Ақорда, Тәуелсіздік сарайы

27 Мамыр 2013, 05:08

Ақорда             Ақорда деген айшықты атаумен қазақ тарихын бүгінгі заманмен ұштастырып тұрған осынау алтын шаңырақ ел сәулет өнерінің аса үздігі.  Ресми тілде Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы делінетін әсем де салтанатты ғимарат – сәулетшілердің тілімен айтқанда жаңа әкімшілік орталықтың жинақтаушы тұғыры. Резиденция өзіне ең таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр. Негізгі кескін ретінде классикалық кубиктік форма таңдалып алынған. Ғимарат қабырғаларға сіңірілген колонналар арқылы салтанатты реңде, сырт қарағанда әрі салмақты, әрі жеңіл.             Ақорданың аумақты да еңселі күмбезі көксеңгірленіп Арқа аспанымен астасып жатыр. Күмбездің ұшар биігінде жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын жайып жіберген қыран – тәуелсіз елдің, еңсесін тіктеген қазақ ұлысының кең әлемге еркін құлаш ұрған шағы. Жер шарын сұр жебе көтері тұр. Жебе тарихтың талай тар жол, тайғақ кешуін бастан кешірген халықтың қаһармандығын, айбаты мен сұңқар сестілігін, мұқалмас жігерін білдірсе, жұмыр жер адамзаттың алтын ұясы ұғымын ұқтырады. Жер-ана ардағың да, қасиетің де, қастерлің де, ол сондықтан да бәрінен биік қойылған. Ғимараттың бүкіл болмыс-бітімінен көкірегі ояу қазіргі толқын тың мәнерді – еуразиялық сәулеткерлік қолтаңбаны тани алар еді. Шығыстың сәулет үлгісімен фасадтар арқылы жарасымдылық тапқан бұл мәнерді басқаша атау мүмкін емес. Осы жағынан келгенде Ақорда Қазақстанда жаңа сәулет бағытын тудыра алатын аса құнды сәулет туындысы. Ақорданың ішкі келбеті де ұлттық өнер мен дәстүрге мол. Бес қабатты ғимараттың бірінші қабатында орталық Салтанатты холл, ҚР Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізілетін Салтанатты зал, Президенттің БАҚ өкілдерімен кездесуі мен пресс-конференция өткізуге арналған залдар және қысқы бау орналасса, екінші қабатында кеңсе бөлмелері, ал үшінші және төртінші қабатында кітапхана мен бірнеше зал орналасқан. Резиденцияда ел Президенті жоғары мәртебелі шетел қонақтарын БАҚ өкілдерін қабылдап, мемлекеттік наградалар тапсырады, мәжілістер мен әр түрлі салтанатты жиындар өткізеді.   Тәуелсіздік сарайы             Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан назарбаев ресми түрде тұсауын кесіп, есігін ашқан «Тәуелсіздік сарайы» еліміз Тәуелсіздігі мерекесінің 17 жылдығының қарсаңында шаңырақ көтерді. Он жылды ойқастай өтіп, әлемге атын әйгілеп үлгерген жас астананың төрінде ТМД елдерінде салына қоймаған сәулетті Сарай тұрғызу, оны тәу етер жалғыз киеміз – Тәуелсіздікке арнай – Елбасының идеясы.  Енді, мені, сол ой-арман ақиқатқа айналып, «қазақ елі» монументінің заңда жылғасы ретінде қазақтың керегесімен қоршалған алып Сарай да шаңырағын тіктеп үлгерді.             Мұнда бір мезетте 4 мыңға жуық адам сыып кететін жиналыс залы бар. Бұл залдың тағы бр таңқаларлығы – керек кезінде бір тетікті басу арқылы жылжымалы қабырғалар шығарып, төртке бөліп тастауға болады. Сөйтіп, алып бөлмесіз, шағын-шағын төрт залға айналады. Акустикасы да заманауи технологиямен жабдықталып, соңғы ғылыми жетістіктермен жарақтанған Үлкен зал кез келген халықаралық дәрежедегі басқосулар мен конференцияларды ұялмай ұйымдастыруға таптырмас орын.             Екінші қабатқа өнер мұражайы орналасқан. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның тарихына жасалған шағын дерекнамадан да көптеген мағлұмат алып, көкірек көзіңіз ашыла түседі. Осыдан кейін үшінші қабатқа көтерілсеңіз, «Астана: кеше, бүгін, ертең...» атты тағы да бір кереметке тап боласыз. Мұнда Елорданың есте жоқ ескі замандардан бастап, бүгінге дейінгі тарихын, қалаберді, келешегі туралы да көп мағлұмат аласыз. Көрмені көзайым қыла жүріп, тағы бір ғажайып жобаны көзіңіз шалады. Ай санап емес, күн санап жетілген Астанамыз алақанға салып қойғандай көз алдыңызға жайылады. Оңтүстік Кореяның «Model Park» деп аталатын компаниясының 600 есе кішірейтіп жасаған Астана макеті Елордамыздың қаншалықты әсем де көркем, сымбатты да сұлу екенін паш ететіндей. Макетке қарап тұрып, сүйікті қалаңды құшағыңа басқың келеді. Макеттен өтіп, алға қарай оза түссеңіз, 4D кинотеатры есігін айқара ашады. Мұнда техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған 45 орынды зал орналасқан.        Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)


Ақорда

            Ақорда деген айшықты атаумен қазақ тарихын бүгінгі заманмен ұштастырып тұрған осынау алтын шаңырақ ел сәулет өнерінің аса үздігі.  Ресми тілде Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы делінетін әсем де салтанатты ғимарат – сәулетшілердің тілімен айтқанда жаңа әкімшілік орталықтың жинақтаушы тұғыры.

Резиденция өзіне ең таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр. Негізгі кескін ретінде классикалық кубиктік форма таңдалып алынған. Ғимарат қабырғаларға сіңірілген колонналар арқылы салтанатты реңде, сырт қарағанда әрі салмақты, әрі жеңіл.

            Ақорданың аумақты да еңселі күмбезі көксеңгірленіп Арқа аспанымен астасып жатыр. Күмбездің ұшар биігінде жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын жайып жіберген қыран – тәуелсіз елдің, еңсесін тіктеген қазақ ұлысының кең әлемге еркін құлаш ұрған шағы. Жер шарын сұр жебе көтері тұр. Жебе тарихтың талай тар жол, тайғақ кешуін бастан кешірген халықтың қаһармандығын, айбаты мен сұңқар сестілігін, мұқалмас жігерін білдірсе, жұмыр жер адамзаттың алтын ұясы ұғымын ұқтырады. Жер-ана ардағың да, қасиетің де, қастерлің де, ол сондықтан да бәрінен биік қойылған.

Ғимараттың бүкіл болмыс-бітімінен көкірегі ояу қазіргі толқын тың мәнерді – еуразиялық сәулеткерлік қолтаңбаны тани алар еді. Шығыстың сәулет үлгісімен фасадтар арқылы жарасымдылық тапқан бұл мәнерді басқаша атау мүмкін емес. Осы жағынан келгенде Ақорда Қазақстанда жаңа сәулет бағытын тудыра алатын аса құнды сәулет туындысы.

Ақорданың ішкі келбеті де ұлттық өнер мен дәстүрге мол. Бес қабатты ғимараттың бірінші қабатында орталық Салтанатты холл, ҚР Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізілетін Салтанатты зал, Президенттің БАҚ өкілдерімен кездесуі мен пресс-конференция өткізуге арналған залдар және қысқы бау орналасса, екінші қабатында кеңсе бөлмелері, ал үшінші және төртінші қабатында кітапхана мен бірнеше зал орналасқан. Резиденцияда ел Президенті жоғары мәртебелі шетел қонақтарын БАҚ өкілдерін қабылдап, мемлекеттік наградалар тапсырады, мәжілістер мен әр түрлі салтанатты жиындар өткізеді.

 

Тәуелсіздік сарайы

            Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан назарбаев ресми түрде тұсауын кесіп, есігін ашқан «Тәуелсіздік сарайы» еліміз Тәуелсіздігі мерекесінің 17 жылдығының қарсаңында шаңырақ көтерді. Он жылды ойқастай өтіп, әлемге атын әйгілеп үлгерген жас астананың төрінде ТМД елдерінде салына қоймаған сәулетті Сарай тұрғызу, оны тәу етер жалғыз киеміз – Тәуелсіздікке арнай – Елбасының идеясы.  Енді, мені, сол ой-арман ақиқатқа айналып, «қазақ елі» монументінің заңда жылғасы ретінде қазақтың керегесімен қоршалған алып Сарай да шаңырағын тіктеп үлгерді.

            Мұнда бір мезетте 4 мыңға жуық адам сыып кететін жиналыс залы бар. Бұл залдың тағы бр таңқаларлығы – керек кезінде бір тетікті басу арқылы жылжымалы қабырғалар шығарып, төртке бөліп тастауға болады. Сөйтіп, алып бөлмесіз, шағын-шағын төрт залға айналады. Акустикасы да заманауи технологиямен жабдықталып, соңғы ғылыми жетістіктермен жарақтанған Үлкен зал кез келген халықаралық дәрежедегі басқосулар мен конференцияларды ұялмай ұйымдастыруға таптырмас орын.

            Екінші қабатқа өнер мұражайы орналасқан. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның тарихына жасалған шағын дерекнамадан да көптеген мағлұмат алып, көкірек көзіңіз ашыла түседі.

Осыдан кейін үшінші қабатқа көтерілсеңіз, «Астана: кеше, бүгін, ертең...» атты тағы да бір кереметке тап боласыз. Мұнда Елорданың есте жоқ ескі замандардан бастап, бүгінге дейінгі тарихын, қалаберді, келешегі туралы да көп мағлұмат аласыз. Көрмені көзайым қыла жүріп, тағы бір ғажайып жобаны көзіңіз шалады. Ай санап емес, күн санап жетілген Астанамыз алақанға салып қойғандай көз алдыңызға жайылады. Оңтүстік Кореяның «Model Park» деп аталатын компаниясының 600 есе кішірейтіп жасаған Астана макеті Елордамыздың қаншалықты әсем де көркем, сымбатты да сұлу екенін паш ететіндей. Макетке қарап тұрып, сүйікті қалаңды құшағыңа басқың келеді.

Макеттен өтіп, алға қарай оза түссеңіз, 4D кинотеатры есігін айқара ашады. Мұнда техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған 45 орынды зал орналасқан.

       Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: