Ақмолалықтар Ұлы Отан соғысында

27 Мамыр 2013, 04:55

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 1939 жылы Ақмола облысы қайта құрылып, Ақмола қаласы облыстың әкімшілік орталық болып белгіленді. Соғыс басталғанда Ақмола қаласында әскери құрамалар – 310, 387, 29-атқыштар және 106-атты әскер дивизиялары құрылды. Олар Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарынан алынған адамдардан жасақталды. Ақмола қаласынан шақырылған 14 723 сарбаз осы және басқа да құрамалар сапында Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жан аямай шайқасты.ү олардың жартысы – 7414 майдангер ерлікпен қаза тапты. Майданда көптеген ерліктері үшін көптеген ақмолалық майдангер ордендермен және медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 41 адамға ең жоғарғы награда – Кеңес Одағының батыры атағы берілді, 7-еуі «Даңқ» орденінің толық иегері болды. Олардың ішінде Кеңес Одағының батыры атағына екі мәрте ие болған ұшқыш генерал майор Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының Батыры, егемен еліміздің тұңғыш Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов, Ақан Құрманов, Әлмұхан Сембинов, Виктормалышев, Юрий Малахов, Алексей петров, Михаил Сальников, «Халық Қаһарманы» Рейхстагқа жеңіс туын тіккендердің бірі Рахымжан Қошқарбаев және басқалар бар. Соғыс басталған 1941 жылдың 25 шілдесінде Ақмолада жасақталған 310-атқыштар дивизиясы сол жылдың қыркүйегінде Ленинград майданында фашистерге қарсы ұрысқа кіріседі. Аталмыш дивизияның жауынгерлері әйгілі «Өмір жолын» құруды қамтамасыз етті. Сонда Ладога көлінің мұзы арқылы Ленинградқа азық-түлік пен жүк тасыған жауынгер-жүргізушілердің жартысы біздің жерлестеріміз болатын. Дивизия Новгород, Ленинград және Псков облыстарын, Польшаны басқыншылардан азат етті, жаудың Шығыс Померан, Берлин әскери тобын талқандауға қатысты, Эльбаға дейін барды. Соғыс жылдарында дивизияның қаһармандығы құрметіне алты рет Мәскеуде салют берілді. Даңқты генерал сағадат Нұрмағанбетов осы дивизия құрамында шайқасқан. Ақмолада жасақталған 378-атқыштар дивизиясы 1941 жылдың қараша айында Батыс майдан құрамында ұрысқа қатысты. 1942 жылдың желтоқсанында Сталинград түбіне кескілескен майданда болды. 1944 жылы Қырым үшін шайқаста Перекоп қаласын азат еткені үшін ақмолалық құрамаға "Перекоп дивизиясы" деген құрметті атақ берілді. Ақмолалық 29-атқыштар дивизиясы Сталинград үшін шайқастағы ерлігі үшін 72-гвардиялық дивизия болып аталды. Оның 31 жауынгері мен командиріне ең жоғары марапат – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ақмола жерінде сондай-ақ, 106-атты әскерлер дивизиясы, 54-марштық автомобиль батальоны жасақталды. Осы облыстан майданға алынған жауыгерлер басқа да әскериқұрамалар мен бөлімшелер құрамында болып, барлық жерде де Отанымызды табандылықпен қорғай алатын нағыз, ержүрек жауынгерлер ретінде таныла білді.   «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» Соғыс жылдарында облыс халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбеккерлер «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен екпінді еңбек етті. Сондай еңбек нәтижесінде паравоз депосының машинисі Жаппархан Асайынов 1943 жылы облыста алғашқы болып Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Мұндай жоғары атақпен марапатталғандар одан кейін де аз болған жоқ. Соғысқа дейін қалада 32,5 мың адам тұрды. 1940 жылы 6 кәсіпорын жұмыс істеді, оның 3 республикалық маңызы бар, 3 жергілікті және кооперативтік өнеркәсіп. Кәсіпорындардағы жұмыс істейтін халықтың жалпы саны 801 мың адамды құрады. Соғыс жылдарына қаланың экономикалық мүмкіндігі артты, өндірістік кәсіпорындар саны көбейді. Одақтық маңызы бар кәсіпорындар пайда болды, олар жергілікті №317 және қазақ ауыл шаруашылығы машиналары зауыттары еді, кәсіпорындар майдан үшін жаңа өнімдер шығарды. 1944 жылы қалада 2 800 жұмыскері бар 16 кәсіпорын жұмыс істеді. Соғыс бастаған кезде Ресейдің орталық аудандарынан бірқатар кәсіпорын Ақмолаға көшіріліп әкелінді. 1941 жылдың қазан айында Мелитопольдан көшірілген станок жасау зауыты келесі қараша айында-ақ снарядтардың алғашқы легін шығара бастады. Мичуринскіден көшірілген Макин поршень сақиналары зауытты қысқа мерзімде майданға қажетті өнімдер өндіруге кірісті. Тылда ақмолалық 6 008 адам еліміздің басқа өңірлеріндегі әскери кәсіпорындарда жұмыс істеу үішн еңбек әскеріне алынды. Қай жерде де «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қажырлылықпен еңбек етті. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 1939 жылы Ақмола облысы қайта құрылып, Ақмола қаласы облыстың әкімшілік орталық болып белгіленді.

Соғыс басталғанда Ақмола қаласында әскери құрамалар – 310, 387, 29-атқыштар және 106-атты әскер дивизиялары құрылды. Олар Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарынан алынған адамдардан жасақталды. Ақмола қаласынан шақырылған 14 723 сарбаз осы және басқа да құрамалар сапында Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жан аямай шайқасты.ү олардың жартысы – 7414 майдангер ерлікпен қаза тапты.

Майданда көптеген ерліктері үшін көптеген ақмолалық майдангер ордендермен және медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 41 адамға ең жоғарғы награда – Кеңес Одағының батыры атағы берілді, 7-еуі «Даңқ» орденінің толық иегері болды. Олардың ішінде Кеңес Одағының батыры атағына екі мәрте ие болған ұшқыш генерал майор Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының Батыры, егемен еліміздің тұңғыш Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов, Ақан Құрманов, Әлмұхан Сембинов, Виктормалышев, Юрий Малахов, Алексей петров, Михаил Сальников, «Халық Қаһарманы» Рейхстагқа жеңіс туын тіккендердің бірі Рахымжан Қошқарбаев және басқалар бар.

Соғыс басталған 1941 жылдың 25 шілдесінде Ақмолада жасақталған 310-атқыштар дивизиясы сол жылдың қыркүйегінде Ленинград майданында фашистерге қарсы ұрысқа кіріседі. Аталмыш дивизияның жауынгерлері әйгілі «Өмір жолын» құруды қамтамасыз етті. Сонда Ладога көлінің мұзы арқылы Ленинградқа азық-түлік пен жүк тасыған жауынгер-жүргізушілердің жартысы біздің жерлестеріміз болатын. Дивизия Новгород, Ленинград және Псков облыстарын, Польшаны басқыншылардан азат етті, жаудың Шығыс Померан, Берлин әскери тобын талқандауға қатысты, Эльбаға дейін барды. Соғыс жылдарында дивизияның қаһармандығы құрметіне алты рет Мәскеуде салют берілді. Даңқты генерал сағадат Нұрмағанбетов осы дивизия құрамында шайқасқан.

Ақмолада жасақталған 378-атқыштар дивизиясы 1941 жылдың қараша айында Батыс майдан құрамында ұрысқа қатысты. 1942 жылдың желтоқсанында Сталинград түбіне кескілескен майданда болды. 1944 жылы Қырым үшін шайқаста Перекоп қаласын азат еткені үшін ақмолалық құрамаға "Перекоп дивизиясы" деген құрметті атақ берілді.

Ақмолалық 29-атқыштар дивизиясы Сталинград үшін шайқастағы ерлігі үшін 72-гвардиялық дивизия болып аталды. Оның 31 жауынгері мен командиріне ең жоғары марапат – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ақмола жерінде сондай-ақ, 106-атты әскерлер дивизиясы, 54-марштық автомобиль батальоны жасақталды. Осы облыстан майданға алынған жауыгерлер басқа да әскериқұрамалар мен бөлімшелер құрамында болып, барлық жерде де Отанымызды табандылықпен қорғай алатын нағыз, ержүрек жауынгерлер ретінде таныла білді.  

«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!»

Соғыс жылдарында облыс халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбеккерлер «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен екпінді еңбек етті. Сондай еңбек нәтижесінде паравоз депосының машинисі Жаппархан Асайынов 1943 жылы облыста алғашқы болып Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Мұндай жоғары атақпен марапатталғандар одан кейін де аз болған жоқ.

Соғысқа дейін қалада 32,5 мың адам тұрды. 1940 жылы 6 кәсіпорын жұмыс істеді, оның 3 республикалық маңызы бар, 3 жергілікті және кооперативтік өнеркәсіп. Кәсіпорындардағы жұмыс істейтін халықтың жалпы саны 801 мың адамды құрады. Соғыс жылдарына қаланың экономикалық мүмкіндігі артты, өндірістік кәсіпорындар саны көбейді. Одақтық маңызы бар кәсіпорындар пайда болды, олар жергілікті №317 және қазақ ауыл шаруашылығы машиналары зауыттары еді, кәсіпорындар майдан үшін жаңа өнімдер шығарды. 1944 жылы қалада 2 800 жұмыскері бар 16 кәсіпорын жұмыс істеді.

Соғыс бастаған кезде Ресейдің орталық аудандарынан бірқатар кәсіпорын Ақмолаға көшіріліп әкелінді. 1941 жылдың қазан айында Мелитопольдан көшірілген станок жасау зауыты келесі қараша айында-ақ снарядтардың алғашқы легін шығара бастады. Мичуринскіден көшірілген Макин поршень сақиналары зауытты қысқа мерзімде майданға қажетті өнімдер өндіруге кірісті.

Тылда ақмолалық 6 008 адам еліміздің басқа өңірлеріндегі әскери кәсіпорындарда жұмыс істеу үішн еңбек әскеріне алынды. Қай жерде де «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қажырлылықпен еңбек етті.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: