ФИФА (фр. Fédération Internationale de Football Association — 'FIFA) — Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы, халықаралық басқару ұйымы.
Бас кеңсесі Швейцариялық Цюрихте орналасқан, бұл ұйымды Йозеф «Зепп» Блаттер (Joseph Blatter) басқаруда. ФИФА ірі халықаралық футбол додаларын, негізінен 1930 жылдан бері ұйымдастырылатын ФИФА әлем кубогін, басқарып, ұйымдастыруға жауап бередi.
ФИФА-ға 208 ассоциация мүшелері кiредi, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелер санынан 16-ға, ал Халықаралық олимпиада комитетi мүшелері санынан 3-ке артық.
|
Аты |
Елі |
Басқарған уақыты |
|
|
1. |
1904—1906 |
||
|
2. |
1906—1918 |
||
|
3. |
1921—1954 |
||
|
4. |
1954—1955 |
||
|
5. |
1955—1961 |
||
|
6. |
1961—1974 |
||
|
7. |
1974—1998 |
||
|
8. |
1998-қазіргі уақытқа дейін |
· Азия футбол конфедерациясы — Азия және Аустралия.
· Африка футбол конфедерациясы — Африка.
· КОНМЕБОЛ — Онтүстік Америка футбол конфедерациясы — Онтүстік Америка.
· КОНКАКАФ — Солтүстік және Орталық Америка, Кариб бассейнің елдерінің футбол конфедерациясы — Солтүстік Америка және Орталық Америка.
· Океания футбол конфедерациясы — Океания.
· УЕФА — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы — Еуропа.
Азия мен Еуропа құрлықтарының екеуінде де орналасқан мемлекеттер конфедерациясын өздері таңдаған. Олар ішінде Ресей, Түркия, Қазақстан, Израиль. УЕФА-ға соңғы мемлекет,Черногория, 2007 жылы қосылған.
Гайана және Суринам КОНКАКАФ мүшелері болғанымен, олар Онтүстік Америкада орналасқан.
Аустралия 2006 жылдан бастап Океаниядан Азия футбол конфедерациясына көшті. Себебі Аустралия құрамасының құрлықтың басқа командаларынан тым мықты болғаны.
Қазіргі уақытта ФИФА-ға 208 ұлттық қауымдастық кірген. Ай сайын ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының рейтингі жарияланады.
Дереккөзі: kk.wikipedia.org