Целиноград-Ақмола-Астана

27 Мамыр 2013, 05:01

1979 жыл. Ерлік осылай жасалды. Мәскеу ұлан байтақ қазақ даласына көз алартуын еліміз тәуелсідік алғанша әр кез қойған емес. 1956 жылы КСРО ішкі істер министрі Қазақстанда Шешен-ингуш автономиялық республикасын құру қажет деген ұсыныс жасапты. 1979 жылы КОКП комитетінің саяси бюросы Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарынан жер алып, орталығы Ерейментау болатын Неміс автономиясын құру жөнінде құпия шешім қабылдады. 1979 жылғы 16 және 19 маусым күндері  Целиноград қаласының Ленин атындағы орталық алаңына мыңдаған адам жиналып, қазақ жерінің бөлінбейтінін, ешқандай автономияға жол жоқ екенін батыл мәлімдеді. Компартия басшылығы шешімдерін өзгертуге мәжбүр болды. Бұл Кеңес одағы дәурен сүрген ұзақ жылдарда коммунистік партия көсемдерінің алған бетінен алған рет қайтуы еді. Осындай ұлы ерлікті тың игеруге сырттан ағылғандар салдарынан үлесі 17 пайыздан аспайтын жағдайға жеткен Целиноград қаласының қазақ жастары жасады. Киелі Ақмола – Қараөткел топырағында Алаш рухы тұңғыш рет жеңіске жетті. Халықтың ұлттық намысы оянды, ел тарихи қаһармандығын қайта тапты. Жер де, жұрт та, бәрі менікі деп келгендер сол жердің тарихи иесі кім екені туралы ойлануға мәжбүр болды. Қазақ халқының тарихи орны жайлы сөз қозғала бастады. КСРО секілді коммунистік қатал тәртіпке құрылған қаһарлы империяның шешіміне ашық қарсы шыққан қаһармандық асып-тасып болғандардың мысын басып, Одақ таихында алғаш рет ұлттық намыс дегеннің не екенін паш етті. Бұл қазақ жастарының Ақмола топырағында жасалған Ұлы ерлігі еді! Ел тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Целиноград қаласы мен облысы қайтадан байырғы атауымен Ақмола атанды.   Жаңа астана 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Рсепубликасы Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи қаулысы қабалданды. Мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы жерді анықтау мақсатымен республиканың өңіріндегі қалалар егжей-тегжейлі зерттереді. 32 тұрғыдан жүргізілген талдау барлық нұсқаның ішінен ең дұрысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында тұруымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, келешекте астананы дамыту үшін бос жерлердің жеткілікті екендігімен негізделді.  Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы»  жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ие болды. 1998 жылдың 6 мамырында Президент Н.Ә. Назарбаев «ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып өзгертілгені туралы» жарлыққа қол қойды. Жаңа астананы әлемге таныстыру – ресми тұсаукесер той 1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды. 2008 жылы 24 маусымдағы Заңмен 6 шілде – Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді.   Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)


1979 жыл. Ерлік осылай жасалды.

Мәскеу ұлан байтақ қазақ даласына көз алартуын еліміз тәуелсідік алғанша әр кез қойған емес. 1956 жылы КСРО ішкі істер министрі Қазақстанда Шешен-ингуш автономиялық республикасын құру қажет деген ұсыныс жасапты.

1979 жылы КОКП комитетінің саяси бюросы Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарынан жер алып, орталығы Ерейментау болатын Неміс автономиясын құру жөнінде құпия шешім қабылдады. 1979 жылғы 16 және 19 маусым күндері  Целиноград қаласының Ленин атындағы орталық алаңына мыңдаған адам жиналып, қазақ жерінің бөлінбейтінін, ешқандай автономияға жол жоқ екенін батыл мәлімдеді. Компартия басшылығы шешімдерін өзгертуге мәжбүр болды. Бұл Кеңес одағы дәурен сүрген ұзақ жылдарда коммунистік партия көсемдерінің алған бетінен алған рет қайтуы еді. Осындай ұлы ерлікті тың игеруге сырттан ағылғандар салдарынан үлесі 17 пайыздан аспайтын жағдайға жеткен Целиноград қаласының қазақ жастары жасады. Киелі Ақмола – Қараөткел топырағында Алаш рухы тұңғыш рет жеңіске жетті. Халықтың ұлттық намысы оянды, ел тарихи қаһармандығын қайта тапты. Жер де, жұрт та, бәрі менікі деп келгендер сол жердің тарихи иесі кім екені туралы ойлануға мәжбүр болды. Қазақ халқының тарихи орны жайлы сөз қозғала бастады. КСРО секілді коммунистік қатал тәртіпке құрылған қаһарлы империяның шешіміне ашық қарсы шыққан қаһармандық асып-тасып болғандардың мысын басып, Одақ таихында алғаш рет ұлттық намыс дегеннің не екенін паш етті. Бұл қазақ жастарының Ақмола топырағында жасалған Ұлы ерлігі еді!

Ел тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Целиноград қаласы мен облысы қайтадан байырғы атауымен Ақмола атанды.

 

Жаңа астана

1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Рсепубликасы Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи қаулысы қабалданды. Мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы жерді анықтау мақсатымен республиканың өңіріндегі қалалар егжей-тегжейлі зерттереді. 32 тұрғыдан жүргізілген талдау барлық нұсқаның ішінен ең дұрысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында тұруымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, келешекте астананы дамыту үшін бос жерлердің жеткілікті екендігімен негізделді. 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы»  жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ие болды.

1998 жылдың 6 мамырында Президент Н.Ә. Назарбаев «ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып өзгертілгені туралы» жарлыққа қол қойды. Жаңа астананы әлемге таныстыру – ресми тұсаукесер той 1998 жылғы 10 маусымға тағайындалды.

2008 жылы 24 маусымдағы Заңмен 6 шілде – Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді.  

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: