Астана осылай салынды

27 Мамыр 2013, 05:05

Әрине, саяси-экономикалық маңызы ерекше жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Астаналық талап тым қатаң еді. Президент құрылыстың бұрынғы, әбден сартап болған әдісьерінен бас тартуды, осы заманғы технологияны игеруді, сәулеттік үздік шешімдерді талап етті. Қала XXI ғасырдың деңгейінде салыну керек-ті. Онда бой көтеретін әр ғимарат бізден кейінгі сан ұрпақтың талғамынан шығуға тиі болатын. Бір сөзбен айтқанда, Астана әлемдік сынға жауап бере алатын, барлық жағынан мінсіз шаһарға айналуы қажет еді. Мұндай күрделі міндет әлемдік сәулет және құрылыс мәдениетін меңгергенде ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да Астананың Бас жоспарын айқындауға әлемге танымал дарынды сәулетшілер жұмылдырылды. Еуропаның үздік құрылыс компаниялары тартылды. Олардың тың идеялары мен өндірістік мүмкіндіктрі байқаулар арқылы сыннан өткізіліп, зор жауапкершілікпен сұрыпталды. Астананы салуға еліміздің 71 қаласы, 432 құрылыс компаниялары қатысты, 135 зауыт құрылыс материалдарымен жабдықтап отырды. Жергілікті фирмалармен бірге жаңа астананы түрік, итальян, француз, швейцар компаниялары да көтерді. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орташа және ірі нысандар беріліп отырды. Қарқынды құрылыс пен бүкілхалықтық қолдау он жыл ішінде Қазақстан даласында қазіргі заманғы, жаңғыртылған, өз қайталанбас келбеті бар қала салуға мүмкіндік берді. Қаланың сәулеттік концепциясын әзірлеуде қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілді. Сәулетті ғимараттар қазіргі заман дизайны мен азиялық айшықты үйлестіреді. Жұмыс қарқыны ерекше еді, аз ғана уақыттың ішінде қаланың қаржы жағдайына сәйкестендірілген құрылыс стратегиясы мен бағдарламасы әзір болды. Сол кезде тындырылған ұйымдастыру жұмыстарын қорыта келе үш бағдарламалық кезеңді атап көрсете алар едік. Бірінші кезең 1998-2001 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңнің алға қойған мақсаты көркі шамалы облыс орталығын тартымды астанаға айналдыру болатын. Соған сәйкес ең алдымен бұрыннан бар әкімшілік үйлерін министрліктер мен түрлі мекемелердің сәулетті кеңселеріне айналдыру қолға алынды, ескі қаладағы бос алаңдарға көп қабатты тұрғын жайлар салынып, оларға қызмет бабымен жаңа астанаға ағылған ел қоныстанды қала көшелерін көркейту, мәдени-көпшілік орындарын көбейту шаралары атқарылды. Аталған кезеңнің сапалық көрсеткіші қандай болғандығын Астанаға ЮНЕСКО «Бейбітшілік қаласы» атағын беріп, Мәскеуде өткен «Сәулет-2001» халықаралық фестивалінде «Астана-басжоспар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған жобаның халықаралық сәулетшілер академиясының үлкен алтын дипломымен марапатталғандығы дәлелдейді. Екінші кезең 2001-2005 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде Есілдің сол жақ жағалауында орын тебуге тиісті Жаңа қаланың орталық ошағын қалыптастыру, Астананы салу халықаралық конкурсында жеңіп шыққан жапон сәулетшісі Кишо куракованың шығармашылық тобыәзірлеп, республика Үкіметі 2001 жылғы тамыз айында бекіткен ескі қаланы қайта салу жоспарын орныдау міндеті тұрды. Аса ауқымды бұл шаралар зор көлемдегі қаржыны қажет етті. 2002 жылғы қаңтар айында Елбасы заң күші бар «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы ережесін енгізу туралы» Жарлық шығарды. Астана құрылысының бұрынғыдан да қарқынды дамуына ерекше ықпал еткен бұл құжат қолайлы инвестициялық ахуал орнықтырып, шетелдер мен отандық компаниялардың қаржысын көптеп таратуға жол ашты. Астана жаңа қала ретінде біршама қалыптасып үлгерді. Енді қала дамуының үшінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде тұрғындар қатарының қауырт өсуі және елдің өскелең экономикасымен бірге нығайған Астананың қаржы мүмкіндіктері негізге алынды. Қазақстанның әл-қуаты қарқынды дамиды деп шетел сарапшылары да, бізбен жұмыс істеген көрнекті сәулетшілер де ойлаған жоқ. Кишо Курокава да Астананың бас жоспарын жасаған кезде құлашын кеңге сйлтей алмағаны белгілі болды. Аталған жоспарда қарастырылған қала құрылысының ауқымы 2010 жылы игеріледі деп есептелсе, ол көлемге 2002 жылдың өзінде қол жеткізілді. Сондықтан 2030 жылға дейін Астана қаласын дамытудың Бас жоспарына жаңа мүмкіндіктерге сәйкес өзгерістер енгізуге тура келді.   Мұнда құрылыс көліктік инфрақұрылым, абаттандырылған ғылыми және білім беру кешендері, қоғамдық, мәдени, іскерлік орталықтар, туризм және демалыс нысандары, табиғат пен мәдени мұраны сақтап қалу бағыттары айрықша ескерілген. Астана қаласының Бас жоспарында перспективалық даму жобалары айқындалған. Бүгінде «Жабық қала» жобасы қолға алынды. Бұл электр энергиясы мен ауыз суды тиімді пайдаланатын, ақылды технологияның өркендеген қаласы. Жабық шар секілді дөңгелектің астында екі шақырымды алатын қала он мың адамға лайықталған. Барлық нысандар метро сияқты бір-бірімен жалғаспақ. Кешен орталығында балабақша, мектеп, аурухана, кеңсе, сауда орталығы, аквапарк, ойын-сауық кшені, спорт сарайы, SPA-салондары және кинотеатр орналасады. Жыл бойы жаз болып тұратын қалашықта жасанды жағажайы бар хауыз болмақ, маңайына экзотикалық пальмалар өсіріледі. Шұғыл континентальді суық ауа райына төтеп беретін жоба, Лондонның «Мыңжылдық күмбезін» артта қалдырады деп күтілуде. Бас жоспарда жабық қалаға көршілес шағын аудан «Венеция» деп аталады. Қалашықтағы ғимараттар арасында жасанды су арналары тартылып, ескекті қайықтар қатынайды. Бас жоспардың тағы бір таңғажайыбы – Абу Даби Плаза кешені. Кешен 88 қабат мұнарадан, қонақ үй, дәстүрлі қазақ базары мен футбол алаңындай жерді алып жатқан қысқы бақтан тұрады. Жеңіл метро станциясы мен аумағына қоғамдық алаң енеді. Тұтас кешен 24 сағат бойы тәулігіне автономды түрде жұмыс істейтіндей етіп жобаланған, жанға керектің бәрі бар кешеннің конструкциясы суықты жібермей, күннің жылуын барынша мол алуға тырысады. Ең биік ғимараттар солтүстік тұстан орналастырылған және даладан соғатын суық желге «сыртын» беріп тұр, ал күн панельдері оңтүстікке бағытталғандықтан су жылытуға арналған энергия жинайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл нысан – экодизайн концепциясының мінсіз жүзеге асуы. Индустриалдық-инновациялық дамудың үздік жетістігі. Бас жоспарда демографиялық дамудың нәтижесіне сәйкес қала халқының саны 1 млн 500 мың адам деп болжанған. Сондықтан қаланың магистральдық аумақтары, орталық аудандар, қоғамдық тораптар және жоғарғы қарқынмен пайдаланылатын құрылымдық бөліктердің тығыздылығы алдын ала есептелген. Болашақта Астана қаласының қайталанбас сәулеттік құрылысы, тарихи-мәдени мұралар мен табиғи аймақтар 8 құрылымдық кіндік нүкте бойында қалыптаспақ. Оның бойында орталықтан шетке қарай биіктік ауыса отырып құрылыс сатылана бой көтереді. Бас жоспарда бүгінде қаланың оң жақ жағалауындағы көнерген үйлердің орнына алдағы жиырма жылдың ішінде биік нысандар салу көзделген. Есіл өзенінің алқабы мен Ақбұлақ, Сарыбұлақ салаларында «Бурабай», «Қарқаралы», «Қорғалжын», «Баянауыл», «Ерейментау» секілді ұлттық табиғи парктердің жалғасы болып, скверлер мен желек жолдар салынады. 2030 жылға дейін жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай пайдалануға берілмек. Біреуі жүк, екіншісі жолаушыларға арналған екі сапаржай салу жоспарда бар. Ал жер үсті метросын салу жобасы 2014 жылы басталады. Бас жоспардағы Астана әлемнің алдыңғы қатарлы отыз қаласының қатарынан орын алатынына сендіреді... Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Әрине, саяси-экономикалық маңызы ерекше жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Астаналық талап тым қатаң еді. Президент құрылыстың бұрынғы, әбден сартап болған әдісьерінен бас тартуды, осы заманғы технологияны игеруді, сәулеттік үздік шешімдерді талап етті. Қала XXI ғасырдың деңгейінде салыну керек-ті. Онда бой көтеретін әр ғимарат бізден кейінгі сан ұрпақтың талғамынан шығуға тиі болатын. Бір сөзбен айтқанда, Астана әлемдік сынға жауап бере алатын, барлық жағынан мінсіз шаһарға айналуы қажет еді.

Мұндай күрделі міндет әлемдік сәулет және құрылыс мәдениетін меңгергенде ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да Астананың Бас жоспарын айқындауға әлемге танымал дарынды сәулетшілер жұмылдырылды. Еуропаның үздік құрылыс компаниялары тартылды. Олардың тың идеялары мен өндірістік мүмкіндіктрі байқаулар арқылы сыннан өткізіліп, зор жауапкершілікпен сұрыпталды.

Астананы салуға еліміздің 71 қаласы, 432 құрылыс компаниялары қатысты, 135 зауыт құрылыс материалдарымен жабдықтап отырды. Жергілікті фирмалармен бірге жаңа астананы түрік, итальян, француз, швейцар компаниялары да көтерді. Жыл сайын 60-тан 100-ге дейін орташа және ірі нысандар беріліп отырды. Қарқынды құрылыс пен бүкілхалықтық қолдау он жыл ішінде Қазақстан даласында қазіргі заманғы, жаңғыртылған, өз қайталанбас келбеті бар қала салуға мүмкіндік берді. Қаланың сәулеттік концепциясын әзірлеуде қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілді. Сәулетті ғимараттар қазіргі заман дизайны мен азиялық айшықты үйлестіреді.

Жұмыс қарқыны ерекше еді, аз ғана уақыттың ішінде қаланың қаржы жағдайына сәйкестендірілген құрылыс стратегиясы мен бағдарламасы әзір болды. Сол кезде тындырылған ұйымдастыру жұмыстарын қорыта келе үш бағдарламалық кезеңді атап көрсете алар едік.

Бірінші кезең 1998-2001 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңнің алға қойған мақсаты көркі шамалы облыс орталығын тартымды астанаға айналдыру болатын. Соған сәйкес ең алдымен бұрыннан бар әкімшілік үйлерін министрліктер мен түрлі мекемелердің сәулетті кеңселеріне айналдыру қолға алынды, ескі қаладағы бос алаңдарға көп қабатты тұрғын жайлар салынып, оларға қызмет бабымен жаңа астанаға ағылған ел қоныстанды қала көшелерін көркейту, мәдени-көпшілік орындарын көбейту шаралары атқарылды.

Аталған кезеңнің сапалық көрсеткіші қандай болғандығын Астанаға ЮНЕСКО «Бейбітшілік қаласы» атағын беріп, Мәскеуде өткен «Сәулет-2001» халықаралық фестивалінде «Астана-басжоспар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған жобаның халықаралық сәулетшілер академиясының үлкен алтын дипломымен марапатталғандығы дәлелдейді.

Екінші кезең 2001-2005 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде Есілдің сол жақ жағалауында орын тебуге тиісті Жаңа қаланың орталық ошағын қалыптастыру, Астананы салу халықаралық конкурсында жеңіп шыққан жапон сәулетшісі Кишо куракованың шығармашылық тобыәзірлеп, республика Үкіметі 2001 жылғы тамыз айында бекіткен ескі қаланы қайта салу жоспарын орныдау міндеті тұрды. Аса ауқымды бұл шаралар зор көлемдегі қаржыны қажет етті. 2002 жылғы қаңтар айында Елбасы заң күші бар «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы ережесін енгізу туралы» Жарлық шығарды. Астана құрылысының бұрынғыдан да қарқынды дамуына ерекше ықпал еткен бұл құжат қолайлы инвестициялық ахуал орнықтырып, шетелдер мен отандық компаниялардың қаржысын көптеп таратуға жол ашты.

Астана жаңа қала ретінде біршама қалыптасып үлгерді. Енді қала дамуының үшінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде тұрғындар қатарының қауырт өсуі және елдің өскелең экономикасымен бірге нығайған Астананың қаржы мүмкіндіктері негізге алынды. Қазақстанның әл-қуаты қарқынды дамиды деп шетел сарапшылары да, бізбен жұмыс істеген көрнекті сәулетшілер де ойлаған жоқ. Кишо Курокава да Астананың бас жоспарын жасаған кезде құлашын кеңге сйлтей алмағаны белгілі болды. Аталған жоспарда қарастырылған қала құрылысының ауқымы 2010 жылы игеріледі деп есептелсе, ол көлемге 2002 жылдың өзінде қол жеткізілді. Сондықтан 2030 жылға дейін Астана қаласын дамытудың Бас жоспарына жаңа мүмкіндіктерге сәйкес өзгерістер енгізуге тура келді.  

Мұнда құрылыс көліктік инфрақұрылым, абаттандырылған ғылыми және білім беру кешендері, қоғамдық, мәдени, іскерлік орталықтар, туризм және демалыс нысандары, табиғат пен мәдени мұраны сақтап қалу бағыттары айрықша ескерілген.

Астана қаласының Бас жоспарында перспективалық даму жобалары айқындалған.

Бүгінде «Жабық қала» жобасы қолға алынды. Бұл электр энергиясы мен ауыз суды тиімді пайдаланатын, ақылды технологияның өркендеген қаласы. Жабық шар секілді дөңгелектің астында екі шақырымды алатын қала он мың адамға лайықталған. Барлық нысандар метро сияқты бір-бірімен жалғаспақ. Кешен орталығында балабақша, мектеп, аурухана, кеңсе, сауда орталығы, аквапарк, ойын-сауық кшені, спорт сарайы, SPA-салондары және кинотеатр орналасады. Жыл бойы жаз болып тұратын қалашықта жасанды жағажайы бар хауыз болмақ, маңайына экзотикалық пальмалар өсіріледі. Шұғыл континентальді суық ауа райына төтеп беретін жоба, Лондонның «Мыңжылдық күмбезін» артта қалдырады деп күтілуде.

Бас жоспарда жабық қалаға көршілес шағын аудан «Венеция» деп аталады. Қалашықтағы ғимараттар арасында жасанды су арналары тартылып, ескекті қайықтар қатынайды. Бас жоспардың тағы бір таңғажайыбы – Абу Даби Плаза кешені. Кешен 88 қабат мұнарадан, қонақ үй, дәстүрлі қазақ базары мен футбол алаңындай жерді алып жатқан қысқы бақтан тұрады. Жеңіл метро станциясы мен аумағына қоғамдық алаң енеді. Тұтас кешен 24 сағат бойы тәулігіне автономды түрде жұмыс істейтіндей етіп жобаланған, жанға керектің бәрі бар кешеннің конструкциясы суықты жібермей, күннің жылуын барынша мол алуға тырысады. Ең биік ғимараттар солтүстік тұстан орналастырылған және даладан соғатын суық желге «сыртын» беріп тұр, ал күн панельдері оңтүстікке бағытталғандықтан су жылытуға арналған энергия жинайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл нысан – экодизайн концепциясының мінсіз жүзеге асуы. Индустриалдық-инновациялық дамудың үздік жетістігі.

Бас жоспарда демографиялық дамудың нәтижесіне сәйкес қала халқының саны 1 млн 500 мың адам деп болжанған.

Сондықтан қаланың магистральдық аумақтары, орталық аудандар, қоғамдық тораптар және жоғарғы қарқынмен пайдаланылатын құрылымдық бөліктердің тығыздылығы алдын ала есептелген.

Болашақта Астана қаласының қайталанбас сәулеттік құрылысы, тарихи-мәдени мұралар мен табиғи аймақтар 8 құрылымдық кіндік нүкте бойында қалыптаспақ. Оның бойында орталықтан шетке қарай биіктік ауыса отырып құрылыс сатылана бой көтереді.

Бас жоспарда бүгінде қаланың оң жақ жағалауындағы көнерген үйлердің орнына алдағы жиырма жылдың ішінде биік нысандар салу көзделген. Есіл өзенінің алқабы мен Ақбұлақ, Сарыбұлақ салаларында «Бурабай», «Қарқаралы», «Қорғалжын», «Баянауыл», «Ерейментау» секілді ұлттық табиғи парктердің жалғасы болып, скверлер мен желек жолдар салынады.

2030 жылға дейін жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай пайдалануға берілмек. Біреуі жүк, екіншісі жолаушыларға арналған екі сапаржай салу жоспарда бар. Ал жер үсті метросын салу жобасы 2014 жылы басталады.

Бас жоспардағы Астана әлемнің алдыңғы қатарлы отыз қаласының қатарынан орын алатынына сендіреді...

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: