Нұрсұлтан Назарбаев

20 Мамыр 2013, 08:29

Уақытты таңдамайды - онда өмір сүреді. Адам өмірі туралы Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген. Адам өмірі туралы Қазір - ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды. Адам өмірі туралы Ар-намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Ар-намыс, ұят туралы Демократия — оппозиция қызметіне жол ашу ғана емес, мемлекеттіліктің бір түрі, қоғамдық-саяси өмір ахуалының белгілі бір деңгейі. Қоғам, мемлекет, заман туралы Көпұлттылық — қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы. Қоғам, мемлекет, заман туралы Әр халықтың өз болашағын өзі таңдауға - сөзсіз құқы бар. Алайда оны жүзеге асыру - басқа этностардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс. Қоғам, мемлекет, заман туралы Ата заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз – елтаңба, туымыз бен әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта — теңгенің енгізілуі - Қазақстан мемлекеттілігі қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Қоғам, мемлекет, заман туралы Дүниеде қазақ деген ұлт - біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт- санасы мен әдет-ғұрпы да — жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып рухани қазынасы да — бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына. Қоғам, мемлекет, заман туралы Қазақстан жаңа мемлекет ретінде аузын аспанға білеген талай империяның, оның ішінде Оттаман, Австро-Венгрия, Кеңестер Одағы бар, тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Сен үшін шенеуінік шешім қабылдайтын қоғам — кешегі қоғам. Қоғам, мемлекет, заман туралы Ұлт өзінің мемлекетінсіз - ұлт болып өмір сүре алмақ емес. Қоғам, мемлекет, заман туралы Біз кедейлер мемлекеті болып көрдік. Мемлекет, ең алдымен,орта таптың — ермерлердің, «ақ жағалылар» мен «көк жағалылардың» интеллигендияның, ұсақ буржуазияның мүддесін білдіруге тиіс. Кезінде большевиктердің, осы топтардың бәріне ерекше шүйліккені тегін емес. Қоғам, мемлекет, заман туралы Саясат безбеншісі — ел. Қоғам, мемлекет, заман туралы Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы - халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру. Қоғам, мемлекет, заман туралы Мен бір нәрсені нық айтып, берік уәде бере аламын: Қазақстанда адамның еңсесін басатын мемлекет орнамайды. Қоғам, мемлекет, заман туралы  Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы 

Уақытты таңдамайды - онда өмір сүреді.

Адам өмірі туралы

Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.

Адам өмірі туралы

Қазір - ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Адам өмірі туралы

Ар-намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл.

Ар-намыс, ұят туралы

Демократия — оппозиция қызметіне жол ашу ғана емес, мемлекеттіліктің бір түрі, қоғамдық-саяси өмір ахуалының белгілі бір деңгейі.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Көпұлттылық — қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Әр халықтың өз болашағын өзі таңдауға - сөзсіз құқы бар. Алайда оны жүзеге асыру - басқа этностардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ата заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз – елтаңба, туымыз бен әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта — теңгенің енгізілуі - Қазақстан мемлекеттілігі қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Дүниеде қазақ деген ұлт - біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт- санасы мен әдет-ғұрпы да — жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып рухани қазынасы да — бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Қазақстан жаңа мемлекет ретінде аузын аспанға білеген талай империяның, оның ішінде Оттаман, Австро-Венгрия, Кеңестер Одағы бар, тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Сен үшін шенеуінік шешім қабылдайтын қоғам — кешегі қоғам.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ұлт өзінің мемлекетінсіз - ұлт болып өмір сүре алмақ емес.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Біз кедейлер мемлекеті болып көрдік. Мемлекет, ең алдымен,орта таптың — ермерлердің, «ақ жағалылар» мен «көк жағалылардың» интеллигендияның, ұсақ буржуазияның мүддесін білдіруге тиіс. Кезінде большевиктердің, осы топтардың бәріне ерекше шүйліккені тегін емес.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Саясат безбеншісі — ел.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы - халықты,

ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Мен бір нәрсені нық айтып, берік уәде бере аламын: Қазақстанда адамның еңсесін басатын мемлекет орнамайды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы 

Бөлісу: