20 Мамыр 2013, 08:30
Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.
Тәуелсіздік туралы
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
Тәуелсіздік туралы
Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз.
Тәуелсіздік туралы
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.
Тәуелсіздік туралы
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
Тәуелсіздік туралы
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
Тәуелсіздік туралы
Тәуелсіздік— тарихтың мәңгіге берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.
Тәуелсіздік туралы
Тарих пен тіл – тамырлас.
Тіл туралы
Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөліп атар едім. Оның біріншісі, әрине, - ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз — сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі.
Тіл туралы
«Өз тілімізбен өмір сүрейік!» - бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!».
Тіл туралы
Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі — тіл.
Тіл туралы
Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.
Тіл туралы
Күшті ұлт болу үшін - алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Табысты дамуға қажетті шарт - бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Ең асыл қазына — бірлік.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны — ынтымақ үшін ымыраға бара алмау.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Евразия идеясы - мен үшін, ең алдымен, ынтымақтастық идеясы.
Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы