Тоныкөк, Тоқсары

24 Мамыр 2013, 05:48

Тоныкөк Тоныкөк (646-738) — көне түркі қағанатының бас қолбасшысы, қағанабызы (кеңесші). Көк түркілердің ақ сүйектер әулетінен. Жастай Қытай императорлар мектебінде дәріс алған. Одан соң алты—жеті жылдай мемлекет қызметін атқарады. 679 жылғы көтерілісте түркілерді қолдағаныүшін түрмеге отырғызылады. Қандастары арасында зор беделге ие болады. Соны өз мақсаттарына пайдаланбақ болған қытай билеушілерінің арам айласы іске аспай, арнайы тапсырмамен жіберілген Т. келген бетте-ақ көтерілісшілер қатарына қосылады. Әйгілі әскербасы көне дүниенің кемеңгер көсемдерінің бірі болған, Оның терең ойлы сөздерінде зор отансүйгіштік пен көрегендік рух бар.   Ақыл иесі - сөз иесі. Ақыл-ой туралы Жеріңді жат баспағай. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қағаны - батыр, ақылгөйі - кемеңгер елдің бағы жанады. Отан, туған жер туралы Аяқтан шалма, қапыда қалма. Жан беріп, жан алысар жорықта, Жауым көп деп қорықпа. Жауың басынса - жолың жабылар. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жауыңды - басындырма, халқыңды - ашындырма. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Қағансыз ел - кіріптар. Біріккен батыр жау алар. Батырлық, ерлік туралы Пәтуәсіз ер - елге сор. Батырлық, ерлік туралы Ел қамын жеген ер - басшы. Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені. Батырлық, ерлік туралы Жеңілістің өзінен де ұяты жаман. Ар-намыс, ұят туралы Қаған парызы - халқының қарнын тойғызып, мерейін өсіріп отыру. Түнде - ұйқы көрмедім, күндіз - күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып - бәрі елім үшін! Отан, туған жер туралы   Тоқсары Тоқсары (ІІ ғ.) — скиф философы. Т. еңбектері жайлы деректерді әйгілі замандасы, ірі ойшыл әрі сатирик-жазушы Лукиан шығармаларынан кездестіруге болады. Оның «Токсарид және достық» деген сол кезде кең тараған философиялық диалог формасында жазылған көлемді туындысы бар.   Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ. Достық туралы Достық туралы көп сөзден достық пейілді бір іс артық. Достық туралы Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады. Жақсы мен жаман туралы Ерлігі бар - елге жағар. Батырлық, ерлік туралы Ерлік жасағанның атасын сұрап алаламас болар. Батырлық, ерлік туралы Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ. Достық туралы Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы. Адамгершілік туралы Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ. Достық туралы Досын сатқан - қасын сатқанмен бірдей. Достық туралы Қызыл сөзге салыну - қызған отқа қарылу. Асыл сөз туралы Құдалық та - достықтың дәнекері. Достық туралы Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен. Достық туралы Дос көп болмайды. Достық туралы Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ. Достық туралы Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей. Достық туралы Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады. Достық туралы Көзіңді ойып берсең де - дос көңілін қалдырма. Достық туралы Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ. Достық туралы Өмір - самал, ажал - амал. Адам өмірі туралы Құлақ сарсытқан көп сөз. Асыл сөз туралы Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан. Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені. Сейсенге сенсең - маған сен.  Достық туралы   Абақ: «Бала белде - өлгеннің орны толар, бірақ жақсы боларын кімбілген; Гиндандай сенімді дос опат болса - орны қалай толар». Достық туралы    Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы


Тоныкөк

Тоныкөк (646-738) — көне түркі қағанатының бас қолбасшысы, қағанабызы (кеңесші). Көк түркілердің ақ сүйектер әулетінен. Жастай Қытай императорлар мектебінде дәріс алған. Одан соң алты—жеті жылдай мемлекет қызметін атқарады. 679 жылғы көтерілісте түркілерді қолдағаныүшін түрмеге отырғызылады. Қандастары арасында зор беделге ие болады. Соны өз мақсаттарына пайдаланбақ болған қытай билеушілерінің арам айласы іске аспай, арнайы тапсырмамен жіберілген Т. келген бетте-ақ көтерілісшілер қатарына қосылады. Әйгілі әскербасы көне дүниенің кемеңгер көсемдерінің бірі болған, Оның терең ойлы сөздерінде зор отансүйгіштік пен көрегендік рух бар.

 

Ақыл иесі - сөз иесі.

Ақыл-ой туралы

Жеріңді жат баспағай.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қағаны - батыр, ақылгөйі - кемеңгер елдің бағы жанады.

Отан, туған жер туралы

Аяқтан шалма, қапыда қалма.

Жан беріп, жан алысар жорықта,

Жауым көп деп қорықпа.

Жауың басынса - жолың жабылар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жауыңды - басындырма, халқыңды - ашындырма.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қағансыз ел - кіріптар.

Біріккен батыр жау алар.

Батырлық, ерлік туралы

Пәтуәсіз ер - елге сор.

Батырлық, ерлік туралы

Ел қамын жеген ер - басшы.

Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені.

Батырлық, ерлік туралы

Жеңілістің өзінен де ұяты жаман.

Ар-намыс, ұят туралы

Қаған парызы - халқының қарнын тойғызып, мерейін өсіріп отыру. Түнде - ұйқы көрмедім, күндіз - күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып - бәрі елім үшін!

Отан, туған жер туралы

 

Тоқсары

Тоқсары (ІІ ғ.) — скиф философы. Т. еңбектері жайлы деректерді әйгілі замандасы, ірі ойшыл әрі сатирик-жазушы Лукиан шығармаларынан кездестіруге болады. Оның «Токсарид және достық» деген сол кезде кең тараған философиялық диалог формасында жазылған көлемді туындысы бар.

 

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

Достық туралы

Достық туралы көп сөзден достық пейілді бір іс артық.

Достық туралы

Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.

Жақсы мен жаман туралы

Ерлігі бар - елге жағар.

Батырлық, ерлік туралы

Ерлік жасағанның атасын сұрап алаламас болар.

Батырлық, ерлік туралы

Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.

Достық туралы

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.

Адамгершілік туралы

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

Достық туралы

Досын сатқан - қасын сатқанмен бірдей.

Достық туралы

Қызыл сөзге салыну - қызған отқа қарылу.

Асыл сөз туралы

Құдалық та - достықтың дәнекері.

Достық туралы

Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен.

Достық туралы

Дос көп болмайды.

Достық туралы

Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ.

Достық туралы

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.

Достық туралы

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.

Достық туралы

Көзіңді ойып берсең де - дос көңілін қалдырма.

Достық туралы

Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.

Достық туралы

Өмір - самал, ажал - амал.

Адам өмірі туралы

Құлақ сарсытқан көп сөз.

Асыл сөз туралы

Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан. Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені. Сейсенге сенсең - маған сен. 

Достық туралы

  Абақ: «Бала белде - өлгеннің орны толар, бірақ жақсы боларын кімбілген; Гиндандай сенімді дос опат болса - орны қалай толар».

Достық туралы

 

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: