Қадыр Мырза Әлі-5

22 Мамыр 2013, 04:53

Туған елі, туған халқы үшін ол өзінің иықтағы басын берді. Біз оның дұрыстап бір асын да бере алмадық! Елміз деп несіне шіренеміз! (Ақын бұл жерде Махамбетті айтып отыр) Ақындар ғалым болсам, ғылыми жаңалықтар ашсам деп ізденбейді. Білместі білсем, көрместі көрсем деу – талантқа біткен табиғи құштарлық. Диплом түгіл, аттестаты жоқ, бірақ бағзы бір академиктердің өзінен артық білімдар, жан-жақты дарын. Ақындардың сегіз қырлы, бір сырлы болуы Шығыс үшін де, Батыс үшін де бұрыннан жаңалық емес. Ақын атаулының бір жанды жері – тіл болса, Екінші жанды жері- тарих. Әр ұлттың рухани ұрасында, әр ғасырдың ғылми қоймасында біз білмейтін қанша сыр, Қанша құпия жатыр?! Адамды жамандасам да өзімді жамандағаным, ақынды жамандасам да өзімді жамандағаным. Адамзаттың басты қасреті – ол бүгін әділдіктен кетіп қалған. Ақиқаттың өзін өтіріктің аузымен айтады. Өзгені жеңу үшін, өзіңді жеңуің қажет. Сайтандық та, әулиелік те адамның өз ішінде. Сайтанымды өлтірем деп, пайғамбарын да қоса өлтіріп алуы ғажап емес.   Қайталап айта берген сөздің дәмі болмайды. Мен өзімді шарапаттың шуағында өскен бақытты гүлдердің бірімін деп санаймын. Әдебиет пен өнердегі дау - мәңгі дау Мен өзі о бастан байлық, билік, даңқ мәселесіне күдікпен қарап үйренгем. Ол – оқудың, ізденудің нәтижесі емес, жетімдік мектебінің жемісі. Адам қанша мықты болғанмен, Өмір одан гөрі мықтырақ! Есеңгіретіп кеткен кездері де аз емес! Біздің қазақ әдебиетінің қасіреті қалың. Ол негізінен, қызыл империя кезіндегі қуғын-сүргінге байланысты. Адамзатта қанша мінез болса, жазушыларда да сонша мінез бар. Қазақтың бір қошқарына екінші бір қошқарын қарсы қою – отаршылдық саясат үшін жаңалық емес. Жәләп саясат! Өзіне - өзі қанағаттанбау – жақсы қасиет. Біреуге жақсылық жасау үшін әкім болу, бастық болу міндетті емес. Біреуден өшімді алам, кегімді қайтарам, қайткенде де мұқатам деп жазған естелік – естелік емес, ол – оңбаған жазушының портреті. Жазушылар одағын пенде бсқармау керек. Адам басқару керек. Арамдық басқармау керек. Ар басқару керек. Пенделер әр уақытта өз елін ойламайды, өзегін ойлайды. Анаусына да, мынаусына да мүше болып көрдік. Дүниеде ең тез өтетін уақыт – демалыс уақыты. Халқын жеген үкіметтен не үміт, не қайыр?! Басқа халықты біле бермеймін, біздің басты кемшілігіміз – көпсөзділік. Тойда да көп сөз, жиналыста а көп сөз. Сөз! Сөз! Біздің қазақ, негізінен жайбасар, ашық-тесік, етек-жеңін жинап жүрмейтін алқа-салқа халық қой Адам адамды қайталамайды. Өзіне жетпей жатса да, қазақ біреуге ақыл бермей жүре ала ма?! Ақындардың басты қызығы - өлеңдері, шығармашылығы Ал тоталитаризмге ақиқатыңның құны бір тиын! Оған қажеті – саясат, жалған сөз, көз бояу. Әуелі төсек тербеледі, сонысын бесік тербеледі. Біздің дініміз де, құдайымыз да - Әдебиет. Өз басым ақыл мен сезімді бөліп қарауға қарсымын. Өйткені аса білімді, аса ақылды адам қай кезде де қауіпті. Абыройым асқан сайын кітаптарымның шығуы қиындай түсті. Мансапқорлар кресло үшін ар-ожданын да, намысын да сатып жүре береді. Мемлекет қайраткерлерінің бәрі бірдей көсем, бәрі бірдей кемеңгер десек, қателесеміз. Өз халқын өзі тобыр санайтын топас патшалар тарихта көптеп кездеседі. Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет. Жасыратыны жоқ, елдің тағдыры, негізінен, ауыл әкімдерінен бастап, ел басқарып отырған ірі мансап иелеріне, солардың пенделігі мен кісілігіне байланысты. Кеңес өкіметінің толып жатқан жағымды жағы болса да, жанымызды жегідей жеген жұғымсыз жақтары да аз болған жоқ. Соның бірі – цензура. Ресей бір кезде қалай Еуропа жандарымына айналса, АҚШ бұл күнде дүниежүзілік жандарымға айналды. Біздерге өкінішке орай, ұлттың атынан гөрі рудың аты қымбаттау. Біздерде әкесі қазақ, шешесі қазақ ағайындардың өздері де қазақпын деп айта алмайды. Өйткені қазақпын деген сезімнен жұрдай. Біздерді құртып жүрген міне осылар. Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашанда арзанға түскен емес. Әйтеуір бір келетін өлімге мойынсұну – жасықтық емес. Тіршілік қаншалықты қиын, қаншалықты қиямет болған күннің өзінде өмірден қол үзу одан да гөрі қиындау. Дереккөзі: «Ұлт.кз» порталы.

Туған елі, туған халқы үшін ол өзінің иықтағы басын берді. Біз оның дұрыстап бір асын да бере алмадық! Елміз деп несіне шіренеміз! (Ақын бұл жерде Махамбетті айтып отыр)

Ақындар ғалым болсам, ғылыми жаңалықтар ашсам деп ізденбейді.

Білместі білсем, көрместі көрсем деу – талантқа біткен табиғи құштарлық.

Диплом түгіл, аттестаты жоқ, бірақ бағзы бір академиктердің өзінен артық білімдар, жан-жақты дарын.

Ақындардың сегіз қырлы, бір сырлы болуы Шығыс үшін де, Батыс үшін де бұрыннан жаңалық емес.

Ақын атаулының бір жанды жері – тіл болса, Екінші жанды жері- тарих.

Әр ұлттың рухани ұрасында, әр ғасырдың ғылми қоймасында біз білмейтін қанша сыр, Қанша құпия жатыр?!

Адамды жамандасам да өзімді жамандағаным, ақынды жамандасам да өзімді жамандағаным.

Адамзаттың басты қасреті – ол бүгін әділдіктен кетіп қалған.

Ақиқаттың өзін өтіріктің аузымен айтады.

Өзгені жеңу үшін, өзіңді жеңуің қажет.

Сайтандық та, әулиелік те адамның өз ішінде.

Сайтанымды өлтірем деп, пайғамбарын да қоса өлтіріп алуы ғажап емес.  

Қайталап айта берген сөздің дәмі болмайды.

Мен өзімді шарапаттың шуағында өскен бақытты гүлдердің бірімін деп санаймын.

Әдебиет пен өнердегі дау - мәңгі дау

Мен өзі о бастан байлық, билік, даңқ мәселесіне күдікпен қарап үйренгем.

Ол – оқудың, ізденудің нәтижесі емес, жетімдік мектебінің жемісі.

Адам қанша мықты болғанмен, Өмір одан гөрі мықтырақ! Есеңгіретіп кеткен кездері де аз емес!

Біздің қазақ әдебиетінің қасіреті қалың. Ол негізінен, қызыл империя кезіндегі қуғын-сүргінге байланысты.

Адамзатта қанша мінез болса, жазушыларда да сонша мінез бар.

Қазақтың бір қошқарына екінші бір қошқарын қарсы қою – отаршылдық саясат үшін жаңалық емес. Жәләп саясат!

Өзіне - өзі қанағаттанбау – жақсы қасиет.

Біреуге жақсылық жасау үшін әкім болу, бастық болу міндетті емес.

Біреуден өшімді алам, кегімді қайтарам, қайткенде де мұқатам деп жазған естелік – естелік емес, ол – оңбаған жазушының портреті.

Жазушылар одағын пенде бсқармау керек. Адам басқару керек. Арамдық басқармау керек. Ар басқару керек.

Пенделер әр уақытта өз елін ойламайды, өзегін ойлайды.

Анаусына да, мынаусына да мүше болып көрдік.

Дүниеде ең тез өтетін уақыт – демалыс уақыты.

Халқын жеген үкіметтен не үміт, не қайыр?!

Басқа халықты біле бермеймін, біздің басты кемшілігіміз – көпсөзділік.

Тойда да көп сөз, жиналыста а көп сөз. Сөз! Сөз!

Біздің қазақ, негізінен жайбасар, ашық-тесік, етек-жеңін жинап жүрмейтін алқа-салқа халық қой

Адам адамды қайталамайды.

Өзіне жетпей жатса да, қазақ біреуге ақыл бермей жүре ала ма?!

Ақындардың басты қызығы - өлеңдері, шығармашылығы

Ал тоталитаризмге ақиқатыңның құны бір тиын! Оған қажеті – саясат, жалған сөз, көз бояу.

Әуелі төсек тербеледі, сонысын бесік тербеледі.

Біздің дініміз де, құдайымыз да - Әдебиет.

Өз басым ақыл мен сезімді бөліп қарауға қарсымын.

Өйткені аса білімді, аса ақылды адам қай кезде де қауіпті.

Абыройым асқан сайын кітаптарымның шығуы қиындай түсті.

Мансапқорлар кресло үшін ар-ожданын да, намысын да сатып жүре береді.

Мемлекет қайраткерлерінің бәрі бірдей көсем, бәрі бірдей кемеңгер десек, қателесеміз.

Өз халқын өзі тобыр санайтын топас патшалар тарихта көптеп кездеседі.

Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.

Жасыратыны жоқ, елдің тағдыры, негізінен, ауыл әкімдерінен бастап, ел басқарып отырған ірі мансап иелеріне, солардың пенделігі мен кісілігіне байланысты.

Кеңес өкіметінің толып жатқан жағымды жағы болса да, жанымызды жегідей жеген жұғымсыз жақтары да аз болған жоқ. Соның бірі – цензура.

Ресей бір кезде қалай Еуропа жандарымына айналса, АҚШ бұл күнде дүниежүзілік жандарымға айналды.

Біздерге өкінішке орай, ұлттың атынан гөрі рудың аты қымбаттау.

Біздерде әкесі қазақ, шешесі қазақ ағайындардың өздері де қазақпын деп айта алмайды. Өйткені қазақпын деген сезімнен жұрдай. Біздерді құртып жүрген міне осылар.

Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашанда арзанға түскен емес.

Әйтеуір бір келетін өлімге мойынсұну – жасықтық емес.

Тіршілік қаншалықты қиын, қаншалықты қиямет болған күннің өзінде өмірден қол үзу одан да гөрі қиындау.

Дереккөзі: «Ұлт.кз» порталы.

Бөлісу: