Мемлекет дәрі-дәрмек бағасын биылдан бастап реттейді

24 Мамыр 2013, 10:12

Мемлекет дәрі-дәрмек бағасын биылдан бастап реттейтін болады. Бұл туралы елордада АЭФ аясында өткен баспасөз мәслихатынан кейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, министрлік ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің дәрілік заттардың құнының негізсіз өсуіне жол бермес үшін препараттар бағасына мемлекеттік реттеу енгізу қажеттілігі туралы бастамасын қолдайды.  «Әсіресе, зейнеткерлер мен балаларға күн сайын қажетті өмірлік маңызды дәрілік заттарға қатысты. Тиісті реттеусіз оларды нарыққа шығару өте қиын. Аталған факторды зерттеу кезінде кез келген фармацевтикалық компания мен дәріхана дәрі-дәрмектің бағасын еселеп көтеретіні анықталуда. Осы орайда өте үлкен айырмашылық орын алады және бұған барлық фармкомпаниялар ұмтылуда»,-деді Е. Байжүнісов. Бұл тұрғыда ол Денсаулық сақтау министрлігі аталған агенттікпен бірлесе нормативтік-құқықтық актіні әзірлегенін, сондай-ақ енді барша Қазақстан бойынша аталған дәрілерге шекті баға бекітілетінін жеткізді. «Менің ойымша, біздің ұсынысымыз әзірге Үкіметтің бұйрығымен және қаулысымен өтеді. Бірақ та жалпы бұл норманы біз маусымнан бастап Мәжілісте қаралатын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске түзетулерде бекітудеміз. Дәрілерге мемлекеттік реттеу биылдан басталуы тиіс»,-деп түйді вице-министр. ҚазАқпарат.

Мемлекет дәрі-дәрмек бағасын биылдан бастап реттейтін болады. Бұл туралы елордада АЭФ аясында өткен баспасөз мәслихатынан кейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің дәрілік заттардың құнының негізсіз өсуіне жол бермес үшін препараттар бағасына мемлекеттік реттеу енгізу қажеттілігі туралы бастамасын қолдайды.

 «Әсіресе, зейнеткерлер мен балаларға күн сайын қажетті өмірлік маңызды дәрілік заттарға қатысты. Тиісті реттеусіз оларды нарыққа шығару өте қиын. Аталған факторды зерттеу кезінде кез келген фармацевтикалық компания мен дәріхана дәрі-дәрмектің бағасын еселеп көтеретіні анықталуда. Осы орайда өте үлкен айырмашылық орын алады және бұған барлық фармкомпаниялар ұмтылуда»,-деді Е. Байжүнісов.

Бұл тұрғыда ол Денсаулық сақтау министрлігі аталған агенттікпен бірлесе нормативтік-құқықтық актіні әзірлегенін, сондай-ақ енді барша Қазақстан бойынша аталған дәрілерге шекті баға бекітілетінін жеткізді.

«Менің ойымша, біздің ұсынысымыз әзірге Үкіметтің бұйрығымен және қаулысымен өтеді. Бірақ та жалпы бұл норманы біз маусымнан бастап Мәжілісте қаралатын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске түзетулерде бекітудеміз. Дәрілерге мемлекеттік реттеу биылдан басталуы тиіс»,-деп түйді вице-министр.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: