23 Мамыр 2013, 04:12
Forbes журналының әлемнің ең ықпалды әйелдерінің есімін анықтайтын жыл сайынғы рейтингінде бірінші орынды Германия канцлері Ангела Меркель иеленді, деп жазады РБК. Ол кейнгі 10 жыл ішінде бұл тізімде 7-ші рет көш бастап тұр.
Екінші орында Бразилия президенті Дилма Русеф тұр. Үшінші орын Microsoft корпорациясы басшысы Билл Гейтстің зайыбы Миланда Гейтске бұйырыпты. Бұдан соңғы орындарда АҚШ-тың бірінші ханымы – Мишель Обама мен АҚШ мемлекеттік хатшысы болған Хиллари Клинтон тұр, деп жазады дереккөзі.
Baq.kz