Ақмола бекінісі

27 Мамыр 2013, 04:41

1830 жылы пашалық Ресейдің қазақ даласындағы ықпалын білжолата күшейту мақсатымен арнайы экспедиция әзірленіп, подполковник Ф.Шубиннің басшылығымен Ақмола жеріне аттандырылады. Ақмолалық журналист А. Дубовицкий «Город на Ишиме» кітапшасында бұған Қоқан хандығы жақтан қарақшылық шабуылдың жиілеп кеткені, содан қорғану үшін осы өңірде бекініс құру қажеттігі туралы Алтай-Қарпық және Қуандық болыстары әлділерінің Батыс Сібір губернаторы Вельяминовқа жіберген өтініш хаты себеп болған деп жазады. Губернатор бұл тілекті қабыл алады, аталған аймақта Ақмола деп аталатын округ құру жөнінде патша келісіміне қол жеткізеді. Қыр арқасында ғұн империясы қамал салған Тайтөбе белі, оның бөктерінде Абылай хан заманының батыры әрі биі Ұзын қыпшақ Тілеуұлы Нияздың ақ кірпіш-тастан соғылған сонадайдан көзге түсетін кесенесі. Сол қапталын орай сарқырап аққан Нұра, ал қарсы маңдайда ен көсілген Есіл. Осы жерге қақыратып қызық қағылады. Таңдалған мекеннің сызбасы батыс Сібір губернаторы Вельяминовқа жеткізіліп, ол мақұлдайды. Орыс жер ыңғайын пайлаушылар кеткен соң ел ақсақалдары жиналып кеңес құрады, көңілге аруақты ата-бабаларымыз жатқан қасиетті жер аяқ асты бола ма деген қауіп кіреді. Кеңесе келе «нартәуекел» деп, орыстар болашақ қамал орны деп қаққан қазықты суырып алып, Есілдің оң жақ бетіне, Ақмола, қазіргі Астана қаласы орнайтын суы ащы, топырағы сор жерге әкеп қағады. Тайтөбе маңы туралы «өте қолайсыз қойнау, қыста қар қалың түседі, көктемде екі өзен жарыса тасығанда су жайылып, тасқынның астында қалады» деген лақап таратады. Ақмола-Тайтөбе маңының, Нұра мен Есіл аралығының атауы, ал қазіргі Астана тұрған жер Қараөткел делінген. Қазақстар арасында Ақмола атауымен белгілі Тайтөбе маңынан оруг орталығын салу орны осылай өзгертілді де, қамал Есілдің оң жақ жағадауынан Қараөткелден салына бастайды, бірақ ол әуелде қамал орны деп қазық қағылып, картаға түскен жер атауымен Ақмола аталып кетеді. Құрылыс жұмысы екі жылға созылаы, 1832 жылғы 22 тамызда аяқталады. Сол күні Ақмола округі де ресми жарияланады. Жаңа округтің ашылу құрметіне зеңбіректен 31 дүркін оқ атылды. Сібір қазақтарының Ақмола сыртқы округі 1850 жылдардың басында 212 әкімшілік ауылды байланыстырған 20 болыстан тұрды. Округ шеңберінде 58 049 қазақ өмір сүрді. Келімсектер де аз болмады. 1850 жылдары Қазақстанға ағылған ресей мен Украина шаруаларының 60 пайызға жуығы Ақмола өңіріне келіп тұрақтап, қара көбейтті. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

1830 жылы пашалық Ресейдің қазақ даласындағы ықпалын білжолата күшейту мақсатымен арнайы экспедиция әзірленіп, подполковник Ф.Шубиннің басшылығымен Ақмола жеріне аттандырылады. Ақмолалық журналист А. Дубовицкий «Город на Ишиме» кітапшасында бұған Қоқан хандығы жақтан қарақшылық шабуылдың жиілеп кеткені, содан қорғану үшін осы өңірде бекініс құру қажеттігі туралы Алтай-Қарпық және Қуандық болыстары әлділерінің Батыс Сібір губернаторы Вельяминовқа жіберген өтініш хаты себеп болған деп жазады. Губернатор бұл тілекті қабыл алады, аталған аймақта Ақмола деп аталатын округ құру жөнінде патша келісіміне қол жеткізеді.

Қыр арқасында ғұн империясы қамал салған Тайтөбе белі, оның бөктерінде Абылай хан заманының батыры әрі биі Ұзын қыпшақ Тілеуұлы Нияздың ақ кірпіш-тастан соғылған сонадайдан көзге түсетін кесенесі. Сол қапталын орай сарқырап аққан Нұра, ал қарсы маңдайда ен көсілген Есіл. Осы жерге қақыратып қызық қағылады. Таңдалған мекеннің сызбасы батыс Сібір губернаторы Вельяминовқа жеткізіліп, ол мақұлдайды. Орыс жер ыңғайын пайлаушылар кеткен соң ел ақсақалдары жиналып кеңес құрады, көңілге аруақты ата-бабаларымыз жатқан қасиетті жер аяқ асты бола ма деген қауіп кіреді. Кеңесе келе «нартәуекел» деп, орыстар болашақ қамал орны деп қаққан қазықты суырып алып, Есілдің оң жақ бетіне, Ақмола, қазіргі Астана қаласы орнайтын суы ащы, топырағы сор жерге әкеп қағады. Тайтөбе маңы туралы «өте қолайсыз қойнау, қыста қар қалың түседі, көктемде екі өзен жарыса тасығанда су жайылып, тасқынның астында қалады» деген лақап таратады.

Ақмола-Тайтөбе маңының, Нұра мен Есіл аралығының атауы, ал қазіргі Астана тұрған жер Қараөткел делінген.

Қазақстар арасында Ақмола атауымен белгілі Тайтөбе маңынан оруг орталығын салу орны осылай өзгертілді де, қамал Есілдің оң жақ жағадауынан Қараөткелден салына бастайды, бірақ ол әуелде қамал орны деп қазық қағылып, картаға түскен жер атауымен Ақмола аталып кетеді. Құрылыс жұмысы екі жылға созылаы, 1832 жылғы 22 тамызда аяқталады. Сол күні Ақмола округі де ресми жарияланады. Жаңа округтің ашылу құрметіне зеңбіректен 31 дүркін оқ атылды.

Сібір қазақтарының Ақмола сыртқы округі 1850 жылдардың басында 212 әкімшілік ауылды байланыстырған 20 болыстан тұрды. Округ шеңберінде 58 049 қазақ өмір сүрді. Келімсектер де аз болмады. 1850 жылдары Қазақстанға ағылған ресей мен Украина шаруаларының 60 пайызға жуығы Ақмола өңіріне келіп тұрақтап, қара көбейтті.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: