Тұңғыш Президент күні

27 Мамыр 2013, 05:13

1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді. Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы  - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды.   Тізгінді қолға лаған күні-ақ Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, бірақ жарқында жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уәде еткен.  Расында, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғыл жолына түсу Нұрсұлтан Назарбаевтың берік ұстанған бағыты. Сондықтан да былтырғы жылы Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөнінідегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылады. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – елеміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты» деп жазылды. Рас, Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің Туы көкте көтерілді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнап, өзінің қазақстандық даму жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Ядролық қарусыз әлемге қарай қадам басқан жаһандық қозғалыстардың бірден бір бастауы осындай Президент шешімінен туындаған еді. Осы жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Қазақстан азаттықтың арқасында Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, аз уақыттың ішінде биік белестерді бағындырды. ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСІШК сияқты ұйымдардың белсінділігі артты. ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ секілді іргелі ұйымдарға төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшылары 3 жыл сайын Қазақстанды бас қосып, пікір алмасу алаңына айналдырды. Бұның өзі Елбасының ерлікке парапар істерінің нәтижесі болатын. «Алдымен – экономика, сонан соң саясат» қағидаты арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарды. Тәуелсіздік жылдары бар-жоғы 700 долларды құраған ішкі жалпы өнім бүгінде 11 мың долларға дейін жетті. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қолға алынды. Онда инновациялық үрдіс қосылды. Мұның бәрі ел экономикасының мүлдем жаңа, мүлдем басқа арнаға бұрылғанын айғақтайды. Ендеше Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өту, оны халықтық мерекеге айналдыруда Астана қаласында көптеген шаралар өтті. Президенттің жаңа байрағы көтерілді, Ұлт Көшбасшысы жастармен кездесті, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға атаулы көмек тағайындалды, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жандарға баспана берілді, Ұлы Отан және ауған соғысының ардагерлеріне ақшалай көмек көрсетілді, елорданың барлық балалар үйлері мен интернаттарға қамқорлық көрсетілді, ел үшін еңбегімен танылған азаматтар арнайы мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды, Елбасының қатысуымен елдігімізді көрсететін «Бір Отан, Бір тағдыр, Бір Елбасы!» атты мәдени шара ұйымдастырылды, сол күні туылған сәбилер мен аналарға ескерткіш сыйлықтар берілді. Жас ата-аналар дүние есігін ашқан бөбектерінің аттарын Нұрсұлтан, Нұргүл, Нұрсәуле деп қойыпты.   Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді.

Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы  - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды.   Тізгінді қолға лаған күні-ақ Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, бірақ жарқында жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уәде еткен.  Расында, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғыл жолына түсу Нұрсұлтан Назарбаевтың берік ұстанған бағыты. Сондықтан да былтырғы жылы Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөнінідегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылады. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – елеміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты» деп жазылды.

Рас, Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің Туы көкте көтерілді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнап, өзінің қазақстандық даму жолын таңдады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Ядролық қарусыз әлемге қарай қадам басқан жаһандық қозғалыстардың бірден бір бастауы осындай Президент шешімінен туындаған еді. Осы жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды.

Қазақстан азаттықтың арқасында Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, аз уақыттың ішінде биік белестерді бағындырды. ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСІШК сияқты ұйымдардың белсінділігі артты. ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ секілді іргелі ұйымдарға төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшылары 3 жыл сайын Қазақстанды бас қосып, пікір алмасу алаңына айналдырды. Бұның өзі Елбасының ерлікке парапар істерінің нәтижесі болатын. «Алдымен – экономика, сонан соң саясат» қағидаты арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарды. Тәуелсіздік жылдары бар-жоғы 700 долларды құраған ішкі жалпы өнім бүгінде 11 мың долларға дейін жетті. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қолға алынды. Онда инновациялық үрдіс қосылды. Мұның бәрі ел экономикасының мүлдем жаңа, мүлдем басқа арнаға бұрылғанын айғақтайды.

Ендеше Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өту, оны халықтық мерекеге айналдыруда Астана қаласында көптеген шаралар өтті. Президенттің жаңа байрағы көтерілді, Ұлт Көшбасшысы жастармен кездесті, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға атаулы көмек тағайындалды, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жандарға баспана берілді, Ұлы Отан және ауған соғысының ардагерлеріне ақшалай көмек көрсетілді, елорданың барлық балалар үйлері мен интернаттарға қамқорлық көрсетілді, ел үшін еңбегімен танылған азаматтар арнайы мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды, Елбасының қатысуымен елдігімізді көрсететін «Бір Отан, Бір тағдыр, Бір Елбасы!» атты мәдени шара ұйымдастырылды, сол күні туылған сәбилер мен аналарға ескерткіш сыйлықтар берілді. Жас ата-аналар дүние есігін ашқан бөбектерінің аттарын Нұрсұлтан, Нұргүл, Нұрсәуле деп қойыпты.  

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: