Нұрсұлтан Назарбаев-1

20 Мамыр 2013, 08:29

Саясаттың негізгі мақсаты — адам, қоғам, ел қамы. Қоғам, мемлекет, заман туралы Мұсылман діні мен христиан діні — Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты. Дін, иман туралы Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы мен діни сенім бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады. Дін, иман туралы Мен адам Құдайға жақын болу үшін оған қарай өмір бойы сапар шегуі керек дегенді жұбаныш етемін. Дін, иман туралы Жалтақтық пен жалпақшешейлікті суқаным сүймейді. Мінез-құлық туралы Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өнбойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына таң қаламын. Отан, туған жер туралы  Иә, мен біздің кең байтақ Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен әзіз аналардың мырыш табыт құшақтап отырып, егіліп перзенттерін жоқтағанын, жастардың жалыны тұтанбай жатып, қанаты қиылып, мүгедек болғанын, қариялар жермен жексен болған үйлерінің орнын іздеп шарқ ұрып, нақақтан көз жасын төккенін қаламаймын. Отан, туған жер туралы Ұлттың ұлы бақыты - Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тәуелсіз мемлекет болып қадам басты! Отан, туған жер туралы  Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе де жоқ. Тарихта талай дәуірлеген кездеріміз де болған. Талай басымыздан бақ ауып, кер кетірген замандарға да кез келгенбіз. Отан, туған жер туралы Шет елде білім алу, шетелдік болып кету деген сөз емес – отаныңа деген сүйіспеншілікті ешқашан да жоғалтуға болмайды. Отан, туған жер туралы  Отанды сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі. Отан, туған жер туралы  Отансыз адам - қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек. Отан, туған жер туралы Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет. Отан, туған жер туралы Жалпы екі заттан — діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей сақтанған жөн. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл - саясатшы даналығы дегеніміз де осы! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Өзгенің есебінен жақсы көрініп - жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы  Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Саясаттың негізгі мақсаты — адам, қоғам, ел қамы.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Мұсылман діні мен христиан діні — Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты.

Дін, иман туралы

Маған рухани күш, яғни адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы мен діни сенім бір-бірімен тығыз байланысып, қатар жүретін сияқты көрінеді де тұрады.

Дін, иман туралы

Мен адам Құдайға жақын болу үшін оған қарай өмір бойы сапар шегуі керек дегенді жұбаныш етемін.

Дін, иман туралы

Жалтақтық пен жалпақшешейлікті суқаным сүймейді.

Мінез-құлық туралы

Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өнбойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына таң қаламын.

Отан, туған жер туралы 

Иә, мен біздің кең байтақ Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен әзіз аналардың мырыш табыт құшақтап отырып, егіліп перзенттерін жоқтағанын, жастардың жалыны тұтанбай жатып, қанаты қиылып, мүгедек болғанын, қариялар жермен

жексен болған үйлерінің орнын іздеп шарқ ұрып, нақақтан көз жасын төккенін қаламаймын.

Отан, туған жер туралы

Ұлттың ұлы бақыты - Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тәуелсіз мемлекет болып қадам басты!

Отан, туған жер туралы 

Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе де жоқ. Тарихта талай дәуірлеген кездеріміз де болған. Талай басымыздан бақ ауып, кер кетірген замандарға да кез келгенбіз.

Отан, туған жер туралы

Шет елде білім алу, шетелдік болып кету деген сөз емес – отаныңа деген сүйіспеншілікті ешқашан да жоғалтуға болмайды.

Отан, туған жер туралы 

Отанды сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.

Отан, туған жер туралы 

Отансыз адам - қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.

Отан, туған жер туралы

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

Отан, туған жер туралы

Жалпы екі заттан — діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей сақтанған жөн.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өз қатеңді өзің түсініп, өзің түзете біл - саясатшы даналығы дегеніміз де осы!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Өзгенің есебінен жақсы көрініп - жарылқаушы атануға, ел мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: