Хельсинкиде 104 жылдық ағаш трамвай жүйіткіп жүр

23 Мамыр 2013, 04:16

Хельсинкиде жаз бойы ескі ағаш трамвайға мініп, қыдыруға мүмкіндік бар. Айта кетер жайт, оның құрастырылғанына 104 жыл толған. Қоғамдық көлік қалалық трамвай паркінің құрамында 1909 жылдан 1956 жылға дейін жолаушыларға қызмет көрсеткен. Пайдалану мерзімі аяқталған соң есептен шығарылған. 2010-2013 жылдар ішінде трамвайды қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Оның басым бөлігін эстондық қолөнер шеберлері жасаған. Енді жаңа түрге енген қоғамдық көлік 18 мамырдан 1 қыркүйекке дейін әр сенбі мен жексенбі күндері жолаушыларға қызмет көрсетеді. Діттеген жерге жету үшін 5 еуро төлеу қажет. ҚазАқпарат.

Хельсинкиде жаз бойы ескі ағаш трамвайға мініп, қыдыруға мүмкіндік бар.

Айта кетер жайт, оның құрастырылғанына 104 жыл толған.

Қоғамдық көлік қалалық трамвай паркінің құрамында 1909 жылдан 1956 жылға дейін жолаушыларға қызмет көрсеткен. Пайдалану мерзімі аяқталған соң есептен шығарылған. 2010-2013 жылдар ішінде трамвайды қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Оның басым бөлігін эстондық қолөнер шеберлері жасаған.

Енді жаңа түрге енген қоғамдық көлік 18 мамырдан 1 қыркүйекке дейін әр сенбі мен жексенбі күндері жолаушыларға қызмет көрсетеді. Діттеген жерге жету үшін 5 еуро төлеу қажет.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: