Ұлыбританияның хабарлауынша, 2015 жылы алғашқы астронавтын ғарышқа жібереді. Әскери тікұшақтың бұрынғы ұшқышы майор Тим Пик жарты жылға Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) баруы тиіс.
ВВС мәліметіне қарағанда, ХҒС бортында ол бірқатар ғылыми сараптамалар жасауы қажет екен.
Атап айтқанда,Тим Пик ғарышта Ұлыбританияның бірінші өкілі болмақ.
Бұдан бұрын орбитаға шыққан британдық тума астронавтар АҚШ азаматы ретінде немесе жеке тәртіпте ғарышқа барған.
ХҒС-да Т. Пиктің миссиясы үшін Лондонға 24 миллион доллар көлемінде шығындануға тура келеді.
Билік тарапы Пиктің ғарыштық сапары нақты ғылым мен ғарышты зерттеуде мектеп оқушыларының қызығушылығын ынталандырса, онда бұндай шығындар өзін-өзі ақтайтынын алға тартуда.
ҚазАқпарат.