Дэвид Бекхэм үлкен спортпен жылап қоштасты

19 Мамыр 2013, 06:23

Францияның ПСЖ ("Пари Сен-Жермен") клубының футболшылары мен жанкүйерлері кәсіби спорттан кеткен футболшы Дэвид Бекхэммен қоштасу шарасын өткізді, деп хабарлайды BBC Russian.   «Брестпен» болған соңғы маусымдық матч ПСЖ жеңісімен аяқталды, есеп:3:0. Осы ойын соңына таман әйгілі футболшыны үлкен спорттан шығарып салу рәсімі өтті. Жанкүйерлердің қошеметіне жаны толқыған Бекхэм көз жасын жасыра алмады.   38 жастағы Бекхэм бұл шешімі жөнінде 16 мамырда мәлімдеген болатын. Спорттың осы саласындағы 22 жылдық карьерасында ол "Манчестер Юнайтед", "Престон Норт Энд", "Реал Мадрид", "Милан" және "Лос-Анджелес Гэлакси" клубтарында өнер көрсетті.  Baq.kz

Францияның ПСЖ ("Пари Сен-Жермен") клубының футболшылары мен жанкүйерлері кәсіби спорттан кеткен футболшы Дэвид Бекхэммен қоштасу шарасын өткізді, деп хабарлайды BBC Russian.

 

«Брестпен» болған соңғы маусымдық матч ПСЖ жеңісімен аяқталды, есеп:3:0. Осы ойын соңына таман әйгілі футболшыны үлкен спорттан шығарып салу рәсімі өтті. Жанкүйерлердің қошеметіне жаны толқыған Бекхэм көз жасын жасыра алмады.
 
38 жастағы Бекхэм бұл шешімі жөнінде 16 мамырда мәлімдеген болатын. Спорттың осы саласындағы 22 жылдық карьерасында ол "Манчестер Юнайтед", "Престон Норт Энд", "Реал Мадрид", "Милан" және "Лос-Анджелес Гэлакси" клубтарында өнер көрсетті. 
Baq.kz
Бөлісу: