«Astex 2013» көрмесінде бизнеске арналған электрондық үкімет таныстырылады

21 Мамыр 2013, 05:19

«Astex 2013» көрмесінде бизнеске арналған электрондық үкімет таныстырылады. Бұл жөнінде журналистерге берген сұхбатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Біздің компания көрмеде бірқатар жобаларды ұсынады. Бұл электрондық үкімет порталы, электрондық лицензиялау жүйесі, электрондық нотариат, өзге де қызықты жобалармен таныстырамыз. Оның ішінде бизнеске арналған электрондық үкімет қызығушылық тудырады. Бүгінгі күні электрондық үкімет порталында 157 түрлі электрондық ақпараттық қызмет пен сервистер, екі мыңнан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жыл сайын жетілдірілуде», - деді Р. Еңсебаев. Оның айтуынша, алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Astex 2013» көрмесі отандық мамандар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар арасында тәжірибе алмасып, маңызды мәселелерді талқылайтын алаңға айналуы тиіс. «Ақпараттық технологиялар саласындағы белгілі сарапшылар жиналып отыр. Екі күн бойы осы саланы дамыту мәселелері, соңғы жаңалықтар талқыланады. Біз де өз жобаларымызды көрсетеміз», - деп толықтырды ол.   Bnews.kz

«Astex 2013» көрмесінде бизнеске арналған электрондық үкімет таныстырылады. Бұл жөнінде журналистерге берген сұхбатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Біздің компания көрмеде бірқатар жобаларды ұсынады. Бұл электрондық үкімет порталы, электрондық лицензиялау жүйесі, электрондық нотариат, өзге де қызықты жобалармен таныстырамыз. Оның ішінде бизнеске арналған электрондық үкімет қызығушылық тудырады. Бүгінгі күні электрондық үкімет порталында 157 түрлі электрондық ақпараттық қызмет пен сервистер, екі мыңнан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жыл сайын жетілдірілуде», - деді Р. Еңсебаев.

Оның айтуынша, алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Astex 2013» көрмесі отандық мамандар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар арасында тәжірибе алмасып, маңызды мәселелерді талқылайтын алаңға айналуы тиіс.

«Ақпараттық технологиялар саласындағы белгілі сарапшылар жиналып отыр. Екі күн бойы осы саланы дамыту мәселелері, соңғы жаңалықтар талқыланады. Біз де өз жобаларымызды көрсетеміз», - деп толықтырды ол.

 

Bnews.kz

Бөлісу: