23 Мамыр 2013, 08:41
Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы 11 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. 6 жасынан теңбіл допты серік еткен баланың алғашқы бапкері — Болат Шалаев.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары Несіп Жүнісбаев «Намыс» клубына қазақ балаларын жер-жерден іріктеп жинай бастайды. Сондай балалардың арасында Нұрбол да болған. 11 жасар Нұрболды ата-анасынан қиылып, сұрап алып, Алатау баурайына әкеледі. Өзі қамқор болып, жас баланың жаттығуын қарап, тіпті үйіне-дежатқызады.
Нұрбол 16 жасында өзі туған аймағының «Нарын» клубының шақыруымен елге қайтады. Сол кезде «Нарын» клубы суперлигада өнер көрсетіп жүрген болатын.
Нұрбол алғашқы ойынын Теміртаудың «Болат» клубымен болған ойында өткізеді. Алайда «Нарын» маусым бойы бірде-бір ойында жеңіске жете алмай төмеңгі дивизонға кетеді.
Одан соң Берік Арғымбаевтың шақыруымен «Жетісу» клубана келеді. Әрі негізгі құрамның ойыншысына айналады. Бас бапкер Нұрболды жартылай қорғаушылардың алдына, шабуыл шебіне жақын тұсқа қояды.
Нұрбол сол маусымдағы 30 ойынның 24-інде жасыл алаңға шығады. «Жетісу» сол жылы бар болғаны15-орынмен шектеліп, бірінші лигаға кетеді.
Нұрбол 2000 жылы өзінің командаласы Абай Аманбаевен бірге Қостанайдың «Тобылына» ауысады. Дәл осы клубта Нұрболдың жұлдызы жанып, ерекше көзге түсе бастайды. Алғашқы маусымның өзінде-ақ үздік ойыншылардың біріне айналады.
Көп ұзамай команданың капитаны әрі көшбасшы болады. Ұлттық құрамаға да дәл осы клубтан шақыртылған болатын.
2008 жылы ел чемпионатында бірдей ұпай жинаған «Ақтөбе» мен «Тобыл» арасында жеңімпазды анықтайтын алтын матч өткізіледі. Негізгі уақытта бірін-бірі ала алмаған екі команда 11 метрлік пенальти сериясына жүгінеді.
Соңғы шешуші голды соға алмаған Нұрбол командасына чемпиондық атақты алып бере алмайды… Бұл маусым футболшыға қиын психолгиялық соққымен аяқталады.
Жалпы, Нұрбол 2 маусым «Интертото», 1 маусым УЕФА кубогында доп тепкен. «Тобыл» 2003 жылы «Интертото» кубогында алғашқы 2 кезеңнен өтіп, тек үшіншісінде сүрінеді.
Нұрбол 2006 жылы УЕФА кубогы аясына еуропаға кеңінен танымал «Базель» қақпасына гол соққан болатын (қос кездесудегі жалпы есеп — 1:3).
2007 жылы Нұрбол «Тобылмен» Интертото кубогы аясында «Кәртамыс ғаламның" үш клубын жолынан тайдырып, осы доданың жеңімпаздарының бірі ретінде Еуропа лигасы жолдамасына қол жеткізеді.
Ал Еуропа лигасы додасының електік кезеңінде түріктің әйгілі «Галатасарайына» тап болады. Нұрбол түрік клубының да қақпасына гол соғады (есеп — 1:1).
Ол кезде «Галатасарайдың" бас бапкері бұрынғы атақты футболшы Франк Райкард болатын. Қостанайға бұл клуб Милан Барош, Арда Тұран сияқты жұлдыздарымен келген болатын. Өз жерімізде жеңілуді ұят санаған «Тобыл» жанкүйерлерінің алдында барын салып, тең түскенді.
2010 жыл Нұрбол және оның командасы үшін табысты да, жемісті болды. Дмитрий Огайдың орнына келген Ресей маманы Равиль Сабитов «Тобылмен» Қазақстан чемпионы атанған.
Осылай ұзақ күткен чемпиондық тәжге қол жетеді. 10 жыл табандылық танытқан Нұрболдың да мақсаты орындалады. Соңғы «Атыраумен» өткен шешуші матчтың 70-минутында Жұмасқалиев жеңіс голын соғып, Қостанай жұртшылығын бақыт құшағына бөлейді.
Сұрмергендер тізімінде өзінің командаласы Ұлықбек Бақаевтан ғана кейін орналасады. Сол жылы ҚФФ-ның шешімі бойынша Жұмасқалиев «Жылдың үздік ойыншысы» атанады.
Нұрболға қызығушылық танытқан командалар арасында Мәскеудің «Спартагы», сондай-ақ Англия және Германия клубтары болған.
Бірақ Нұрбол 2011 жылдың 12-ші қаңтарында «Тобылмен» келісім-шарты аяқталған соң елорданың «Локомативіне» (қазіргі «Астана») ауысады. Атаналық клубпен арадағы келісім-шарттың мерзімі 2011 жылдың аяғына дейін болатын.
Сол кезде БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында:
— Мен өмірімде ең қиын шешім қабылдап отырмын. Үздіксіз, 11 маусым бойы Қостанайдың намысын қорғадым. Футболшы ретінде қалытасуым, ел чемпионы болуым, Қазақстан кубогының иегері атануым, жалпы аяқдоп өнерінде танымал болуым — бәрі осы клубпен байланысты. Қостанайдан кету мен үшін ңай емес. Бірақ өмір бір арнада тұрып қалмайды, сондықтан карьерамды «Локомотивте» жалғастыратын болдым, — дегенді.
Қызық болғанда, Нұрболдың «Локомотив» сапындағы алғашқы ойыны еліміздің суперкубогы аясында «Тобылмен» өтетін кездесуге дөп келеді. «Локомотив» сәулетті «Астана-арена» стадионда жеңіске жетіп (2:1), суперкубокты олжалайды.
Елордада Нұрбол команданың вице-капитаны болды. 24 сәуірде Қызылорданың «Қайсарымен» өткен кездесуде екі гол соғып (дубль), өзінің 130-ші добын енгізеді.
Маусым соңында команданың ең пайдалы ойыншысы атанады. 10 гол соғып, 13 рет нәтижелі пас береді. Команданың жасыл алаңда ең көп уақыт өткізген ойыншысы да осы Нұрбол болады.
Сол жылы барлық доданы есепке алғанда, 33 ойын өткізеді. Мергендер тізімінде үшінші болады.
Ал 2011 жылдың 20 желтоқсанында «Тобылға» қайта оралады.
Сол кезде «Қостанай клубына қайта оралғаныма өте қуаныштымын, «Тобылдың" жоғары орындардан көрінуіне барымды салатын боламын» дегені әлі есімізде.
«Тобылға» қайта оралуы да өте сәтті басталады. Алғашқы кездесуін «Қайрат» клубымен болған матчта өткізіп, Нұрболдың командасы 4:0 есебімен үстемдік танытады. Өзі 1 гол соғып, командаластары оның тамаша екі пасын кәдеге жаратады.
Осылайша қайтадан «Тобылдың" капитаны болады. «Тобыл» биылғы мауымды бесінші орынмен тамамдады. Соңғы кездесулеріне жеңіліске ұшырап, Еурододаға қатысуға құқық беретін жүлделі орындардан көріне алмады.
Ұлттық құрамада
Ұлттық құрамадағы ең алғашқы (дебюттік) кездесуін 2001 жылы 14 қараша күні, 20 жасында өткізген. Бұл күні біздің құрама Эстония футболшыларымен кездескен еді.
2007 жылы 24 наурызда «Еуро-2008» додасының електік сыны аясында, Алматыда Сербия құрамасын қабылдағанда бұрыштан келген допты қақпаға тоғытып, алты алаштың абыройын асқақтатты.
Бұл УЕФА құрамына енгелі бергі, ресми кездесулердегі алғашқы жеңісіміз болатын. Бұл жеңіс — жанкүйер қауымның әлі күнге дейін ұмыта алмай, тамсанып айтып жүрген жетістігі.
Бұрақ ұлттық құрам тізгінін Бернд Шторк ұстаған соң Нұрбол құрамадағы бірнеше ойынға шақыртылмады. Неміс манаы тек бір жылдан кейін Оман құрамсымен өткен жолдастық кездесуге ғана шақыртады.
Одан соң «Еуро-2012» додасының іріктеу турниріндегі алғашқы кездесулерге қатысып шықты. Бірақ Германиямен болған екінші ойыннан соң Мирослов Беранек тәжірибелі ойыншылардың көбісінен бас тарып, жаңа құрама жасақтауға көшті…
Нұрбол — еліміздегі айып соққысын ең тәуір орындайтын шебер ойыншылардың бірі. Әрине, қазақ футболында бір жылда 91 гол соғатын Месси немесе 171 ойында 171 гол соғатын Криштиану Роналду сияқты тума таланттар жоқ, әзірше.
Бізге әзірше ел чемионатында 100 голдан көп соққан ойыншыларды санаумен жүрміз. Олардың өзі көп емес. Нұрбол — сол тізімнің үшінші сатысында тұрған ойыншы. Еншісінде — бүгінге дейін 143 гол. Ұлттық құрама сапында 54 кездесу өткізіп, 6 гол соққан.
Жетістіктері:
«Тобыл»
Қазақстан чемпионы: 2010
Күміс жүлдегері: 2003,2005,2007,2008
Қола жүлдегер: 2002,2004,2006
Қазақстан кубогының иегері: 2007
Интертото кубогының жеңімпазы: 2007
«Астана»
Қазақстан Суперкубогының иегері: 2011
Жеке жетістіктері:
Ең үздік ойыншы (ҚФФ тұжырымы бойынша): 2010
Ең үздік ойыншы (Goal журналының тұжырымы бойынша): 2003, 2010
Қазақстанның ең үздік жартылай қорғаушысы: 2001, 2003, 2004, 2005
Қазақстанның спорт шебері
Күміс кубок (Ұлттық құрама сапында 50 кездесу өткізгені үшін)
Жеке өмірі
Әсел есімді арумен бас қосқан. 2010 жылы София есімді қызы өмірге келді. 2012 жылы Адам есімді ұлдың әкесі атанды.
Міне, біз білетін Нұрбол осындай. Лайым Нұрбол сияқты, тіпті одан асып түсетін аяқдоп шеберлері көп болсын, қазақта!