Сайф Сарайи

Сарайи Сайф (1321-1396) - ойшыл, ақын. Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласында тұрған. Кейін мәмлүктер билеп тұрған Мысырға барған. 1391 жылы парсының ұлы ақыны Шеих-Маслах-әд-дин Сағдидың әйгілі «Гүлстан» поэмасын сол кезде халықаралық қолданыста кең пайдаланылатын қыпшақ тіліне аударған.

Тайып бара жатқанға таяныш бол.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Табысы жоқтың - танысы жоқ.

Құр тілекпен бек атана алмайсың.

Қиындық көрмей байлық келмейді.

Еңбек туралы

Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.

Адам өмірі туралы

Саулығымды сақтаймын десең аз же, бірақ уақытылы же.

Денсаулық туралы

Артық ішкен ас - зиян.

Денсаулық туралы

Жанжалдың шоғы қызарса - ақылдың суын сеп.

Ақыл-ой туралы

Біліктінің орны - төр.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл - жоқты даулар.

Ақыл-ой туралы

Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл - надан басқа кірмейді.

Ақыл-ой туралы

Ақымақты мақтасаң - қуанар.

Надандық, ақымақтық туралы

Ісмер қайда жүрсе де ақша табады.

Еңбек туралы

Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме.

Ар-намыс, ұят туралы

Білім - ердің дәулеті.

Ғылым-білім, өнер туралы

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

Еңбек туралы

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.

Надандық, ақымақтық туралы

Надандар білімді адамды көре алмайды.

Надандық, ақымақтық туралы

Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді.

Еңбек туралы

Қате сөйлеп, кейін өкінгеннен гөрі - тек тұрған жақсы.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.

Дін, иман туралы

Түйнектен - ағаш өседі, түйір дәннен - қамба толады.

Еңбек туралы

Адамға шабатын арыстаннан - жүк таситын есек артық.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.

Еңбек туралы

Сорлы есектің құны жоқ - жүк көтерер күші қымбат.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.

Адам өмірі туралы

Адам - бір оқтық.

Адам өмірі туралы

Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Көңіл берме - көңіл бермес кісіге.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Бейнет көрмегенге - зейнет те жоқ.

Еңбек туралы

Тырнағанмен темір таты кетпейді.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Кісінің түсіне емес, ісіне қара.

Еңбек туралы

Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Алдында тұрсаң - жуас қойдай: сені «дос» деп біледі,

Артында тұрсаң - аш бөрідей теріңді тіледі.

Достық туралы

Туралық - хақтың мейірі.

Әділдік, шындық туралы

Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық.

Әділдік, шындық туралы

Жамандық қылғанға - жақсылықпен жауап бер.

Жақсы мен жаман туралы

Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,

Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.

Жұрт қашардай - қатты болма,

Жұрт таптардай - жуас болма.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.

Надандық, ақымақтық туралы

Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ізгілік пен әділдік өлмейді.

Әділдік, шындық туралы

 

Жаманмен жолдас болма.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тайып бара жатқанға таяныш бол.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Көзеге не құйсаң - соны ішесің,

Көшеге не ексең - соны орасың.

Еңбек туралы

Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.

Достық туралы

Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,

Жайшылықта доспын деген - жай сөз.

Достық туралы

Дос - зынданда жатқанда керек,

Дастархан үстінде - дұшпан да дос.

Достық туралы

Жаман әйел - жақсы еркектің соры.

Әйел, ана туралы

Жүрек кімді қаласа - сол сұлу.

Махаббат туралы

Кісінің көңіліне қара.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ер адам кек сақтамайды.

Ерлік, батырлық туралы

Қадіріңді кетірме:ол - сенің таптырмас байлығың.

Қадір-қасиет туралы

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.

Жақсы мен жаман туралы

Ағаш көркі - жеміс, адам көркі - жақсы іс.

Еңбек туралы

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы