Қадыр Мырза Әлі-1

22 Мамыр 2013, 04:52

Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар. Жүйке ауруы – жалғызілікті емес, көп ағайынды. Туғанда аяқ-қолың балғадай сап-сау болып туғанмен, ертең кім боларыңды бір құдай ғана біледі. Әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім-өмірдің өзі. Адамды ауыртатын да, өлтіретін де сол өмір! Ол тек құжаттарға ғана Өлім деп қол қоя салады! Өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, Өмірден қорық! Ақын - өзінің ішкі дертін, жан ауруын інжуге айналдыратын жұмбақ жан. Дегенмен арақтың істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ, істетпейтіні жоқ. Бүкіл ақын атаулыны маскүнем ғып көрсету – мақсат емес. Менде ондай ой жоқ. Ал енді ішпейтін ақын тағы аз. Қайсібір ақындар үшін дәстүрге айналған дауасыз дерт. Одан зардап шекпеген бақытты әдебиет бар ма екен? Ішіп жүрген оныңды көрген халық он біріншіңді сол онның қатарына калай – солай қоса салады. Арақ адамның шыңырауындағысын шығарып, тереңде жатқан дүлейін оятады. Жынның момыны болмайды Есенин ішсе, бір нәрсе тындырып барып ішкен. Ал біреулер ішіп алып бірдеңе тындырмақ. Тына қояр ма екен! Бір кездері көшіп-қонудан алдымызға жан салмасақ, енді ішуден де озып кете жаздаған жағдайларымыз жоқ емес. Соғысқа берген таланттан ішімдікке берген талантымыз әлдеқайда көбірек десек қателесе қояр ма екенбіз? Арақ қазақ үшін жаңа дерт. Жаңа жау. Оған біздің уыз организміміз қарсы тұрып үйренбеген. Иммунитет мүлдем жоқ. Кәрі-жасымызға қарамай қырып кететін түрібар. Жібек жолын шөп басты. Еуропа ондаған халықты отарласа, темекі мен есірткі Еуропаны отарлады. Отарланған елдер Еуропа тепкісінен құтылды, ал темекі мен есірткі Еуропада мәңгі қалып қойды. Қарақшылар апарған өрт өшті, әкеткен дерт қандарына сіңді. Хайуандар ғана емес, адамдар да түлейді Басқаға еліктесе де адам өлімге еліктемеуі тиіс. Миға кірген ой, шөңгеден де жаман. Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар. Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?! Абыройыңнан айырылып, адамдық қасиетіңді аяққа таптап, күн сайын мың өлгенше, дұрыстап бір өлген де жөн шығар. Бақытсыз деймін, жалпы ақын өзі бақытты бола ма екен? Сол бақытсыздардың бірі, дәлірек айтсақ, нағыз бақытсызы – Марина Цветаева Әңгіменің төркіні - әңгіме. Тыныштық жар төсегінен басталады. Жазмыш логикаға қарамайды. Елге, әсіресе басшыларға, тірі ақыннан гөрі өлген ақын тиімдірек. Олар өкіметтің мазасын алмайды. Айтатынын олар баяғыда айтып, сынайтынын олар баяғыда сынап кеткен. Енді олар оппазиция емес, бар болғаны цитатаға, мысалға айналған Қай кезде де, қай-қай ақынға да оңай емес. Дереккөзі: «Ұлт.кз» порталы.

Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар.

Жүйке ауруы – жалғызілікті емес, көп ағайынды.

Туғанда аяқ-қолың балғадай сап-сау болып туғанмен, ертең кім боларыңды бір құдай ғана біледі.

Әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім-өмірдің өзі.

Адамды ауыртатын да, өлтіретін де сол өмір!

Ол тек құжаттарға ғана Өлім деп қол қоя салады!

Өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, Өмірден қорық!

Ақын - өзінің ішкі дертін, жан ауруын інжуге айналдыратын жұмбақ жан.

Дегенмен арақтың істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ, істетпейтіні жоқ.

Бүкіл ақын атаулыны маскүнем ғып көрсету – мақсат емес. Менде ондай ой жоқ. Ал енді ішпейтін ақын тағы аз.

Қайсібір ақындар үшін дәстүрге айналған дауасыз дерт. Одан зардап шекпеген бақытты әдебиет бар ма екен?

Ішіп жүрген оныңды көрген халық он біріншіңді сол онның қатарына калай – солай қоса салады.

Арақ адамның шыңырауындағысын шығарып, тереңде жатқан дүлейін оятады.

Жынның момыны болмайды

Есенин ішсе, бір нәрсе тындырып барып ішкен. Ал біреулер ішіп алып бірдеңе тындырмақ. Тына қояр ма екен!

Бір кездері көшіп-қонудан алдымызға жан салмасақ, енді ішуден де озып кете жаздаған жағдайларымыз жоқ емес.

Соғысқа берген таланттан ішімдікке берген талантымыз әлдеқайда көбірек десек қателесе қояр ма екенбіз?

Арақ қазақ үшін жаңа дерт. Жаңа жау. Оған біздің уыз организміміз қарсы тұрып үйренбеген. Иммунитет мүлдем жоқ. Кәрі-жасымызға қарамай қырып кететін түрібар.

Жібек жолын шөп басты.

Еуропа ондаған халықты отарласа, темекі мен есірткі Еуропаны отарлады.

Отарланған елдер Еуропа тепкісінен құтылды, ал темекі мен есірткі Еуропада мәңгі қалып қойды.

Қарақшылар апарған өрт өшті, әкеткен дерт қандарына сіңді.

Хайуандар ғана емес, адамдар да түлейді

Басқаға еліктесе де адам өлімге еліктемеуі тиіс.

Миға кірген ой, шөңгеден де жаман.

Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар.

Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!

Абыройыңнан айырылып, адамдық қасиетіңді аяққа таптап, күн сайын мың өлгенше, дұрыстап бір өлген де жөн шығар.

Бақытсыз деймін, жалпы ақын өзі бақытты бола ма екен?

Сол бақытсыздардың бірі, дәлірек айтсақ, нағыз бақытсызы – Марина Цветаева

Әңгіменің төркіні - әңгіме.

Тыныштық жар төсегінен басталады.

Жазмыш логикаға қарамайды.

Елге, әсіресе басшыларға, тірі ақыннан гөрі өлген ақын тиімдірек. Олар өкіметтің мазасын алмайды. Айтатынын олар баяғыда айтып, сынайтынын олар баяғыда сынап кеткен. Енді олар оппазиция емес, бар болғаны цитатаға, мысалға айналған

Қай кезде де, қай-қай ақынға да оңай емес.

Дереккөзі: «Ұлт.кз» порталы.

Бөлісу: