Ақмола: дала тұрмысындағы өзгерістер

27 Мамыр 2013, 04:46

Тарихи деректерге табан тірей отырып, біз бүгінде қазақ сахарасын ресейдің «бейбіт» отарлауы 1750 жылдары басталды дей аламыз. Сол тұста империяны Қытай шекарасына дейін созу үшін алғашқы нақты қадамдар жасалды. 1752 жылы Есіл өзенінің Ресейге таяу жерінде Петропавл қамалы салынды. Ақмола статистика комитеті 1909 жылы әзірлеген Ақмола облысына қысқаша тарихи шолуда осы қамал бой көтерген кезең крестьяндарының жаппай қоныс аудара бастаған осы кезеңі жайлы жазылған деректердің бірінде: «Қазақ даласы бостандығынан біржолата айырылатын күндердің табалдырығында тұр» делінген. 1897 жылы казак қоныстарының саны Ақмола өңірінде 169-ға жетсе, оларға 5 миллион десятина жер тегін бөлініп берілді. Осы ұланғайыр аймақтың байырғы халқы ежелгі қоныстарынан күшпен көшіріліп, малға жайсыз қуаң далаға кетуге мүжбүр болды. 1908 жылғы есеп бойынша Ақмола облысында 988 000 адам тұрған. Оның 520 мың 398-і ерлер, 467 мың 607-сі әйелдер, өңір округтен облысқа айналған 1868 жылмен салыстырғада халық саны едәуір өсті. 1897 жылы 318 мың, 1907 жылы 293 мың жан қосылыпты. Ақмола мен оған іргелес қалаларда мал өнімдерін өңдейтін зауыт-фаврикалар шығынсыз жұмыс жасады. 1887 жылы олардың жылдық кірісі 1 млн 145 457 рубль болса, 1907 жылы 3 млн 659 579 рубльге жетті 1899 жылы Ақмола өңірінде 850 мың 699 пұт бидай, 237 мың 491 пұт арпа, 44 мың 382 пұт тары және 257 мың 322 пұт сұлы жинаған. Ал облыс бойынша барлық дәнді дақылдан 13 068 884 өнім алыныпты. Аңшылықпен көбіне қазақтар айналысқан, құс атқан, аңға қақпан құрған, бүркіт салған, ит қосқан. Аузымен құс тістеген жүйрігі қоянды арқан бойы ұзатпай ұстайтын оларды иесі айғыр үйір жылқыға бермеген. Арқа бүркітті де тегеурінді. Ерейментау, Моншақты және Досбыралы қырандары көкте құсты түйіп түсірген, жерде бөріні бүріп илеген. Қараөткел аймағының өзен-көлі балыққа әлімсақтан бай. Табан, саз, шортан, қара балық, алабұға, ақ шабақ, май шабақ, жайын, көкжон сияқты алуан түрлі. Байырғы халық сонау заманнан бері кен қорытқан ежелгі өркениет орындарының өзі жиырмадан асады. Олар Жақсы көң, Жаман көң өзендері мен Қорғалдын көлінің, Ақкөл, Моншақты, Жолымбет, Бестөбе, Шаңтөбе жота беделдерінің, Нұра мен Есілдің маңынан молынан табылған. Сілеті-Ереймен төңірегі де бұл орайда құр алақан емес. Ақмола уезінде 50 жерде кездесетін мыс пен 25 жерден табылған алтын-күмістің қоры көрші аймақтарға қарағанда мол болды. Тарихи деректерде осы ен байлықты өндірістік мақсатпен игеру 1825 жылдан басталады деп көрсетілген. Ақмола – Қараөткелде кен кәсібімен қатар жүрген шаруаның бірі – тұз өндіру. Өңірдегі төрт мың көлдің біразы ащы, қазақтар солардың он бірінде осы кәсіпті біршама тәуір ұйымдастырған. Облыс бойынша жылына 310 мың пұт тұз өндірілген. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Тарихи деректерге табан тірей отырып, біз бүгінде қазақ сахарасын ресейдің «бейбіт» отарлауы 1750 жылдары басталды дей аламыз. Сол тұста империяны Қытай шекарасына дейін созу үшін алғашқы нақты қадамдар жасалды. 1752 жылы Есіл өзенінің Ресейге таяу жерінде Петропавл қамалы салынды. Ақмола статистика комитеті 1909 жылы әзірлеген Ақмола облысына қысқаша тарихи шолуда осы қамал бой көтерген кезең крестьяндарының жаппай қоныс аудара бастаған осы кезеңі жайлы жазылған деректердің бірінде: «Қазақ даласы бостандығынан біржолата айырылатын күндердің табалдырығында тұр» делінген. 1897 жылы казак қоныстарының саны Ақмола өңірінде 169-ға жетсе, оларға 5 миллион десятина жер тегін бөлініп берілді. Осы ұланғайыр аймақтың байырғы халқы ежелгі қоныстарынан күшпен көшіріліп, малға жайсыз қуаң далаға кетуге мүжбүр болды.

1908 жылғы есеп бойынша Ақмола облысында 988 000 адам тұрған. Оның 520 мың 398-і ерлер, 467 мың 607-сі әйелдер, өңір округтен облысқа айналған 1868 жылмен салыстырғада халық саны едәуір өсті. 1897 жылы 318 мың, 1907 жылы 293 мың жан қосылыпты.

Ақмола мен оған іргелес қалаларда мал өнімдерін өңдейтін зауыт-фаврикалар шығынсыз жұмыс жасады. 1887 жылы олардың жылдық кірісі 1 млн 145 457 рубль болса, 1907 жылы 3 млн 659 579 рубльге жетті

1899 жылы Ақмола өңірінде 850 мың 699 пұт бидай, 237 мың 491 пұт арпа, 44 мың 382 пұт тары және 257 мың 322 пұт сұлы жинаған.

Ал облыс бойынша барлық дәнді дақылдан 13 068 884 өнім алыныпты.

Аңшылықпен көбіне қазақтар айналысқан, құс атқан, аңға қақпан құрған, бүркіт салған, ит қосқан. Аузымен құс тістеген жүйрігі қоянды арқан бойы ұзатпай ұстайтын оларды иесі айғыр үйір жылқыға бермеген. Арқа бүркітті де тегеурінді. Ерейментау, Моншақты және Досбыралы қырандары көкте құсты түйіп түсірген, жерде бөріні бүріп илеген. Қараөткел аймағының өзен-көлі балыққа әлімсақтан бай. Табан, саз, шортан, қара балық, алабұға, ақ шабақ, май шабақ, жайын, көкжон сияқты алуан түрлі.

Байырғы халық сонау заманнан бері кен қорытқан ежелгі өркениет орындарының өзі жиырмадан асады. Олар Жақсы көң, Жаман көң өзендері мен Қорғалдын көлінің, Ақкөл, Моншақты, Жолымбет, Бестөбе, Шаңтөбе жота беделдерінің, Нұра мен Есілдің маңынан молынан табылған. Сілеті-Ереймен төңірегі де бұл орайда құр алақан емес.

Ақмола уезінде 50 жерде кездесетін мыс пен 25 жерден табылған алтын-күмістің қоры көрші аймақтарға қарағанда мол болды. Тарихи деректерде осы ен байлықты өндірістік мақсатпен игеру 1825 жылдан басталады деп көрсетілген.

Ақмола – Қараөткелде кен кәсібімен қатар жүрген шаруаның бірі – тұз өндіру. Өңірдегі төрт мың көлдің біразы ащы, қазақтар солардың он бірінде осы кәсіпті біршама тәуір ұйымдастырған. Облыс бойынша жылына 310 мың пұт тұз өндірілген.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: