2015 жылдан бастап ҰБТ-ға қазақ тілі тұрақты енеді

23 Мамыр 2013, 12:03

2015 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілі тұрақты пән болып қалады. Бұл туралы Kazakhstan today хабарлады. Білім және ғылым министрлігі мектеп бітірушілердің білімін бақылауды жетілдіру тетігін ойлап тапты. 2015 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілі тұрақты пән болып қалады да, қалған төрт позиция оқушылардың білім өрісін бір ауқымда қалдырып қоймас үшін жыл сайын ауыстырылып тұрады. «Мегаполис» газетінің жазуынша, Министрліктің мұндай қадамға баруына көптеген ата-аналардың тестілеу пәндерін ауыстыру туралы өтініштері себеп болған. «Бізді соңғы оқу жылында балалардың мектеп бағдарламасындағы басқа пәндерге залал келтіре отырып, тек тестілеу өтетін сабақтарға ғана дайындалатыны үшін жиі сынға алады. Бұл дұрыс емес. Бала жан-жақты дамыған болуы керек», – деді Білім және ғылым министрлігі білім мен ғылым саласын бақылау комитетінің басшысы Серік Ырысәлиев. Бірақ шенеунік ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп пәндерінің қандай қағидатпен алынатынын айтқан жоқ. Басылым сондай-ақ 2015 жылдан бастап мектеп бітіру мен оқуға түсу емтихандарының екі бөлек болып өтетінін де жазып отыр. Мектеп бітірушілер алдымен жоғарыдағы процедура бойынша ұлттық тестілеу тапсырады, сосын жоғары оқу орнына түсу үшін екі профильді пәннен қосымша тестілеуден өтеді. Басылым сонымен қатар, ҰБТ процедурасында биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмайтынын мәлімдеді. Тестілеу 4 маусымда басталады. Қорытынды баллдар оқушының мектеп бітіргеніне берілген баға болып қана қомайды, ол сонымен бірге жоғары оқу орнына түсудің билеті болмақ.

2015 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілі тұрақты пән болып қалады. Бұл туралы Kazakhstan today хабарлады.

Білім және ғылым министрлігі мектеп бітірушілердің білімін бақылауды жетілдіру тетігін ойлап тапты. 2015 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілі тұрақты пән болып қалады да, қалған төрт позиция оқушылардың білім өрісін бір ауқымда қалдырып қоймас үшін жыл сайын ауыстырылып тұрады.

«Мегаполис» газетінің жазуынша, Министрліктің мұндай қадамға баруына көптеген ата-аналардың тестілеу пәндерін ауыстыру туралы өтініштері себеп болған.

«Бізді соңғы оқу жылында балалардың мектеп бағдарламасындағы басқа пәндерге залал келтіре отырып, тек тестілеу өтетін сабақтарға ғана дайындалатыны үшін жиі сынға алады. Бұл дұрыс емес. Бала жан-жақты дамыған болуы керек», – деді Білім және ғылым министрлігі білім мен ғылым саласын бақылау комитетінің басшысы Серік Ырысәлиев. Бірақ шенеунік ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп пәндерінің қандай қағидатпен алынатынын айтқан жоқ.

Басылым сондай-ақ 2015 жылдан бастап мектеп бітіру мен оқуға түсу емтихандарының екі бөлек болып өтетінін де жазып отыр. Мектеп бітірушілер алдымен жоғарыдағы процедура бойынша ұлттық тестілеу тапсырады, сосын жоғары оқу орнына түсу үшін екі профильді пәннен қосымша тестілеуден өтеді.

Басылым сонымен қатар, ҰБТ процедурасында биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмайтынын мәлімдеді. Тестілеу 4 маусымда басталады. Қорытынды баллдар оқушының мектеп бітіргеніне берілген баға болып қана қомайды, ол сонымен бірге жоғары оқу орнына түсудің билеті болмақ.

Бөлісу: