Қадыр Мырза Әлі-4

22 Мамыр 2013, 04:53

Сапар-саяхатқа құмарлықтың бірінші себебі-көру, білу, сергу, сілкіну болса; екінші себебі - өз тірлігінен, төңірегінен шаршау, жалығу деп ойлаймын. Шығармашылық- ләзатты азап. Қанша сүйікті жұмыс дегенмен, одан да жалығатын сәттер болады. Карта - әзәзіл. Оның қай жерде қалай қағып жібергенін өзің де білмей қаласың. Бір адамға, бірен-саран адамдарға бола халыққа тіл тигізу ақымақтық дер едім. Халық дегеннің өзі аса қасиетті және кең ұғым. Дүние – мүлік, әсіресе байлық – көздің құрты. Ал сол байлықтардың ішінде кітапқа жететін бірдеңе бар дегенге өз басым сене алмаймын Қымбат дүниелердің құны, әдетте ақшамен анықталады. Ақша жүрген жерде қашанда қауіпті. Шынында да, ақын дегеніміз – мәңгі бала. Олардың даналығы мен балалығының арасында шекара жоқ. Билік үшін хан тұқымы да, қара да қан төгеді. Үлкендерді қойшы, өз ортасында үстемдік жүргізу үшін балалар бақшасының бүлдіршіндеріне шейін бар күшін салады. Қай қошқар жеңсе, үйірге сол қожа. Қай айғыр жеңсе, үйірге сол ие. Жыртқыштарға жалпы дауа жоқ! Билікқұмарлық, мансапқорлық, шенқұмарлық, бұл негізінен адамның өзі тауып алатын дерт. Әмірге ергендердің аман қалғандары, сарайға жақындағандардың сау қалғандары шамалы. Басқаны білмеймін, ал хан сарайында ұзақ қызмет істеген адамдардың сөзіне де, ісіне де сенуге болмайды. Олардың ақыл ойлары, тіпті адамдық-азаматтық сезімдері де деформацияға ұшырамай қоймайды. Өзгелерді айтпағанда олар өз үйлеріндегі сүйген жарларымен, бала-шағаларымен де дипломатиялық қарым қатынас жасайды. Өзінің қабағын, өзінің тілін күзетумен күндері өтеді. Қарқылдап күле алмайды, еңкілдеп жылай алмайды. Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Ауызын толтырып, айызын қандырып боқтай да алмайды» Ең жаманы - өзі аңтарулы, қаламы – қаңтарулы Қолдан келсе табиғатқа тиіспеген жөн! Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі. Ғарыштық өлшеммен есептегенде планета деп жүрген Жеріміздің өзі бір ауыл ғана. Ақын – жазушылар, меніңше, пайғамбарлығымен емес, пенделігімен қызық. Қолдарынан келгенше, пенделіктен пайғамбарлық жасағандарымен қымбат Көк жалқау деген өте ауыр сөз. Адам - құдайдың шығармасы Махаббат – жүрекке де, сөзге де сыймайтын ұлы сезім. Өзі ұлы ақын өзге ақынды бағаламай тұра алмайды. Жалпы ақын деген халықтың, елім деп туған ерлердің бір қолы қаламнан босамаса, бір қолы қарудан босамаған. Дереккөзі: «Ұлт.кз» порталы.

Сапар-саяхатқа құмарлықтың бірінші себебі-көру, білу, сергу, сілкіну болса; екінші себебі - өз тірлігінен, төңірегінен шаршау, жалығу деп ойлаймын.

Шығармашылық- ләзатты азап.

Қанша сүйікті жұмыс дегенмен, одан да жалығатын сәттер болады.

Карта - әзәзіл. Оның қай жерде қалай қағып жібергенін өзің де білмей қаласың.

Бір адамға, бірен-саран адамдарға бола халыққа тіл тигізу ақымақтық дер едім.

Халық дегеннің өзі аса қасиетті және кең ұғым.

Дүние – мүлік, әсіресе байлық – көздің құрты. Ал сол байлықтардың ішінде кітапқа жететін бірдеңе бар дегенге өз басым сене алмаймын

Қымбат дүниелердің құны, әдетте ақшамен анықталады. Ақша жүрген жерде қашанда қауіпті.

Шынында да, ақын дегеніміз – мәңгі бала. Олардың даналығы мен балалығының арасында шекара жоқ.

Билік үшін хан тұқымы да, қара да қан төгеді.

Үлкендерді қойшы, өз ортасында үстемдік жүргізу үшін балалар бақшасының бүлдіршіндеріне шейін бар күшін салады.

Қай қошқар жеңсе, үйірге сол қожа. Қай айғыр жеңсе, үйірге сол ие.

Жыртқыштарға жалпы дауа жоқ!

Билікқұмарлық, мансапқорлық, шенқұмарлық, бұл негізінен адамның өзі тауып алатын дерт.

Әмірге ергендердің аман қалғандары, сарайға жақындағандардың сау қалғандары шамалы.

Басқаны білмеймін, ал хан сарайында ұзақ қызмет істеген адамдардың сөзіне де, ісіне де сенуге болмайды. Олардың ақыл ойлары, тіпті адамдық-азаматтық сезімдері де деформацияға ұшырамай қоймайды. Өзгелерді айтпағанда олар өз үйлеріндегі сүйген жарларымен, бала-шағаларымен де дипломатиялық қарым қатынас жасайды. Өзінің қабағын, өзінің тілін күзетумен күндері өтеді. Қарқылдап күле алмайды, еңкілдеп жылай алмайды. Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Ауызын толтырып, айызын қандырып боқтай да алмайды»

Ең жаманы - өзі аңтарулы, қаламы – қаңтарулы

Қолдан келсе табиғатқа тиіспеген жөн!

Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл

Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі.

Ғарыштық өлшеммен есептегенде планета деп жүрген Жеріміздің өзі бір ауыл ғана.

Ақын – жазушылар, меніңше, пайғамбарлығымен емес, пенделігімен қызық. Қолдарынан келгенше, пенделіктен пайғамбарлық жасағандарымен қымбат

Көк жалқау деген өте ауыр сөз.

Адам - құдайдың шығармасы

Махаббат – жүрекке де, сөзге де сыймайтын ұлы сезім.

Өзі ұлы ақын өзге ақынды бағаламай тұра алмайды.

Жалпы ақын деген халықтың, елім деп туған ерлердің бір қолы қаламнан босамаса, бір қолы қарудан босамаған.

Дереккөзі: «Ұлт.кз» порталы.

Бөлісу: