Міржақып Дулатов

17 Мамыр 2013, 08:44

Дулатов Міржақып (1885-1935) - ағартушы, ақын, публицист, мемлекеттік тәуелсіздік жолында күрескен саяси қайраткер, тоталитарлық жүйе құрбаны. 1909 жылы Уфада басылған «Оян, қазақ» жинағы үшінтүрмеге қамалады. Қызылжарда бала оқытып, М.Жұмабаевқа орыс тілінен дәріс берген. «Бақытсыз Жамал» романының авторы.   Әкеде де - әке, балада да - бала бар. Адам өмірі туралы   Ақиқат жеңер жалғанды. Ақыл-ой туралы   Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар. Асыл сөз туралы   Ел шауып, кісі өлтірген боп па батыр. Батырлық, ерлік туралы   Дос емес дос сыртынан жамандаған. Достық туралы   Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті. Қоғам, мемлекет, заман туралы   Заманның көз сал халіне. Халқыңның ойла пайдасын, Өзің үшін налыма... Басыңды тік бәйгеге, Бір халқыңның қамына... Қиянаттан бой тартып, Шық әділет жағына. Қоғам, мемлекет, заман туралы   Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде. Қоғам, мемлекет, заман туралы   Кешегі қара күндерде, Жұлдызсыз, айсыз түндерде, Жол таба алмай сенделіп, Адасып алаш жүргенде, Бұл күнгі көп көсемдер, Сұраймын сонда қайда едің? Қоғам, мемлекет, заман туралы   Артықтан - тағылым ал, кемге - үйрет. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы   Көзінді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы   Көздің жасын құрғатар жігіт қайда, Таршылықта қазақ тұр біздің жылап. Жүріп, жастар, араға - жақындастыр, Біздің халық өнерден жатыр жырақ. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы   Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой, Қатардан сол себепті қалыппыз ғой. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы   Алыстан «Алаш» десе - аттанамын, Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын. Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын! Тәуелсіздік туралы   Қазақта жазылмайтын бір ауру бар - Келмейді мінін айтсаң жаратқысы. Мінез-құлық туралы    Әркім өз қолынан келгенше жомарт. Мінез-құлық туралы   Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді, Осылай шежіреден көрінеді. Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос, Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді. Шет шығып сахарадан баспас қадам, Болады бүйтіп жүріп қашан адам? Бейхабар ғаламдағы хикматтан, Тұтқындай қапастағағы күні қараң. Ғылым-білім, өнер туралы   Ғылым үйрен - көзің ашылады. Ғылым-білім, өнер туралы   Өзің білгенінді - халқыңа үйрет. Ғылым-білім, өнер туралы   Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ. Ғылым-білім, өнер туралы   Дариға, жігіт қайда өнер тапқан, Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан? Ғылым-білім, өнер туралы   Білгенге - қиын емес кету байып. Байлық, кедейлік туралы   Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға. Байлық, кедейлік туралы   Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұлсипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс. Ар-намыс, ұят туралы   Айнымай тұтқан жолың болсын мынау - Азаттық, ағайындық, тендік сұрау. Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң, Борышы адамдықтың сонда тұр-ау. Адамгершілік туралы   Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс. Адамгершілік туралы   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.

Дулатов Міржақып (1885-1935) - ағартушы, ақын, публицист, мемлекеттік тәуелсіздік жолында күрескен саяси қайраткер, тоталитарлық жүйе құрбаны. 1909 жылы Уфада басылған «Оян, қазақ» жинағы үшінтүрмеге қамалады. Қызылжарда бала оқытып, М.Жұмабаевқа орыс тілінен дәріс берген. «Бақытсыз Жамал» романының авторы.

 

Әкеде де - әке, балада да - бала бар.

Адам өмірі туралы

 

Ақиқат жеңер жалғанды.

Ақыл-ой туралы

 

Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар.

Асыл сөз туралы

 

Ел шауып, кісі өлтірген боп па батыр.

Батырлық, ерлік туралы

 

Дос емес дос сыртынан жамандаған.

Достық туралы

 

Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 

Заманның көз сал халіне.

Халқыңның ойла пайдасын,

Өзің үшін налыма...

Басыңды тік бәйгеге,

Бір халқыңның қамына...

Қиянаттан бой тартып,

Шық әділет жағына.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 

Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 

Кешегі қара күндерде,

Жұлдызсыз, айсыз түндерде,

Жол таба алмай сенделіп,

Адасып алаш жүргенде,

Бұл күнгі көп көсемдер,

Сұраймын сонда қайда едің?

Қоғам, мемлекет, заман туралы

 

Артықтан - тағылым ал, кемге - үйрет.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Көзінді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Көздің жасын құрғатар жігіт қайда,

Таршылықта қазақ тұр біздің жылап.

Жүріп, жастар, араға - жақындастыр,

Біздің халық өнерден жатыр жырақ.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой,

Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

 

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,

Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.

Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Тәуелсіздік туралы

 

Қазақта жазылмайтын бір ауру бар -

Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

Мінез-құлық туралы

  

Әркім өз қолынан келгенше жомарт.

Мінез-құлық туралы

 

Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,

Осылай шежіреден көрінеді.

Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос,

Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді.

Шет шығып сахарадан баспас қадам,

Болады бүйтіп жүріп қашан адам?

Бейхабар ғаламдағы хикматтан,

Тұтқындай қапастағағы күні қараң.

Ғылым-білім, өнер туралы

 

Ғылым үйрен - көзің ашылады.

Ғылым-білім, өнер туралы

 

Өзің білгенінді - халқыңа үйрет.

Ғылым-білім, өнер туралы

 

Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ.

Ғылым-білім, өнер туралы

 

Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,

Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?

Ғылым-білім, өнер туралы

 

Білгенге - қиын емес кету байып.

Байлық, кедейлік туралы

 

Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға.

Байлық, кедейлік туралы

 

Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұлсипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.

Ар-намыс, ұят туралы

 

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -

Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.

Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,

Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.

Адамгершілік туралы

 

Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс.

Адамгершілік туралы

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.

Бөлісу: