Қалмағамбетовтер әулеті

22 Мамыр 2013, 04:37

жалпы жұмыс өтілі 336 жыл Әлем тоқтаусыз өзгеруде. Техникалық прогресс теміржол бойымен жүйіткіген пойыздардың келбетін түрлендіріп, өз жаңалықтарын енгізуде. Тіпті XXI ғасырдың өзінде де теміржол қателіктерді кешірмейді және адамнан темірдей тәртіпті, барынша зейінді және ұқыпты болуды, кәсібіне шексіз адалдықты және шеберлігін қажымай-талмай шыңдай беруді талап етеді. Теміржолшылар әулетінің негізін қалаған Әлайдар Қалмағамбетов сүйікті кәсібіне 40 жылдан астам өмірін арнапты. Оның жетістіктері мен наградаларын тізіп шығудың өзі біраз уақыт алады, ең бастысы, осы отбасы шын мәнінде мақтаныш тұтатын. нағыз рекорд бар. Біздің республикамыздың теміржолдарында Қалмағамбетовтердің даңқты еңбек әулетінің 16 өкілі жұмыс істейді, ал олардын жалпы еңбек өтілі 300 жылдан асып түсті! Біздің өміріміз шынындада теміржолды еске салады: пойыз құрамдары жүктерін ыңыран атартып, көз алдыңнан табиғат көріністері тізіліп өтіп жатады... Алайда, өздерінің жетістіктеріне жол салған Қалмағамбетовтер әулеті сияқты алғашқы ізашарлар, еңбеккерлер мен көзге түсе бермейтін батырлар сияқты адамдар болмағанда, өмір дәрменсіз тоқтап қалған болар еді.

жалпы жұмыс өтілі 336 жыл

Әлем тоқтаусыз өзгеруде. Техникалық прогресс теміржол бойымен жүйіткіген пойыздардың келбетін түрлендіріп, өз жаңалықтарын енгізуде. Тіпті XXI ғасырдың өзінде де теміржол қателіктерді кешірмейді және адамнан темірдей тәртіпті, барынша зейінді және ұқыпты болуды, кәсібіне шексіз адалдықты және шеберлігін қажымай-талмай шыңдай беруді талап етеді.

Теміржолшылар әулетінің негізін қалаған Әлайдар Қалмағамбетов сүйікті кәсібіне 40 жылдан астам өмірін арнапты. Оның жетістіктері мен наградаларын тізіп шығудың өзі біраз уақыт алады, ең бастысы, осы отбасы шын мәнінде мақтаныш тұтатын. нағыз рекорд бар. Біздің республикамыздың теміржолдарында Қалмағамбетовтердің даңқты еңбек әулетінің 16 өкілі жұмыс істейді, ал олардын жалпы еңбек өтілі 300 жылдан асып түсті!

Біздің өміріміз шынындада теміржолды еске салады: пойыз құрамдары жүктерін ыңыран атартып, көз алдыңнан табиғат көріністері тізіліп өтіп жатады... Алайда, өздерінің жетістіктеріне жол салған Қалмағамбетовтер әулеті сияқты алғашқы ізашарлар, еңбеккерлер мен көзге түсе бермейтін батырлар сияқты адамдар болмағанда, өмір дәрменсіз тоқтап қалған болар еді.

Бөлісу: