«Инемді тап», «Қаһарлы-Бану»

22 Мамыр 2013, 05:04

«Инемді тап» «Инемді тап» — ойынына керегі бір ине. Ойын отырып ойналады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Бірақ олар кезектесіп екі-екіден ойнайды да, қалғандары көбінесе көрермен ретінде қатынасады. Бұған қатынасатын екі адамның бірі ойынның сырын біледі де, екіншісі білмейді. Ойынның сырын білетін ойыншы жүргізуші болады. Жүргізуші мұндай ойынды бұрын көрмеген аңқаулау біріне келіп: «Сен мына инені үстіңе түйреп қой, мен иіскеп табамын» — деп көндіреді де, өзі далаға шығып бөркін айналдырып киіп, төбесіне көбірек етіп күйе жағады. Үйге кірген соң басын көтеріңкіреп: — «Ал сақтан, енді мен сені иіскеп, инемді табамын»,— деп, ине жасырған адамның ол жер, бұл жерін иіскелейді. Біраздан соң таптым: «Жағада екен»,— деп, жағасын қос қолдап мықта ұстап тұрып, білдірмей иіскеген болып, төбесіндегі күйені бетіне жаға береді. Үй-іші қыран-топан күледі. Тыққан адам қарсыласының инені табалмағанына мәз болып ол да күледі. Ал отырған топ оның бетіне күйе жағылып қап-қара болғанына күліп, мәз болып, көңілдерін көтереді. Ойын қайталанып ойналады. Ине жасырушы ойынның бұл құпиясын білмеуі керек. «Қаһарлы-Бану» «Қаһарлы-Бану» ойыны қазақ халық ертегісінің мазмұнында қалыптасып, ұлт ойынының негізін құрайды. Ойынға жиылғандар, жайғасып отырған соң, ойын жүргізуші ойынның мазмұнын баяндайды «Баяғыда анасынан жастайынақ жетім қалған Қаһарлы бір байдың қолында күнелту үшін жалшылықта жүреді. Өмір бойына қарны тойып ас ішпеген, иығы жылтырап киім кимеген жас Қаһарлы байдың Бану деген қызына ғашық болады. Қыз да өзінің Қаһарлыны сүйетіндігін білдіреді. Бұларды қоғамдық жағдай қоспайтындығына көздері жеткен екі ғашық бір күні түнде Қаһарлының әкесінен мұра болып қалған жалғыз сиырына мінгесіп, Арабияның шөлін аралап кете барыпты. Содан шөл далада қол ұстасып жүрген уақытта сиырын сойып жеп, күн кешіпті-міс,— деп ойын жүргізуші сөзін тамамдай келіп, ойыншыларға енді мен аяқтамаған махаббат әңгімесін сендер өздерің жалғастырасыңдар, қазір Қаһарлы мен Банудың сиыр етін қалай мүшелеп жеп күнелткендеріне тоқталайық»,— деп, ойыншылардың көңілін аулайды. Содан соң ойын жүргізуші: Ал ойнаушы қауым, сіздерге жаңағы Қаһарлы мен Банудың мүшелері бойынша әр мүшеге ат қойып шығып, қастарыңа барып, әр түрлі сұрақтар сұраймын, сонда күлмей отырып, барлық сұраққа жаңағы мүше атынан ғана жауап бересің. Мысалы, бірінші ойыншы «тұмсық», екінші ойыншы —«сирақ», үшінші — «құйрың», төртінші —«өкпе», бесінші ..., т. б. Осылайша барлық ойыншылар мүше атанады. Енді жүргізуші бірінші ойыншыдан бастап сұрай бастайды: «Атың кім?», ойыншы: «Тұмсық». «Не жедің?», «Тұмсық», «Кімді көрдің?», «Тұмсық», «Сүйгенің кім?», «Тұмсық». Осылайша не күліп, не жаңылғанға дейін сұрай береді. Егер кімде-кім күліп, не жаңылысып, басқаша жауап беріп қойса, қаламы ма, тарағы ма, қол орамалы ма, әйтеуір кез келген белгілі бір затын береді. Осылайша барлық ойыншылардан сұрап, бәрінен бір-бір белгілі заттарын алып, ойын жүргізуші топтың ортасына келеді. Содан өзінің жаңағы затты жинап жүрген көмекшісін теріс қаратып қойып, ойыншылардан жиналған заттарын бір-бірден алып, не істейтіндігі жөнінде билік айтқызады. Әдетте өнердің барлық түрін көрсетеді. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын ертегінің негізінде құрылғандықтан уақытты көп алады да, оны бір отырыста бір-ақ рет ойнауға тура келеді.


«Инемді тап»

«Инемді тап» — ойынына керегі бір ине. Ойын отырып ойналады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Бірақ олар кезектесіп екі-екіден ойнайды да, қалғандары көбінесе көрермен ретінде қатынасады. Бұған қатынасатын екі адамның бірі ойынның сырын біледі де, екіншісі білмейді. Ойынның сырын білетін ойыншы жүргізуші болады.

Жүргізуші мұндай ойынды бұрын көрмеген аңқаулау біріне келіп: «Сен мына инені үстіңе түйреп қой, мен иіскеп табамын» — деп көндіреді де, өзі далаға шығып бөркін айналдырып киіп, төбесіне көбірек етіп күйе жағады. Үйге кірген соң басын көтеріңкіреп: — «Ал сақтан, енді мен сені иіскеп, инемді табамын»,— деп, ине жасырған адамның ол жер, бұл жерін иіскелейді. Біраздан соң таптым: «Жағада екен»,— деп, жағасын қос қолдап мықта ұстап тұрып, білдірмей иіскеген болып, төбесіндегі күйені бетіне жаға береді. Үй-іші қыран-топан күледі. Тыққан адам қарсыласының инені табалмағанына мәз болып ол да күледі. Ал отырған топ оның бетіне күйе жағылып қап-қара болғанына күліп, мәз болып, көңілдерін көтереді. Ойын қайталанып ойналады. Ине жасырушы ойынның бұл құпиясын білмеуі керек.

«Қаһарлы-Бану»

«Қаһарлы-Бану» ойыны қазақ халық ертегісінің мазмұнында қалыптасып, ұлт ойынының негізін құрайды. Ойынға жиылғандар, жайғасып отырған соң, ойын жүргізуші ойынның мазмұнын баяндайды «Баяғыда анасынан жастайынақ жетім қалған Қаһарлы бір байдың қолында күнелту үшін жалшылықта жүреді. Өмір бойына қарны тойып ас ішпеген, иығы жылтырап киім кимеген жас Қаһарлы байдың Бану деген қызына ғашық болады. Қыз да өзінің Қаһарлыны сүйетіндігін білдіреді. Бұларды қоғамдық жағдай қоспайтындығына көздері жеткен екі ғашық бір күні түнде Қаһарлының әкесінен мұра болып қалған жалғыз сиырына мінгесіп, Арабияның шөлін аралап кете барыпты. Содан шөл далада қол ұстасып жүрген уақытта сиырын сойып жеп, күн кешіпті-міс,— деп ойын жүргізуші сөзін тамамдай келіп, ойыншыларға енді мен аяқтамаған махаббат әңгімесін сендер өздерің жалғастырасыңдар, қазір Қаһарлы мен Банудың сиыр етін қалай мүшелеп жеп күнелткендеріне тоқталайық»,— деп, ойыншылардың көңілін аулайды.

Содан соң ойын жүргізуші: Ал ойнаушы қауым, сіздерге жаңағы Қаһарлы мен Банудың мүшелері бойынша әр мүшеге ат қойып шығып, қастарыңа барып, әр түрлі сұрақтар сұраймын, сонда күлмей отырып, барлық сұраққа жаңағы мүше атынан ғана жауап бересің. Мысалы, бірінші ойыншы «тұмсық», екінші ойыншы —«сирақ», үшінші — «құйрың», төртінші —«өкпе», бесінші ..., т. б. Осылайша барлық ойыншылар мүше атанады. Енді жүргізуші бірінші ойыншыдан бастап сұрай бастайды: «Атың кім?», ойыншы: «Тұмсық». «Не жедің?», «Тұмсық», «Кімді көрдің?», «Тұмсық», «Сүйгенің кім?», «Тұмсық».

Осылайша не күліп, не жаңылғанға дейін сұрай береді. Егер кімде-кім күліп, не жаңылысып, басқаша жауап беріп қойса, қаламы ма, тарағы ма, қол орамалы ма, әйтеуір кез келген белгілі бір затын береді. Осылайша барлық ойыншылардан сұрап, бәрінен бір-бір белгілі заттарын алып, ойын жүргізуші топтың ортасына келеді. Содан өзінің жаңағы затты жинап жүрген көмекшісін теріс қаратып қойып, ойыншылардан жиналған заттарын бір-бірден алып, не істейтіндігі жөнінде билік айтқызады. Әдетте өнердің барлық түрін көрсетеді. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын ертегінің негізінде құрылғандықтан уақытты көп алады да, оны бір отырыста бір-ақ рет ойнауға тура келеді.

Бөлісу: