Иттер көрмесінде қазақ тазысы жеңімпаз болды

20 Мамыр 2013, 03:58

Өскемен қаласында асыл тұқымды иттердің «Рудный Алтай-2013» ұлттық көрмесі аяқталды, деп хабарлайды Altaynews.kz. Әртүрлі тұқымды 134 ит талқыға түскен сайыста сирек кездесетін қазақ тазысы Алсу «Қазақстанның мақтанышы» атанған. Көрмеге көпшілікке танымал боксер, неміс овчаркасы, чау-чау тұқымдарынан басқа Қазақстан үшін бейтаныс вельш-корги пемброк, ньюфаунленд, ксолоитцкуинтли, қазақ тазысы, ши-тцу, стаффордшир бультерьері, мальтезе, веймаранер и ирландтық қызыл сеттер сияқты сирек кездесетін тұқымдар қатысты. Иттердің ерекшеліктері халықаралық кинология федерациясы бекіткен стандарт бойынша анықталды. Жеті қазынаның бірі атанған мақұлықтардың сырт бейнесімен қоса темпераменті де назардан тыс қалмады. «Менің Алсуым бүгін «Қазақстан мақтанышы» атағын иеленді, қазақ тазысы. Ол Қазақстанның жас чемпионы. Біз бүкіл республиканы аралап шықтық, 20-дан астам наградамыз бар. Оның анасы да чемпион», дейді жеңімпаздың иесі Елена Хардина. Сонымен қатар көрмеде ең үлкен және ең кішкене иттер де анықталды. Ең жеңіл салмақ иесі – салмағы 1 килограмм 540 грамм тартқан Брюлик есімді чихуахуа иті болды. Ең ауыр салмақ 74,5 килограмдық ортаазиялық арланға тиесілі. Baq.kz.

Өскемен қаласында асыл тұқымды иттердің «Рудный Алтай-2013» ұлттық көрмесі аяқталды, деп хабарлайды Altaynews.kz. Әртүрлі тұқымды 134 ит талқыға түскен сайыста сирек кездесетін қазақ тазысы Алсу «Қазақстанның мақтанышы» атанған.

Көрмеге көпшілікке танымал боксер, неміс овчаркасы, чау-чау тұқымдарынан басқа Қазақстан үшін бейтаныс вельш-корги пемброк, ньюфаунленд, ксолоитцкуинтли, қазақ тазысы, ши-тцу, стаффордшир бультерьері, мальтезе, веймаранер и ирландтық қызыл сеттер сияқты сирек кездесетін тұқымдар қатысты.

Иттердің ерекшеліктері халықаралық кинология федерациясы бекіткен стандарт бойынша анықталды. Жеті қазынаның бірі атанған мақұлықтардың сырт бейнесімен қоса темпераменті де назардан тыс қалмады.

«Менің Алсуым бүгін «Қазақстан мақтанышы» атағын иеленді, қазақ тазысы. Ол Қазақстанның жас чемпионы. Біз бүкіл республиканы аралап шықтық, 20-дан астам наградамыз бар. Оның анасы да чемпион», дейді жеңімпаздың иесі Елена Хардина.

Сонымен қатар көрмеде ең үлкен және ең кішкене иттер де анықталды. Ең жеңіл салмақ иесі – салмағы 1 килограмм 540 грамм тартқан Брюлик есімді чихуахуа иті болды. Ең ауыр салмақ 74,5 килограмдық ортаазиялық арланға тиесілі.

Baq.kz.

Бөлісу: