АҚМОЛА ОБЛЫСЫ Жалпы жұмыс өтілі 89 жыл
Сәлемдемелер, аударымдар, телеграммалар, хаттар мен ашық хаттар...Мөрқалыптар, индекстер, мөрлер, қодтар: бір көргенде ерлік пен үлкен жаңалықтарға орын жоқ сияқты көрінген пошта бөлімшесінің күннен күнге, жылдан жылға ұласып жатқан тірлігінің сыртында мыңдаған адамдардың тағдыры жатыр.
Бір қарағанда ғана осылай болып көрінеді. Ал байыптап үңілсеңіз, уақтылы жеткізілген кішкентай ғана қағаз конверт немесе телеграммадағы бірнеше жолдарға хирургтың еңбегінен кем түспейтін шаруалар тәуелді болып жатады.
Тап осындай жауапкершілік – адамның кәсіби ғана емес, адамгершілік қасиеттерін де сынға алатын өнер! Ерейментау қаласы аудандық пошта бөлімшесінде адамдарға адал қызмет етуге өз ғұмырын арнаған Нина Рудофилова осы сынақтардан сүрінбей өтіп келеді. Өзінің кәсібіне деген сүйіспеншілігін ол қыздарына да мұраға қалдырды.
Осынау тамаша әулетте еңбек етіп келе жатқан әйелдердің жанқиярлық және мінсіз еңбегінің арқасында қазақстандықтар 70 жылдан бері бір-бірімен байланысып, қашықтықтар мең құрлықтарды кесіп өтіп, қуанышты жаңалықтарымен бөлісіп келеді. Иә, 70 жылдан астам уақыт бойы жүздеген газеттер, хаттар, сәлемдемелер мен телеграммалар Нина Рудофилова мен оның ұйымшыл отбасы мүшелерінің жүрек жылуын сақтап келеді.
Рудофиловтер әулеті