Мәскеу қара қоңыздың астында қалды

23 Мамыр 2013, 03:22

Мәскеу тұрғындары ірі қара қоңыздардың шабуылынан мезі болғанын айтып, тиісті орындарға жиі шағым түсіре бастады. Мамандардың айтуынша, қара қоңыздардың қаптауына ауа райындағы өзгерістер себеп. Utro.ru-дың хабарлауынша, жиір­кенішті жәндіктер қала көше­лерінде де, мәскеулік баспаналарда да көбейген. Тұрғындардың шағымы елдің бас санитарына да жетті. Геннадий Онищенко бұл қоңыз­дар­дың зиянсыз екенін айтып, мәс­кеуліктерге құр дүрлікпеуге кеңес береді. Қара қоңыздар ғылым тілінде «жуанаяқ маса» деп аталады. Мамандар биылғы қыс бұл жән­діктердің көбеюіне қолайлы бол­ғанын айтады. Мәскеу тұр­ғындары олардан жуық арада құ­тылмайтын сияқты. Өйткені бұл қоңыздар жаздың ыстығында тағы да көбейе түседі екен. «Бұл жәндіктер өсім­діктермен қоректенеді, құртын топыраққа тастайды. Олардың үй-үйлерге кіріп кететіні, киім-кешекке тұрып алатыны рас, бірақ олар ешқандай инфекция таратпайды», – дейді энтомолог Юлия Ловцова. Baq.kz

Мәскеу тұрғындары ірі қара қоңыздардың шабуылынан мезі болғанын айтып, тиісті орындарға жиі шағым түсіре бастады. Мамандардың айтуынша, қара қоңыздардың қаптауына ауа райындағы өзгерістер себеп.

Utro.ru-дың хабарлауынша, жиір­кенішті жәндіктер қала көше­лерінде де, мәскеулік баспаналарда да көбейген. Тұрғындардың шағымы елдің бас санитарына да жетті. Геннадий Онищенко бұл қоңыз­дар­дың зиянсыз екенін айтып, мәс­кеуліктерге құр дүрлікпеуге кеңес береді. Қара қоңыздар ғылым тілінде «жуанаяқ маса» деп аталады. Мамандар биылғы қыс бұл жән­діктердің көбеюіне қолайлы бол­ғанын айтады. Мәскеу тұр­ғындары олардан жуық арада құ­тылмайтын сияқты. Өйткені бұл қоңыздар жаздың ыстығында тағы да көбейе түседі екен. «Бұл жәндіктер өсім­діктермен қоректенеді, құртын топыраққа тастайды. Олардың үй-үйлерге кіріп кететіні, киім-кешекке тұрып алатыны рас, бірақ олар ешқандай инфекция таратпайды», – дейді энтомолог Юлия Ловцова.

Baq.kz

Бөлісу: