АЛМА КҮЗДІКБАЕВА:
Бізде міндетті түрде қымыз, шұбат, саумалдан басталады мәзіріміз.
Келушілердің де саны көп. Сәлім Болатбеков Талдықорған тумасы. Қазір Ресей азаматтығын алған. Дегенмен ұлттық тағам мен қымыздың исін бір сәтке де естен шығарған емеспін дейді.
СӘЛІМ БОЛАТБЕКОВ:
Келген бетте қымыз бен сірнені іздеймін.
«Қымызхана» жергілікті тұрғындардың да көңілінен шыққан. Көпшілік "Құдалық", "қыз ұзату" "Тұсау кесер" сияқты отбасылық қуаныштарын осында атап өтеді.
ТАЛҒАТ АЛАБАЕВ, Алматы облысы ауылшаруашылық басқармасының маманы:
Былтыр 709 литр қымыз сатылды. 441 литр шұбатты қосқанда 459 миллион теңге кіріс кірген. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
Қазір Алматы аймағында жүзге тарта киіз үй орнатылды. Жұмыс күші де аз емес. 400 адам. Ал жергілікті биліктегілер қымызханалар арасында жылына бір рет жарыстар өткізіп тұрады. Жеңімпазға жарты миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі.