Рамзан Қадыров өзінің егіз-сыңарын көрсетті

22 Мамыр 2013, 03:32

Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров өзінің Instagram аккаунтында егіз-сыңарының суретін жариялады. Суретте Қадыров пен егізінен басқа, балалар омбудсмені Павел Астахов, Элизабет Херли мен Жерар Депардье бейнеленген.   «Ассаламу Алейкум! Қайырлы күн, құрметті достар! Сіздерге құпиямды айтайын, бірақ ешкімге тіс жара көрмеңдер. Бүгін өзімнің орныма жұмыс жасауға егізімді жібердім. Мойнына жүктелген жауапкершілікті қалай атқарады екен, көрелік»,-деп жазыпты Қадыров өзінің Instagram парақшасында. Сондай-ақ, Шешенстан президенті «егізімен» жауапкершілік бөліскеннің тиімділігін айтып: «Егізін болған қандай керемет! Біреуі бала бақша аралап, Астаховпен кездесу ұйымдастырса, енді бірі Жерар Депардье мен Элизабет Херлиді қонақ қылады. Қайсымыздың шынайы Рамзан екенін ойлап табыңызшы?»деп жазыпты.  Сөз соңында Қадыров «Түскі асқа жиналдық. Келген қонақтар екеуімізді ажырата алмай, дал болуда. Ал сіздер суретке қарап, қайсы мен, қайсы көмекшім екенін айыра аласыздар ма?»-деп ойландырып қойыпты.  Айта кету керек, Қадыров пен егізінің ұқсастығы сонша, әлеуметтік желі қолданушылары «егіз-сыңары» «фотошоп» арқылы пайда болды деп отыр.   Baq.kz

Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров өзінің Instagram аккаунтында егіз-сыңарының суретін жариялады. Суретте Қадыров пен егізінен басқа, балалар омбудсмені Павел Астахов, Элизабет Херли мен Жерар Депардье бейнеленген.  

«Ассаламу Алейкум! Қайырлы күн, құрметті достар! Сіздерге құпиямды айтайын, бірақ ешкімге тіс жара көрмеңдер. Бүгін өзімнің орныма жұмыс жасауға егізімді жібердім. Мойнына жүктелген жауапкершілікті қалай атқарады екен, көрелік»,-деп жазыпты Қадыров өзінің Instagram парақшасында. Сондай-ақ, Шешенстан президенті «егізімен» жауапкершілік бөліскеннің тиімділігін айтып: «Егізін болған қандай керемет! Біреуі бала бақша аралап, Астаховпен кездесу ұйымдастырса, енді бірі Жерар Депардье мен Элизабет Херлиді қонақ қылады. Қайсымыздың шынайы Рамзан екенін ойлап табыңызшы?»деп жазыпты. 
Сөз соңында Қадыров «Түскі асқа жиналдық. Келген қонақтар екеуімізді ажырата алмай, дал болуда. Ал сіздер суретке қарап, қайсы мен, қайсы көмекшім екенін айыра аласыздар ма?»-деп ойландырып қойыпты. 
Айта кету керек, Қадыров пен егізінің ұқсастығы сонша, әлеуметтік желі қолданушылары «егіз-сыңары» «фотошоп» арқылы пайда болды деп отыр.

 

Baq.kz

Бөлісу: