БҚО-да азамат соғысынан қалған снаряд табылды

18 Мамыр 2013, 08:27

15 мамыр күні Зеленов ауданы Зеленый ауылынан 1 шақырым жерден егістік жұмыстарын жүргізу кезінде азамат соғысынан қалған снарядқа ұқсас зат табылды.  Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оның ұзындығы 250 мм, диаметрі 76 мм, бірақ басында жарылғышы жоқ болып шықты. Табылған снарядты аталған ауылдан 5 шақырым аулақта БҚО ІІД «Арлан» бөлінісінің саперлері барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жойды. Қазақпарат

15 мамыр күні Зеленов ауданы Зеленый ауылынан 1 шақырым жерден егістік жұмыстарын жүргізу кезінде азамат соғысынан қалған снарядқа ұқсас зат табылды. 

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оның ұзындығы 250 мм, диаметрі 76 мм, бірақ басында жарылғышы жоқ болып шықты.

Табылған снарядты аталған ауылдан 5 шақырым аулақта БҚО ІІД «Арлан» бөлінісінің саперлері барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жойды.

Қазақпарат

Бөлісу: