Олжас Сүлейменов

20 Мамыр 2013, 08:38

Сүлейменов Олжас (1936 ж.т.) - ақын, саяси және қоғам қайраткері, дипломат. Алматы қаласында туған. Әкесінің аты - Омар. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Тіл мен тарих, тюркология проблемалары салаларында әлем ғалымдарының назарын аударып, қызу ғылыми пікірталастар туғызған іргелі зерттеулердің авторы. Еңбектері дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.   Менің дінім - махаббат. Махаббат туралы Тауларды аласартпай-даланы биіктетейік. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Ақиқат қашан да аңғал келеді. Шындық, ақиқат туралы Махаббаттың да өз теоретиктері мен практиктері болады. Махаббат туралы Еркіндік - жалаңаш. Еркіндік туралы Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз-әпсаналарынан іздеңіз. Әдебиет туралы Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері. Мәдениет туралы Мен әр халықтың ертегілерін оқуды ұнатамын: бұл ғажап ғадет - халықтар дүниетанымын ежелгі авторлар метафоралары арқылы тануға жатады. Әдебиет туралы Тарихшы ғылыми жаттандылық біткеннің бәріне күмәнмен қарағаны жөн. Тарихшы туралы Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды. Тарихшы туралы Тіл - жазғыштардың тәлкегінен аман қалған тарихи ақпараттың ең бай резервуары. Тіл туралы Сөз көбіне-көп өзі өмірге келген тілде тұрақтамай, сырттан келген сөздермен (вокабул) алмастырылады. Бірақ мүлдем жойылып кетпейді басқа тілдерде жан сақтап, өмір сүре береді. Асыл сөз туралы Кез-келген тіл дерексіздікке (абстракция) құмар. Ал ең таза сөз жүйелілік және семантикалық тұрғыда монополиске айналған сөз. Асыл сөз туралы  «Төлтума мәдениет» деген патриоттық ұғымды әлдебір алыс мұхит төрінде сан ғасырлар бойы кеме зәкір (якорь) тастап көрмеген аралға қатысты ғана қолдануға болады. Мәдениет туралы Гүлденген мәдениет дегеніміз - сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады. Мәдениет туралы Жазба әдебиет тілі - мемлекеттіліктің бірінші айырым белгісі. Әдебиет туралы Өзіңді -өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де - қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады. Тарих туралы Данышпандар туралы зерде - олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ғана ел жадында сақталады. Дана, данышпан туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Сүлейменов Олжас (1936 ж.т.) - ақын, саяси және қоғам қайраткері, дипломат. Алматы қаласында туған. Әкесінің аты - Омар. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Тіл мен тарих, тюркология проблемалары салаларында әлем ғалымдарының назарын аударып, қызу ғылыми пікірталастар туғызған іргелі зерттеулердің авторы. Еңбектері дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.  

Менің дінім - махаббат.

Махаббат туралы

Тауларды аласартпай-даланы биіктетейік.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Ақиқат қашан да аңғал келеді.

Шындық, ақиқат туралы

Махаббаттың да өз теоретиктері мен практиктері болады.

Махаббат туралы

Еркіндік - жалаңаш.

Еркіндік туралы

Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз-әпсаналарынан іздеңіз.

Әдебиет туралы

Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері.

Мәдениет туралы

Мен әр халықтың ертегілерін оқуды ұнатамын: бұл ғажап ғадет - халықтар дүниетанымын ежелгі авторлар метафоралары арқылы тануға жатады.

Әдебиет туралы

Тарихшы ғылыми жаттандылық біткеннің бәріне күмәнмен қарағаны жөн.

Тарихшы туралы

Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды.

Тарихшы туралы

Тіл - жазғыштардың тәлкегінен аман қалған тарихи ақпараттың ең бай резервуары.

Тіл туралы

Сөз көбіне-көп өзі өмірге келген тілде тұрақтамай, сырттан келген сөздермен (вокабул) алмастырылады. Бірақ мүлдем жойылып кетпейді басқа тілдерде жан сақтап, өмір сүре береді.

Асыл сөз туралы

Кез-келген тіл дерексіздікке (абстракция) құмар. Ал ең таза сөз жүйелілік және семантикалық тұрғыда монополиске айналған сөз.

Асыл сөз туралы

 «Төлтума мәдениет» деген патриоттық ұғымды әлдебір алыс мұхит төрінде сан ғасырлар бойы кеме зәкір (якорь) тастап көрмеген аралға қатысты ғана қолдануға болады.

Мәдениет туралы

Гүлденген мәдениет дегеніміз - сан ғасырлар бойы өзге мәдениеттермен үздіксіз байланыс жасаудың жемісі. Тілге қатысты да осыны айтуға болады.

Мәдениет туралы

Жазба әдебиет тілі - мемлекеттіліктің бірінші айырым белгісі.

Әдебиет туралы

Өзіңді -өзің тану тәрізді, тарихты танып-білу де - қазіргі даму процесіне аса қажет әрекет. Ол - болмай қоймайтын жоғалтулар мұңын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді, сонымен бірге прогреске кең жол ашады.

Тарих туралы

Данышпандар туралы зерде - олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ғана ел жадында сақталады.

Дана, данышпан туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: