Футболдың белгісіз ережелері

20 Мамыр 2013, 08:12

Футболдың адам санасына кiрiп-шықпайтын ережелерi де бар. Мәселен, бос қақпаға шабуылшы доп тепкен сәтте алаңға көрерменнiң бiрi жүгiрiп шығып, оны бөгеуге тырысса, бiрақ теңбiл снаряд бәрiбiр қақпа торынан табылса, мұндай жағдайда гол саналмайды. Ал егер доптың бағытына қосалқы құрамдағы жарақаттанған футболшылардың бiрi тосқауыл болуға тырысса, гол саналады. Мiне, №1 спорттың күлкiңдi келтiретiн осындай ережелерiн немiстердiң Вild басылымы терiп жазған екен. Солардың бiрқатарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрiп отырмыз. •Егер ойын басталмас бұрын ойыншы қарсыласын теуiп жiберсе, алаңнан қуылады. Дегенмен жаттықтырушы алаңнан қуылған футболшыны басқаойыншымен алмастыра алады. •Егер ойыншы қарсыласын алаңға шықпай тұрып теуiп жiберсе, оған қызылқағаз көрсетiлмейдi. Футболшы ойынға шыға бередi. Бiрақ бұл жайтхаттамаға енгiзiледi. •Ойын барысында қақпашы мен қорғаушы жейделерiн алмастырып, «Жаңақақпашы» өз айып алаңында допты қолмен тоқтатар болса, ойын жалғасабередi. Дегенмен доп тоқтатылғанда, екеуiне де ескерту қағазыкөрсетiледi. •Бұрыштама кезiнде қорғанушы жақтың ойыншысы биiк секiру үшiнкомандаласының көмегiне сүйенсе, спорттық ережеге жат қылықкөрсеткенi үшiн айып добы белгiленедi. •Гол соққан ойыншы жейдесiн шешiп, алаң жиегiндегi бөгеттен секiрiпкетсе, екi сары қағаз көрсетiлiп, бiрден ойыннан қуылады. •Футболшының бутсасы шешiлiп қалып, ол әрiптесiне пас берген болса,айып добы белгiленедi. •Допты ойынға ауттан қосқанда теңбiл снарядты қарсыласына әдейiлақтырса, төрешi айып добын белгiлейдi де, ойыншыны алаңнан қуады. •Допты ойынға ауттан қосқан ойыншы теңбiл снарядты алаңның арғыжиегiне асырып жiберсе, доп қайта ауттан лақтырылады. •Офсайд жасамақ оймен қорғаушы алаң шетiне шығып кеткен сәтте, ойыннан тыс қалған шабуылшы гол соққан болса, бұл гол саналады. Алқорғаушы ескерту қағазын алады. •Өз алаңында айып добын орындаған қорғаушы допты қақпашысына бергенсәтте, теңбiл снаряд өз қақпасына кiрiп кетсе, гол саналмайды.Шабуылдаушы команда бұрыштама добын орындайды. •Негiзгi және қосымша уақытта «А» командасының үш ойыншысы алаңнанқуылған болса, матч соңындағы пенальти кезiнде «Б» командасыныңбапкерi пенальтиге қатыспайтын үш ойыншысын анықтайды. •Айып добы кезiнде төрешi қолын көтерудi ұмытып кетсе, ал доп ешкiмгетимей, қақпа торынан табылса, гол саналмайды. Айып добы қайтаорындалады.

Футболдың адам санасына кiрiп-шықпайтын ережелерi де бар. Мәселен, бос қақпаға шабуылшы доп тепкен сәтте алаңға көрерменнiң бiрi жүгiрiп шығып, оны бөгеуге тырысса, бiрақ теңбiл снаряд бәрiбiр қақпа торынан табылса, мұндай жағдайда гол саналмайды. Ал егер доптың бағытына қосалқы құрамдағы жарақаттанған футболшылардың бiрi тосқауыл болуға тырысса, гол саналады. Мiне, №1 спорттың күлкiңдi келтiретiн осындай ережелерiн немiстердiң Вild басылымы терiп жазған екен. Солардың бiрқатарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрiп отырмыз.

•Егер ойын басталмас бұрын ойыншы қарсыласын теуiп жiберсе, алаңнан қуылады. Дегенмен жаттықтырушы алаңнан қуылған футболшыны басқаойыншымен алмастыра алады.

•Егер ойыншы қарсыласын алаңға шықпай тұрып теуiп жiберсе, оған қызылқағаз көрсетiлмейдi. Футболшы ойынға шыға бередi. Бiрақ бұл жайтхаттамаға енгiзiледi.

•Ойын барысында қақпашы мен қорғаушы жейделерiн алмастырып, «Жаңақақпашы» өз айып алаңында допты қолмен тоқтатар болса, ойын жалғасабередi. Дегенмен доп тоқтатылғанда, екеуiне де ескерту қағазыкөрсетiледi.

•Бұрыштама кезiнде қорғанушы жақтың ойыншысы биiк секiру үшiнкомандаласының көмегiне сүйенсе, спорттық ережеге жат қылықкөрсеткенi үшiн айып добы белгiленедi.

•Гол соққан ойыншы жейдесiн шешiп, алаң жиегiндегi бөгеттен секiрiпкетсе, екi сары қағаз көрсетiлiп, бiрден ойыннан қуылады.

•Футболшының бутсасы шешiлiп қалып, ол әрiптесiне пас берген болса,айып добы белгiленедi.

•Допты ойынға ауттан қосқанда теңбiл снарядты қарсыласына әдейiлақтырса, төрешi айып добын белгiлейдi де, ойыншыны алаңнан қуады.

•Допты ойынға ауттан қосқан ойыншы теңбiл снарядты алаңның арғыжиегiне асырып жiберсе, доп қайта ауттан лақтырылады.

•Офсайд жасамақ оймен қорғаушы алаң шетiне шығып кеткен сәтте, ойыннан тыс қалған шабуылшы гол соққан болса, бұл гол саналады. Алқорғаушы ескерту қағазын алады.

•Өз алаңында айып добын орындаған қорғаушы допты қақпашысына бергенсәтте, теңбiл снаряд өз қақпасына кiрiп кетсе, гол саналмайды.Шабуылдаушы команда бұрыштама добын орындайды.

•Негiзгi және қосымша уақытта «А» командасының үш ойыншысы алаңнанқуылған болса, матч соңындағы пенальти кезiнде «Б» командасыныңбапкерi пенальтиге қатыспайтын үш ойыншысын анықтайды.

•Айып добы кезiнде төрешi қолын көтерудi ұмытып кетсе, ал доп ешкiмгетимей, қақпа торынан табылса, гол саналмайды. Айып добы қайтаорындалады.

Бөлісу: