21 Мамыр 2013, 10:48
Ертең Қазақстанның Елордасында VI Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастамақ. Тәуелсіздік сарайында үш күнге созылатын алқалы жиынға әлемге танымал тұлғалар мен арнайы салалар бойынша білікті сарапшылар қатысып, пікір алмасады деп күтілуде.
Ал алдын ала болжам бойынша форум аясында ұйымдастырылған шаралар нәтижесінде жалпы ұүны 400 млн АҚШ долларын құрайтын, 40-тан астам құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Атап айтқанда, “Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум”, “Ынтымақтастық туралы меморандум’’, “Индуктивті сенсорлы технологиялар өндірісінің бірлестік қауымдастығының келісімі”,“Фильтрлеудің элементтері - климатизация, вентиляция, сұйықтық фильтрация өндірісімен ынтымақтастық жайлы меморандум’’, “Өндіріс пен құрылыс саласындағы арнайы техниканың жиынтығы туралы меморандум ’’, “Алматы қаласының әкімдігі мен БҰҰ – ның Бүкіләлемдік Туристік Ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум ’’. Инновациялық салада меморандум мен келісімге қол қоюшылар тізімі: БҰҰ – ның Еуропа экономикалық комиссиясы және БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық қауымдастығының интеграциялық комитетінің хатшылығы, ҚР Қаржы министрлігі мен Қырғызстан Республикасының қаржы министрлігі, «Казцентрэлектропровод» ЖШС мен Австрия мемлекетіндегі Frauscher Sensortechnik, Польшалық «REMARK-KAYSER» компаниясы мен «Kaznex Invest» АҚ, «Kaznex Invest» АҚ мен Қытай еліндегі Foton Lovol Heavy Industries Co. Ltd., ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Туризм индустриясы комитеті секілді мекемелердің әріптестік мақсаттағы өзара ынтымақтастық құжаттары күшіне енетін болады.
Baq.kz