан еңбектері мен атақты ғалымдардың да туындылары лайықты орын алған.

Одан соң Елбасының қарапйым металлургтан қаһарман Мемлекеттік Басшыға дейінгі аралықты суреттеп, өзіндік жолы, қыруар істер басындағы кемеңгерлік шешімдерді жүзеге асырудағы қажырлы еңбегін айқындайтын сәттерді көрсете алатын мұрағаттық материалдармен қатар, Днепродзержинск, Теміртау қарағанды сияқты өндірісті қалалардағы үлкен еңбек жолына араласқан тарихи кезеңдерін баяндайтын құнды құжаттар жинақталған.

Музей орналасқан ғимаратта Президенттің 1-ші және 2-ші қабылдау бөлмелері мен жұмыс кабинеті де өзгеріссіз сақталып, экспозиция құрамына енгізіліп, еңкейген кәрі мен еңбектеген сәбилерге шейін құрметпен қарауға үйрететін өнегелі сәттері бейнеленген.

Еліміздің бұғанасы қата қоймаған шақта Президентіміз көрегендікпен ел ордасын Астанаға көшіруі тағлымы тереңнен толғанған тарихи оқиға екені баршамызға белгілі. Аспан астында арайланған Астанадағы Ақ Орданың көркеюі, әлем елдерінен келген қонақтарының таң-тамаша қалуы, ешбір қалаға ұқсамайтын алып құрылыстардың сәнді де сәулетті қаланың болашыған қосып отырған Елбасының ерекше қамқорлығы да шынайы суреттелген.  

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: