Бозоқ

27 Мамыр 2013, 04:38

Есіл өзенінің сол жағалау даласында мыңдаған жылдар бұрын пайда болған қыпшақ сұлтанының әскери ордасы Қазақстанның жаңа астанасы – Астана тарихында өз орнын алды. Бозоқ қаласының орнын ашу және зерттеуге орай қала тарихының мыңдаған жыл өткен заманға кететіні анықталды. Бозоқты 1998 жылы Есіл археологиялық экспедицияның басшысы К.А. Ақышев ашты. Бірсыпыра ғалымдар Ақмоланы ғұн тіліне жатқызса, Кемел Ақышев Бозоқ көлінің атауын қыпшақ сөзі деп дәлелдейді. Нұра, Бытығай, Дамса атаулары да осы екі тілдік бұтаққа тән. «Көне Ақжол қалашығы» Есіл өзенінің сол жақ жағалауында. Астанадан бес шақырым жерде Бозоқ көліне жақын орналасқан. Тарихи деректерге сүйене отырып қалашық орта ғасырдағы керуен жолының бойында стратегиялық маңызға ие болған», - деп жазады қалашықты тауып, қазба жұмыстарын жүргізген академик Кемел Ақышев. Оған «Ақжол» деген ат берді. Ақжол қалашығына алғаш мән берген адам И.П. Шангин. Ол 1816 жылы Есіл өзеніне таяу көл жағасында көне қаланың орны бар екенін жазып кеткен. Ақжол X-XI ғасырларда Қыпшақ елі қалыптасып, нығайған кезеңде бой көтерді. Қазба жұмыстары кезінде арабтың күміс теңгесі мен қытай айнасы табылды, қалашық ірі сауда орталығы да болған. Ол – Астана қаласының мың жылдан астам тарихы бар екендігінің дәлелі. Тұрақ әскери орда ретінде туындады, далалық Жібек жолының сауда керуен жолдарының маңызды торабын бақылаған қыпшақ сұлтанының ордасы. Бозоқ қаласының келбеті мен әскери бекініс сапасы Алтын орда уақыты әскери ісінің деңгейіне сәйкеспейді. Бұл Сарыарқа даласында оғыз-қыпшақ тайпалары көтеріле бастаған, монғолға дейінгі кезеңдегі қаланың орны екендігін растайды. Ғасырлар өтіп жатты, бұл орынды алғаш қоныстанғандар қалдырып кетті. Қала тарихының екінші кезеңі Қыпшақ хандығының (X-XI ғ.)күшею кезеңіне келеді. Осы орынды мекендеген қыпшақтар орларды тазартты, қыш кірпіштерден және ағаштан үйлер салады. Алаңдар ортасында киіз үйлер тұрды. Қаланың жаңа тұрғындары орларды жауып, бұл жерде кесенелер мен минареттер салды. Бұның еш таңқаларлығы жоқ, себебі көне заманда қалалар қасиетті орындар, ата баба мазараттарының айналасында қалыптасатын. Осы орынды игерудің үшінші кезеңі Алтын орда дәуірінде (XIII-XIV ғ.) басталды. Бозоқ қаласының орны табыну орталығының мәртебесіне ие болып, ақ сүйектерді жерлеу орнына айналды. Бозоқ қаласында шикі және күйдірілген кірпіштен салынған бес кесененің қалдықтары зерттелді. Кесенелермен қатар кірпіш күйдіретін пештер ашылды. Мазараттың бірінде 1321 жылы шығарылған күміс теңге табылды. Бозоқ қаласы көне тарихының Қазақстан астанасы үшін мәні зор. Мыңдаған жыл бұрын қазіргі заманғы Астана орнында әскери орданың геостратегиялық фактормен негізделеді. Бозоқ қаласы оның аумағында кесенелердің жинақталуына қарай Нұра – Есіл өңірінің орта ғасырлық халқы үшін рухани Мекке іспетті болуы да мүмкін. Есіл-Нұра өзендері бойындағы археологиялық қазбалар және Ақжол деректері бізге Ұлы далада өзара үндестірілген, көне елдің бай әскери-тұрмыстық тәжірибесіне негізделген құрылыс мәдениетінің болғандығын көрсетеді. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Есіл өзенінің сол жағалау даласында мыңдаған жылдар бұрын пайда болған қыпшақ сұлтанының әскери ордасы Қазақстанның жаңа астанасы – Астана тарихында өз орнын алды. Бозоқ қаласының орнын ашу және зерттеуге орай қала тарихының мыңдаған жыл өткен заманға кететіні анықталды. Бозоқты 1998 жылы Есіл археологиялық экспедицияның басшысы К.А. Ақышев ашты. Бірсыпыра ғалымдар Ақмоланы ғұн тіліне жатқызса, Кемел Ақышев Бозоқ көлінің атауын қыпшақ сөзі деп дәлелдейді. Нұра, Бытығай, Дамса атаулары да осы екі тілдік бұтаққа тән. «Көне Ақжол қалашығы» Есіл өзенінің сол жақ жағалауында. Астанадан бес шақырым жерде Бозоқ көліне жақын орналасқан. Тарихи деректерге сүйене отырып қалашық орта ғасырдағы керуен жолының бойында стратегиялық маңызға ие болған», - деп жазады қалашықты тауып, қазба жұмыстарын жүргізген академик Кемел Ақышев. Оған «Ақжол» деген ат берді.

Ақжол қалашығына алғаш мән берген адам И.П. Шангин. Ол 1816 жылы Есіл өзеніне таяу көл жағасында көне қаланың орны бар екенін жазып кеткен. Ақжол X-XI ғасырларда Қыпшақ елі қалыптасып, нығайған кезеңде бой көтерді. Қазба жұмыстары кезінде арабтың күміс теңгесі мен қытай айнасы табылды, қалашық ірі сауда орталығы да болған. Ол – Астана қаласының мың жылдан астам тарихы бар екендігінің дәлелі.

Тұрақ әскери орда ретінде туындады, далалық Жібек жолының сауда керуен жолдарының маңызды торабын бақылаған қыпшақ сұлтанының ордасы. Бозоқ қаласының келбеті мен әскери бекініс сапасы Алтын орда уақыты әскери ісінің деңгейіне сәйкеспейді. Бұл Сарыарқа даласында оғыз-қыпшақ тайпалары көтеріле бастаған, монғолға дейінгі кезеңдегі қаланың орны екендігін растайды.

Ғасырлар өтіп жатты, бұл орынды алғаш қоныстанғандар қалдырып кетті. Қала тарихының екінші кезеңі Қыпшақ хандығының (X-XI ғ.)күшею кезеңіне келеді. Осы орынды мекендеген қыпшақтар орларды тазартты, қыш кірпіштерден және ағаштан үйлер салады. Алаңдар ортасында киіз үйлер тұрды. Қаланың жаңа тұрғындары орларды жауып, бұл жерде кесенелер мен минареттер салды. Бұның еш таңқаларлығы жоқ, себебі көне заманда қалалар қасиетті орындар, ата баба мазараттарының айналасында қалыптасатын. Осы орынды игерудің үшінші кезеңі Алтын орда дәуірінде (XIII-XIV ғ.) басталды. Бозоқ қаласының орны табыну орталығының мәртебесіне ие болып, ақ сүйектерді жерлеу орнына айналды.

Бозоқ қаласында шикі және күйдірілген кірпіштен салынған бес кесененің қалдықтары зерттелді. Кесенелермен қатар кірпіш күйдіретін пештер ашылды. Мазараттың бірінде 1321 жылы шығарылған күміс теңге табылды. Бозоқ қаласы көне тарихының Қазақстан астанасы үшін мәні зор. Мыңдаған жыл бұрын қазіргі заманғы Астана орнында әскери орданың геостратегиялық фактормен негізделеді. Бозоқ қаласы оның аумағында кесенелердің жинақталуына қарай Нұра – Есіл өңірінің орта ғасырлық халқы үшін рухани Мекке іспетті болуы да мүмкін.

Есіл-Нұра өзендері бойындағы археологиялық қазбалар және Ақжол деректері бізге Ұлы далада өзара үндестірілген, көне елдің бай әскери-тұрмыстық тәжірибесіне негізделген құрылыс мәдениетінің болғандығын көрсетеді.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу: