24 Мамыр 2013, 04:10
Орал қаласында 1 маусымнан бастап қоғамдық көліктерде жүру ақысы жоғарыламақ, деп хабарлайды zhaikpress.kz. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы Асқар Мұқановтың сөзіне қарағанда, жолақы 10 теңгеге қымбаттап, 60 теңгені құрайтын болады.
Айта кетейік, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар осыдан жарты жыл бұрын шығынның көптігін айтып, жолақыны 70 теңгеге дейін көтеруді ұсынған болатын. Келісім жолымен оны 60 теңге көлемінде белгілеуге қол жеткізілді.