Еуровидение-2013 байқауында Эммили де Форест жеңіске жетті

19 Мамыр 2013, 06:27

Кеше, 18 мамырда Швецияның Мальме қаласында Еуропадағы басты музыкалық байқау - "Еуровидение-2013"-тің финалы болып өтті. Ақтық сында 26 үміткер өнер көрсетіп, бәсекеге түсті.   Халықаралық байқауда жүзден жүйрік шыққан даниялық әнші Эммили де Форест Only Teardrops әнімен бірінші орынды алды. Ол 281 дауыс жинады.   Екінші орын 234 балл алған Әзірбайжан әншісі Фарид Мамедовқа бұйырды.    Үшінші орынды 214 балл жинаған украиндық Злата Огневич иеленді.   Төртінші орын норвегиялық Маргарет Бергердің еншісінде кетті. Ол  191 ұпай жинады.    Бесінші орын 174 балл алған Ресей әншісі Дина Гарипова берілді.   Байқау жеңімпазы - 20 жастағы Эммили де Форест Дания қаласы Раннерсте (Ютландия түбегі) туған. Ол 9 жасынан шіркеу және басқа да хорларда ән айта бастаған. 14 жасынан бастап ол төрт жыл бойы шотландиялық Нил Фрейзермен бірге Данияны гастролдік сапармен аралап, өнер көрсеткен. 2011 жылы ол Копенгаген вокальдық шеберлік институтына түскен. Baq.kz

Кеше, 18 мамырда Швецияның Мальме қаласында Еуропадағы басты музыкалық байқау - "Еуровидение-2013"-тің финалы болып өтті. Ақтық сында 26 үміткер өнер көрсетіп, бәсекеге түсті.

 

Халықаралық байқауда жүзден жүйрік шыққан даниялық әнші Эммили де Форест Only Teardrops әнімен бірінші орынды алды. Ол 281 дауыс жинады.
 
Екінші орын 234 балл алған Әзірбайжан әншісі Фарид Мамедовқа бұйырды. 
 
Үшінші орынды 214 балл жинаған украиндық Злата Огневич иеленді.
 
Төртінші орын норвегиялық Маргарет Бергердің еншісінде кетті. Ол  191 ұпай жинады. 
 
Бесінші орын 174 балл алған Ресей әншісі Дина Гарипова берілді.
 
Байқау жеңімпазы - 20 жастағы Эммили де Форест Дания қаласы Раннерсте (Ютландия түбегі) туған. Ол 9 жасынан шіркеу және басқа да хорларда ән айта бастаған. 14 жасынан бастап ол төрт жыл бойы шотландиялық Нил Фрейзермен бірге Данияны гастролдік сапармен аралап, өнер көрсеткен. 2011 жылы ол Копенгаген вокальдық шеберлік институтына түскен.
Baq.kz
Бөлісу: